file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Диализ механизмі. Диализ әдісі. Сабақты бекіту. Биология, 10 сынып, презентация.


Диализдың түрлері.

 гемодиализ және перитонеалдық диализ

Гемодиализсозылмалы бүйрек жетіспеушілігі — бүйректіңБүйрек кез-келген үдемелі ауруларынан кейін пайда болатыннефрондардыңНефронбіртіндеп өлуінің нәтижесінде дамитын симптомокомплекс.

Диализ қалай жұмыс жасайды

Диализдің қағидаттары

Диализдің екі негізгі түрі бар: гемодиализ және перитонеалдық диализ. Емдеу түрінің қайсысы таңдалса да, диализдің мақсаты бірдей: бүйректің бірнеше қызметінің орнын алмастыру. Емшараның мақсаттары: зат алмасу өнімдерін жою, артық сұйықтықты жою, ағзадағы химиялық байланыстар (электролиттер) мен басқа да заттардың теңестірілген мөлшерін сақтап тұру. Тиімді диализ үшін жартылай өткізгіш мембрана, қанның жүргізілуі, диализдеуші ерітінді және артық сұйықтықты шығару құралы талап етіледі.

Жартылай өткізгіш мембрана

Жартылай өткізгіш мембрана диализ барысында қанды диализдеуші ерітіндіден бөліп алу үшін пайдаланылады. Бұл мембрана өзі арқылы тек белгілі заттарды ғана өткізеді. Ол диализдеуші ерітіндіге зат алмасу өнімдерін, суды, электролиттер мен басқа да заттарды қаннан (кейде кері бағытта) диффузия деп аталатын үрдіс арқылы кетіруді қамтамасыз етеді. Тіршілік өнімдері мен басқа да заттардың қозғалуы мембрананың өткізгіштігіне, көлеміне және заттар бөлшектерінің құрылымына, диализдеуші ерітіндінің құрамына және қанның мембранаға түсу қарқындылығына байланысты болады.

Қан тарату

Мембранаға қан неғұрлым екпіндірек берілетін болса, диализдік емшара тиімділігі соғұрлым артады. Гемодиализ барысында қанның берілуін диализдік аппарат арқылы бақылауға болады.

Диализдеуші ерітінді

Диализдеуші ерітінді диализдің кез келген әдісін қолдану барысында қаннан зат алмасу өнімдерін кетіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ерітіндіде бүйрек ауруының салдарынан теңгерімдері бұзылатын белгілі заттар болады.

Сұйықтықты кетіру

Гемодиализ барысында сұйықтықтарды кетіру перитонеалдық диализге қарағанда сан алуан әрекеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Сұйықтық гемодиализ барысында қаннан бөлінеді және қысымның ауытқуы салдарынан диализдік аппарат көмегімен мембрана арқылы шығарылады. Перитонеалдық диализ барысында қолданылатын диализдеуші ерітінді құрамында глюкоза бар. Осының әсерінен қан құрамындағы мөлшерден тыс сұйықтық әлсін-әлсін төгіліп отыратын диализдеуші ерітіндіге шығарылады

Диализдің мақсаты

Диализдің қандай әдісі таңдалса да мынадай мақсаттар көзделеді: зат алмасу өнімдерін жою, мөлшерден тыс сұйықтықты жою, электролиттің теңгерімін реттеу, ағзадағы қышқылдық мөлшерін реттеу.



Толық нұсқасын 21 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу