Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тест

Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Гаметогенездің бастапқы көбею кезеңінде жыныс жасушаларын ________ деп атайды.

  • сперматогония және овогония
  • сперматоцит және овоцит
  • сперматозоид
  • жұмыртқа жасушасы

2. Өсу кезеңінде ________ үдеріс жүреді.

  • жасушалар көлемі бойынша өсіп, сперматогония мен овогонияға айналады
  • жасушалар көлемі бойынша өспейді, сперматогония мен овогонияға айналады
  • жасушалар көлемі бойынша өсіп, I ретті сперматоциттер мен овоциттерге айналады
  • жасушалар көлемі бойынша өсіп, IІ ретті сперматоциттер мен овоциттерге айналады

3. Жетілу кезеңінде бір I ретті сперматоциттен ________ сперматид пайда болады.

  • 2
  • 4
  • 6
  • 1

4. Акросома дегеніміз ________.

  • құрамында нәруыздары бар түрі өзгерген лизосома
  • құрамында липидтер бар түрі өзгерген лизосома
  • құрамында жұмыртқа жасушасын ерітетен ферменттері бар түрі өзгерген лизосома
  • құрамында көмірсулар бар түрі өзгерген лизосома

5. Эмбриондық кезеңде ұрықтың қоректенуін қамтамасыз етеді ________.

  • сары уыз
  • фолликула
  • цитоплазма
  • нәруыз

6. Даму – бұл:

  • Гаметогенез үдерісі;
  • Генетикалық ақпараттың ата-анадан ұрпаққа берілуі арқылы жүретін түрдің үздіксіз тіршілік әрекеті;
  • Жыныс жасушалрының түзілуі;
  • Ағзаның зигота сатысынан ересек дараққа дейінгі тіршілік әрекеті.

7. Гаметогенез – бұл:

  • Ұрықтану үдерісі;
  • Жыныс жасушаларының өсуі, дамуы және көбеюі;
  • Тек аналық жыныс жасушаларының түзілуі;
  • Ағзаның жеке дамуы.

8. Құрамында қор заттары сақталатын ірі, қозғалмайтын жыныс жасушасы:

  • Аутосома;
  • Сперматозоид;
  • Нейрон;
  • Жұмыртқа жасуша.

9. Зигота – бұл:

  • Аутосома;
  • Сперматозоид басы;
  • Соматикалық жасуша;
  • Ұрықтанған жұмыртқа жасуша.

10. Ұрықтану үдерісі нәтижесінде ________.

  • зигота түзілмейді
  • аталық және аналық гаметалардың қосылуы жүреді
  • гаплоидты жасуша пайда болады
  • гаметалар дамиды

11. Сырттай ұрықтану қандай ағзаға тән?

  • Маймылдар
  • Пілдер
  • Тасбақалар
  • Балықтар

12. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым кім?

  • С. Г. Навашин
  • Роберт Гук
  • Г. Мендель
  • Н. И. Вавилов

13. Диплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша.

  • Гамета
  • Спора
  • Сперма
  • Зигота

14. Қосарлы ұрықтану үдерісінде қанша спермия қатысады?

  • 2
  • 1
  • 3
  • 4

15. Гүлді өсімдіктерде ұрықтану үдерісінен бұрын жүзеге асады:

  • тозаңдану
  • жемістің жетілуі
  • жұмыртқа жасушасының ұрық қапшығынан шығуы
  • тұқымбүршіктің дамуы

16. Ұрықтану – бұл:

  • аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы арқылы зиготаның түзілуі
  • тұқымдардың жетілуі
  • жыныс жасушаларының жетілу үдерісі
  • аналық жыныс жасушаларының түзілуі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу