Пассивті тасымал механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:

Тақырыбы: Пассивті тасымал механизмі

Мектеп: ХББ НЗМ, Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайкосова.О.Н

СЫНЫП: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.3.3 пассивті транспорт механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Диффузия, жеңілдетілген диффузия, осмос деген түсініктерді, терминологияны біледі
  • Зат тасымалының өзгерісі нені өзгертуі мүмкін екеніне болжам жасайды
  • Пассивті транспорт механизмдерінің сызбасын сыза алады және механизмді түсіндіре алады

Дағдылар

Білу, түсіну және білімін қолдану

Жетістік критерийі

Пассивті тасымалдың түрлерін ауызша немесе жазбаша сипаттайды.

Пассивті тасымал механизмін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Баяу заттасымалы (пассивті транспорт) , диффузия, жеңілдетілген диффузия, осмос, концентрациялар градиенті, талғамалы өткізгіштік

қозғалыс, бөлшектер, баяу, концентрация, энергия, зат

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Заттар концентрация градиенті бойымен қозғалады, егер ….

Талғамалы өткізгіш заттар, мембрана арқылы жылжиды.

Заттар жоғарыдан төменгі концентрацияға жылжиды.

Заттар X бойымен төмен қарай / Y арқылы / A-дан B-ға жылжиды, себебі …

Х Y-ке қарағанда артығырақ/кемірек өткізгіш

Х Y-ке қарағанда тезірек/баяуырақ өтеді

Х осындай, өйткені диффузия У сияқты емес, Z сияқты.

Алдыңғы білім

Қоретену: 6 -9 -оқыту жылдары

Ферменттер: 9-шы оқу жылы ;

Пассивтік тасымал: 7 -10 оқу жылдары;

Бет шамасының көлемге қатысы: 8-ші оқу жылы;

Жүрек құрылымы және қызметі: 8 және 9 оқу жылдары;

Оттегінің қанмен тасымалдануы: 8 және 9 оқу жылдары

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру

Бірігіп жұмыс жасау кезінде оқушылардың бір-бірінің көзқарастарына құрметпен қарауды үйренеді.

Саналы ұрпақ әкелуде азаматтық жауапкершіліктерінің бар екенін сезінеді.

Пәнаралық байланыс

Химия , физика

АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен қажетті материалдарды алып, дұрыс қолдана білу, Материалға толық анализ жасай білу

Пайдаланған әдебиет

Тейллор, Грин,Стаут 2 том

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ қезіндегі іс-әрекеттер

Ресурстар

І. Сабақтың басталуы

0-2

2-7

Оқушылармен сәлемдесу

І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Ой қозғау : Бөлме ішіне аэрозол шашу.

Сұрақ:

Қандай өзгеріс байқадыңыздар? Бұл процес қалай аталады? Бұл процесті молекулалық деңгейде қалай іске асты деп ойлайсыздар?

(І) Оқушыларға жасуша мембранасының суретін тарату. Суреттен заттардың тасымалдануына қатысатын жасуша мембранасының құрылымын белгілеуді ұсыныңыз. Олардың атқаратын қызметіне болжам жасатыңыз. Мембраналық тасымалдың маңыздылығы неде?

ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін пассивті тасымалдауға арналған бейнеролик көрсету. Тек пассивті тасымал түрін қарау және өз болжамдарымен салыстыру.

Сабақтың мақсатын айқындау және тақтада жазу.

ОМ. Пассивті тасымалдаудың механизмін түсіндіру

Актив және пассив тасымалдау арасындағы айырмашылықты көрсететін видео:

http://goo.gl/xblRr

ІІ. Мағынаны тану

7 – 23

23-28

28- 36

36-38

Т. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Түрлі суреттерді таңдау арқылы жасалады.

№1 тапсырма . Оқушылар оқулық немесе ғаламтор көмегіне жүгініп,

1 топ - қарапайым диффузия механизмін,

2- топ - пассивті тасымал механизмін ,

3-топ осмос механизмін зерттейді.

2 – минут таныстырылым жасайды.

Таныстырылым критерийлерін оқушылар өздері құрады.

Мақсаты: пассивті тасымал механизмінің биологиялық маңызы мен жүру жолын анықтау

№2 тапсырма. Оқушылар осы үш түрлі тасымал салыстырылған кесте құрады.

Кестенің 1 бөліміне: тасымал түрін

2 бөліміне: тасымалданатын заттардың атын

3 бөліміне : Ерекшелігін жазыңыз

№3 тапсырма (I ) Жасуша мембранасы (плазмалемма ) неден тұрады? ________________________________________________

№4 тапсырма Сәйкестендіріңіз.

А.белок

В.нуклеин қышқылы

С.көмірсу

D.крахмал

Е.целлюлоза

F.май

L.минералды заттар

_____

_____

_____

_____

_____

____

_____

1.нуклеотид

2.амин қышқылы

3.β-глюкоза

4.α-глюкоза

5.моносахаридтер

6.Na+, K+, Ca2+ тб. иондар

7.ұсақ май тамшылары

I жеңілденген диффузия

II мембрана каналдары арқылы

№5 тапсырма Сәйкестендіріңіз.

А.Пассивті тасымалдану

В.Активті тасымалдану

1.фагоцитоз; 2.АТФ қажет емес, 3.электрохимиялық градиент бойынша; 4. экзоцитоз; 5.мембрана каналдары арқылы 6.эндоцитоз; 7.арнайы тасымалдаушы белоктар арқылы; 8.электрохимиялық градиентке қарсы; 9.Na/K-насос; 10.қарапайым диффузия; 11. α-глюкозаның тасымалдануы; 12.АТФ қажет; 13.пиноцитоз; 14.рецептормен байланысқан эндоцитоз; 15. жеңілденген диффузия;

№ 6 Тапсырма Суретте не бейнеленген. Оның функциясын түсіндіріңіз

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

___________________________________________________

(Ж) Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар. Оқушыларға Салыстырмалы кесте ұсыну. Қосымша2 . Кестеден белсенді және пассивті тасымалдаудың айырмашылығын табады.Содан кейін оқушылар диффузия, осмос, активті тасымалдау үрдестерін салыстыру үшін кесте дайындайды.

Бекіту. Оқушыларға Венн диаграмасы беріледі. Венн диаграммасын берілген тізімдегі фразаларды қолдана отырып толтырады.

Үй тапсырмасы:

Заттардың тасымалының биологиялық маңыздылығын дәлелдейтін шағын эссе жазып келу.

Қосымша №1

Дәптермен жұмыс

IІІ.Рефлексия

38-40

Рефлексия «Еркін микрофон»

Сабақта болған үш әрекетті талқылау

І. Біз бүгін оқыдық...

ІІ. Бізде жақсы іске асты...

ІІІ.Бізде қиын болды...

Стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстарДенсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау

Байланыс АКТ

Мәндер байланысы

Көпшілік оқушылар генетикалық терминдерді қолдана біледі

Қабілеті жоғары оқушылар мутацияның типтерін ажырата алады және талдау жасайды, зерттеу жасай алады

Жеке жұмысты бағалау

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

Оқушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі

Қалыптастырушы бағалау

Математика, АКТ.

Өмір бойы білуге құштарлық. Өзіндік ізденуге ұмтылыс.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табыстыма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топпен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу