Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

10.3А Жасушалық цикл Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Оқушылар ..

өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіре алады

Сабақ мақсаты

- өсімдіктердегі спорогенез сатыларын сипаттайды;

- өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезін салыстырады;

- өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде гаметогенездің биологиялық маңызын түсіндіреді

Жетістік критерийі

1) өсімдіктердің көбеюінде спорогенездің басты рөлін атайды;

2) спорогенез және гаметогенез үрдістеріне сипаттама береді;

3) өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезін салыстырады;

5) өсімдіктер мен жануарларда жыныс жасушаларының түзілу үрдісінің биологиялық маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика:

  • көбею, жыныстық көбею, жыныссыз көбею, спорангий, спорофит, гаметофит, гаметалар, спермия (сперматозоид), жұмыртқа жасушасы, ұрықтану, спора түзілу, гаметогенез, спорогенез

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Өсімдіктердің спорогенез сатыларына … жатады;

Спорогенездің гаметогенезден айырмашылығы .... болып табылады;

Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының биологиялық маңызы .....

Жануарлар гаметогенезінің биологиялық маңызы ……

Жануарлар гаметогенезінің нәтижесінде .... түзіледі.

Құндылықтарды дарыту

Топта бірге жұмыс орындау ашықтық және жауапкершілікті, ал тыңдалым көшбасшылық кабілеттерін дамытады

Пәнаралық байланыстар

Экология (тірі ағзалардың көптүрлілігі)

АКТ пайдалану дағдылары

Оқу үдерісін презентациясы, оқу фильмдерді көрнекілеу.

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Тірі ағзалардың көбею түрлері (8 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақ басы

5-10 минут

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Мұғалім оқушылардың назарына тірі ағзалардің ең маңызды қасиеттірінің бірі – көбею, сонымен қатар ол үрдіс негізінде өсімдіктер және жануарлар ағзаларында жыныс жасушалырының түзілуі кезеңдерін айтып келтіреді.

Дүние жүзіндегі ағзалар минут сайын әр түрлі себептерге байланысты тіршілігін жойып отырады, бірақ осыған қарамастан, Жер шарындағы тіршілік тұрақты болады. Осы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі тірі ағзалардың көбею қарқынына байланысты. Ағзалардың көбеюі алуан түрлі болып келеді, бірақ оларды топтастырып жыныссыз және жынысты жолмен көбею деп екіге бөлеміз. Жынысты жолмен көбею аналық және аталық гаметалардың қосылып, зигота түзілуіне байланысты, яғни ағза үрықтанған бір жасушадан дамиды.

Мұғалім оқушылардан сұрайды:

  • Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

3. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтайды, сабақ мақсаты мен жетістік критерийлерін қалыптастырады.

Оқу презентациясы

Сабақ ортасы

10-15 минут

15-20 минут

20-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

1. Мұғалім оқушыларға "гаметогенез", "спорогенез" ұғымына анықтама беру ұсынады, содан кейін слайд арқылы өз анықтамасын көрсетіп, оқушылар жазып алады.

2. Мұғалім өсімдіктердің көбею тәсілдері туралы бейнеүзінді көрсетеді, оқушыларға сұрақ қояды, олар жауап беру қажет.

3. Өзара жұптық талқылаулар өткізіліп, содан мұғаліммен бірге талқылау жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың назарына бейнематериалда айтылған жаңа терминдерді ұсынады. Мұғалім қысқаша түрде өсімдіктедегі спорогенез, өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез үрдістерін түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын игеру ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім жаңа терминдер мен оның анықтамалары көрсетілген дайын карточкалар үйлестіреді. Дифференция жасау арқылы қабілетті оқушыларға термин мен оның анықтамасын сәйкестендіріп тауып алатын карточка беріледі.

5. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұптасып берілген тапсырманы орындайды. Орындалған тапсырманы келесі басқа жұп тексеріп, өзара тексеріс жүргізіледі.

6. Қалыптастырушы бағалау.

Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі.

Оқу презентациясы

bilimland.kz сайты

 

 

Оқу презентациясы

Тапсырма 1-2.

Тапсырма 3.

Сабақ соңы

35-40 минут

Кері байланыс:

«Кері байланыс пирамидасы»

  • Мен үйренген төрт мәлімет .....
  • Мен білген үш мәлімет ......
  • Менің көбірек білгім келген екі мәлімет ....
  • Есте сақтау керек бір маңызды мәлімет

Үй тапсырмасы:

Спорогенез, гаметогенез үрдістерін қайталау.

Стикер

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы

Барлық оқушылар:

Қорыту, абсорбция, ассимиляция мен ішектен бөліп шығару үдерістерін сипаттай алады

Оқушылардың көп бөлігі:

Асқорыту үдерістері мен мүшелерді байланыстырып талдайды

Кейбір оқушылар:

Бұл процестердің биологиялық маңызы түсіндіреді

Қосымша ақпараттар, оқулықтар, ссылкалар мен веб-сайттар түрінде қолдау көрсетіледі.

(1) Ой шақыру кезеңінде сұрақтарға жауап беру арқылы өзін-өзі бағалайды, ЖАДА анықтайды.

(2) Жұптық жұмыс нәтижесін өзара бағалайды

(3) Қалыптастырушы бағалау

Денсаулықты сақтау техникасы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты болды ма?/шындықпен үйлеседі ме?

Барлық оқушылар оқу мақсаты бойынша жетті ме?

Жетпесе не себепті?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме?

Сабақ уақытша кезеңдері тұрақты болды ма?

Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды ма? Неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз ойыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу