Жасушалық цикл және ДНҚ митоздың кезеңдерін сипаттау. (LW ) № 16 Зертханалық жұмыс. « Пияз жасушасындағы митоз фазаларын дайын микропрепараттар арқылы зерттеу». Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты -жөні_______________________ Класы________ Күні_________
« Зертханалық жұмыс № 16 « Пияз тамыры жасушасындағы митоз фазаларын дайын микропрепараттар арқылы зерттеу»у.
Теория
Өсімдіктер, жануарлар және басқа эукариоттық ағзаларда генетикалық ақпарат ДНҚ молекулаларында немесе хромосомаларда сақталады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Мысалы, әрбір адам жасушасында 46 хромосома бар, ал пияз жасушасында 8 хромосома болады. Барлық жасушалар бөліну кезінде ДНК-ын еселенуі жүреді. ДНҚ репликациялану кезінде ДНҚ-ның екі спиралі екі шиыршықтарды бөліп, әрқайсысының бастапқысынан екі бірдей ДНҚ молекуласын беретін жаңа қосымша тізбек пайда болады.
Митоз профаза, метафаза, анафаза және телофаза сияқты бірнеше кезеңнен өтеді. Митоз соңында цитоплазманың нақты бөлінуі цитокинез жүреді және ол телофаза кезіндегі процесс.
Митоз этаптары:
Профаза. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды.Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді.
Meтафаза.Полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады.
Анафаза. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен бұл кезеңінде екі еселенген хромосомалара хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды.
Телофаза. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді.Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды.
Болжам: егерде, пияз тамырларының уақытша препаратын дайындасақ , немесе дайын микропрепараттарды зерттесек онда ..........
Зертханалық жұмыстың мақсаты:
Митоз фазаларын ажырата алады;
Митоз фазаларының сұлбасының суретін сала алады;
Дайын микропрепараттар арқылы митоз фазаларын зерттей алады;
Митоз фазаларын және биологиялық маңыздылығын сипаттай алады.
Құрал-жабдық: микроскоп, пияз тамырларының дайын микропрепараттары. Пияз тамырының митоздық бөліну процестерінің микрофотографиялары.
Техника қауіпсіздігі:
- Зертханалық құрал-жабдықтармен (шыны микропрепараттар) техника қаупсіздігін сақтау.
- Микроскоп, электрошнурлармен жұмыс жасаудағы техника қаупсіздігі.
- Зертханалық киім кию, резина қолғаппен жұмыс жасау.
I. Пияз тамырындағы митозды микроскоп арқылы зерттеу.
Не үшін пияз тамырларын зерттейміз? • Тамырлар өте тез және көп мөлшерде өседі. • Тамыр ұшындағы жасушалар тез бөлінеді сондықтан олардағы митоз фазаларын көруге болады. • Хромосомаларды бояуға болады олар сол кезде анық көрінеді. Хромосомалар қалыпты жағдайда көрінбейді, митоздық бөліну кезінде ДНҚ шиыршықтанып тығыздалады, сол себептен көріне басталады. |
тамырдың өсу аймағы жасуша бөліну аймағы тамыр оймақшасы |
1.Пияз тамырларының дайын микропрепаратын микроскоппен зерттеу.
Сурет1.
Пияз тамырының дайын микропрепаратын микроскоп арқылы зерттеу Микроскоптың позициясын 10x көруге бағыттаңыз. Көлемге қатысты ірі ядролары бар аймақты іздеңіз; осы жасушалар арасында митоз кезеңдері байқалатын жасушалар анықталады. Мысалдар жоғарыдағы суретте көрсетілген (Cурет 1). Жақын арада бақылау жасау үшін 40X объективін қосыңыз. Төмендегі кестеде зерттеген, бақыланғанды нәтижелеріңізді жазыңыз. |
II. Нәтижелер
1. Микроскоппен зерттелген пияз тамырының жасушаларындағы митоз фазаларының суреттерін салу.
2. Жасулардағы митоз фазаларының кандай ерекшеліктерін байқадыңыздар?Оларды төмендегі кестеге толтырыңыздар.
Кесте1.
Митоз фазалары және ондағы құбылыстар
Митоз фазалары |
| ||||
профаза | |||||
метафаза | |||||
анафаза | |||||
тeлофаза |
Митоздың биологиялық маңыздылығытуралы қорытындылар :
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Сұрақтар:
1.(а) Микрофотографияда пияз тамырындағы митоз көрсетілген. Кейбір жасушаларда митоз бөлінуі фазалары бейнеленген.
Суретте көрсетілген А – D әріптермен бегіленген митоз фазаларының қайсысы төмендегі фазаларда екенін анықтаңыз :
(i) профазада ______________________________________________________________
(ii) анафазада ______________________________________________________________ [2]
(б) В жасушасындағы құбылысты сипаттаңыз:
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….
[2]
2. Жасуша бөлінуі аяқталғасын жасушалар жасуша циклындағы интерфаза этапында түседі. Неліктен ол жасушаларды «олар тынығуға түсті» деп айту дурыс емес? ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
[2]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?