Нефрон- бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.2С Бөліп шығару

Мектеп: Петропавловск қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

САБАҚ:

Нефрон- бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау

 Сабақтың

 мақсаттары:

нефрон құрылысын біледі;

нефронның қызметін айтады.

 Бағалау критерийлері

нефрон құрылысын біле алады;

нефронның қызметін сипаттай алады.

 Тілдік мақсат:

Пән лексикасы және терминология: қыртыс қабат, милы қабат, нефрон, Баумен капсуласы, шумақша, қылтамыр, проксимальды иілгіш арна, Генле ілмегі, перифериялық иілгіш арна, жинақтаушы арна, несепағар, афферентті артериола, шығарушы артериола,

ультрафильтрация, таңдамалы реабсорбция, осмос, диффузия,

сүзгілеу, несепнәр, глюкоза, су, амин қышқылдары, ақуыздар,

үдеріс, жою, кіру, қалу, қайта абсорбциялау, қайту

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

Қан шумақшаға түскен кезде болатын үдеріс… болып табылады.

Сүзінді орталық иілгіш арнаға жеткенде болатын үдеріс ... болып табылады.

Ультрасүзгілеу үдерісінде қанда қалатын / қаннан жойылады молекулалар ... болып табылады.

Молекулалары ірі болғандықтан сүзілмейді … сондықтан олар

Энергияны талап ететін таңдамалы қайта абсорбцияға тартылған үдеріс аталады …

 Құндылықтарды

 Дарыту:

 

 

Негізгі түсініктерді талдау кезінде сыныптасының пікірімен санасу, әркімнің пікірін құрметтеу.

Бірге жұмыс істеу мен жоспарлау кезінде өзара ынтымақтастықты қалыптастыру.

Дені сау ұрпақ және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру жолында оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

 Пәнаралық

 Байланыстар:

Химия - Зат алмасу өнімдері.

 Сын тұрғысынан

 ойлау:

 АКТ қолдану

  Дағдылары:

Жеке жұмыс (жұмыс парақтарымен жұмыс жасау)

Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері интернет желісінен қажетті ақпараттар іздестіру арқылы жүргізіледі.

Алдын-ала білімдер:

Бөліп шығару тірі ағзалар сипаттамаларының біреуі болып табылады (6 сынып). Өсімдіктер мен жануарлардан бөліп шығаратын өнімдер

Адам бөлуіп шығаруында зәр шығару жүйелерінің маңызы

Зәр шығару жүйесі (9-сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 2

3-8

9-10

1.(W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру.

2.(P,W) Оқушылар бүйректің ішкі құрылысын қайталайды. Жұптық жұмыс кезінде бір-біріне түсіндіріп, пысықтайды. Содан топтың алдында екі-үш оқушы өз еркінмен бүйрек құрылысын түсіндіреді.

КБ: мұғалім әр оқушының жауабын бағалайды.

3. (W) Сабақтың тақырыбын және мақсатын қалыптастыру. Бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Суреттер

Сабақтың ортасы

11-16

17-22

23-38

(I) Оқушылар оқулықтардан немесе интернеттен қолжетімді ресурстарды қолдана отырып, нефронның құрылымы мен қызметін зерттейді.

1. Мұғалім оқушыларға «Нефронның құрылымы» атты жұмыс парағын береді және онда нефронның құрылымы туралы бейнені қарау барысында толтыруды сұрайды. Жұмыс парағын аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылармен қиындықтарды тудырған мәселелерді талқылайды. Қажет болса, мұғалім күрделі сұрақтарды түсіндіреді.

КБ: мұғалім әр оқушыны бағалайды және әр оқушыға көмек көрсетеді.

(I) “Бүйректің және нефронның құрылымы және қызметтері» сөзжұмбақтар жасайды. Содан бір-біріне көрсетеді, көрші топтар бұл сөзжұмбақтарды шешеді.

КБ: мұғалім әр оқушыға көмек көрсетеді.

Жұмыс парақтары

таратылады.

Нефронның құрылымы мен қызметінің интерактивті анимациясы:

http://goo.gl/AMFCX

Сөзжұмбақтар құрастыру бойынша пайдалы тегін ресурс: http://goo.gl/prjFb

Сабақтың соңы

39-40

Рефлексия. «Мен бүгін ... білдім, таң қалдым, қиналдым, үйрендім» оқушылар үш минуттық эссе жазады.

Үйге тапсырма: нефрон құрылымын қайталау.

Стикер қағаздар, интерактивті тақта, слайд-перзентация

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау қабілеті әр түрлі оқушыларға әр түрлі сөзжұмбақтар беру арқылы, сұрақтар санын, түрін өзгерте отырып немесе жауаптармен еске салулар келтіру арқылы ұсынылады.

Оқушылардың қабілеттері олар жұмыс орындау барысында бақыланып, үнемі бағаланады.

Сыныпта дұрыс қозғалу, ноутбуктермен жұмыс істеуде ара қашықтық нормасын сақтау, интерактивті экранды пайдалану уақытын сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу