Су алмасуды реттеу. Гиперфункция,гипофункция. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Антидиурездік гормон (көне грекше: anti — қарсы; көне грекше: diuresis — зәр бөлу) — гипоталамустың алдыңғы бөлімінен бөлінеді. Антидиурездік гормонының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі тамырлардың бірыңғай салалы ет ұлпасы қабық тарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арнала- рының тарылуына әсер етеді. Сондыктан, антидиурездік гормонды вазопрессин (тамыртарылткыш) деп те атайды. Тамыртарылткыш гормон қан тамырларының қабырғасын тарылтып қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері кабырғаларын астарлайтын эпителиоциттердің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпал етіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, организдегі судың алмасуын реттеуге қатысады. Вазопрессин гормонының жетіспеушілігі — ағзаны қантсыз сусамыр (диабет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?