Пассивті тасымал механизмі. Биология, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Пассивті тасымалдану

Оқу мақсаты: Пассивтік транспорт механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Диффузия, жеңілдетілген диффузия, осмос деген түсініктерді, терминологияны біледі;

Зат тасымалының өзгерісі нені өзгертуі мүмкін екеніне болжам жасайды;

Пассивті транспорт механизмдерінің сызбасын сыза алады және механизмді түсіндіре алады;

Ой қозғау

Қандай өзгеріс байқадыңыздар? Бұл процес қалай аталады?

Заттардың тасымалдануы молекулалық деңгейде қалай жасалады.

Заттардың тасымалдануы

Ағза үшін қажетті заттардың ағзадан мүшеге, мүшеден жасушаға, жасушадан жасуша ішіне тасымалдануы және қажетсіз заттардың сыртқа шығарылуы.

Заттардың тасымалдану механизмі

Диффузия заттардың көп концентрациялы аумақтан аз концентрациялы аумаққа қозғалуы.

Осмос судың көп концентрациялы ерітінді заттың аумағына қарай қозғалысы

Пассивті транспорт

(енжар тасымал)

Активті транспорт

(белсенді тасымал)

Заттардың энергия шығынынсыз тасымалдануы

Заттардың энергия жұмсау арқылы тасымалдануы

Мембраналық тасымал түрлері

Пассивті транспорт

Пассивті тасымал негізінде концентрация мен зарядтардың айырмашылығы жатыр

Пассивті тасымал кезінде заттар әрқашан концентрациясы көп аймақтан концентрациясы аз аймаққа өтеді, яғни концентрация градиенті бойынша жүреді.

Егерде молекула зарядталған болса, онда тасымалға электрлік градиент әсер етеді

Пассивті тасымалдау түрлері

Қарапайым диффузия

(липидтік биқабат арқылы тасымалдау)

Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау

Жеңілдетілген диффузия (арнайы тасымалдаушы белоктар арқылы тасымалдау)

Қарапайым диффузия

 Дифффузия деп, зат молекулаларының хаостық жылулық қозғалысы нәтижесінде, өз беттерінше концентрациясы көп ортадан аз ортаға қарай тасымалдануын айтамыз. Мембрана липид қабаты арқылы жүретін тасымалдану концентрациялық градиент есебінен жүреді

Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау

Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау – диффузия есебінен арнайы ақуызды құрылыстар (мембраналық каналдар) арқылы заттардың тасымалдануы

Мембраналық каналдар арқылы енеді:

Зарядталған молекулалар мен иондар (Na+,K+ және т.б.)

Жеңілдетілген диффузия

Жеңілдетілген диффузия – арнайы тасымалдаушы белоктар көмегімен заттың тасымалдануы. Әрбір тасымалдаушы белок белгілі бір молекулалар мен молекула топтарына жауап береді

Олар тасымалданатын заттың молекуласымен әрекеттесіп, өздігінен мембрана арқылы өткізеді

Женілдетілген диффузия арқылы клеткаға енеді:

Қанттар

Аминқышлқылдар

Нуклеотидтер

Полярлы молекулалар

1 тапсырма

Мақсаты: пассивті тасымал механизмінің биологиялық маңызы мен жүру жолын анықтау

Оқушылар оқулық немесе ғаламтор көмегіне жүгініп,

1- топ қарапайым диффузия механизмін,

2- топ пассивті тасымал механизмін ,

3-топ осмос механизмін зерттейді.

Таныстырылым жасау 2 минут .

Таныстырылым критерийлерін құрыңыздар.

2 тапсырма.

Осы үш түрлі тасымал түрін салыстырып, кесте құрыңыз

Кестенің 1 бөліміне: тасымал түрін

2 бөліміне: тасымалданатын заттардың атын

3 бөліміне : Ерекшелігін жазыңыз

Жеке жұмыс

(Ж) Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар.

Сіздерге салыстырмалы кесте берілген. Кестеден белсенді және пассивті тасымалдаудың айырмашылығын табаңыздар. Содан кейін диффузия, осмос, активті тасымалдау үрдестерін салыстыру үшін кесте дайындаңыздар

Үй тапсырмасы:

Заттардың тасымалының биологиялық маңыздылығын дәлелдейтін шағын эссе жазып келу.

Рефлексия «Еркін микрофон»

Сабақта болған үш әрекетті талқылау

І. Біз бүгін оқыдық...

ІІ. Бізде жақсы іске асты...

ІІІ.Бізде қиын болды...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу