Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакция өнімдері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 10.2 В Тыныс алу | Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | |||
Мерзімі: | Сыныбы: 10 | Мұғалім: Г.С. Ермекова | ||
Сабақтың тақырыбы: | Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакция өнімдері | |||
Оқу мақсаттары: | Кребс циклін сипаттау | |||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Кребс циклін сипаттайды Көпшілік оқушылар: Кребс циклінде жүретін үдерістерді түсіндіре алады Кейбір оқушылар: Кребс циклінің тірі табиғаттағы маңызын ашады | |||
Бағалау критерийі:
|
| |||
Тілдік мақсаттар: | Кребс циклы кезінде жүретін үдерістерді, жасушалық тыныс алу кезеңдеріне қажетті терминологияны пайдаланып сызба құрастырады (жазылым дағдысы), диалогке түседі (айтылым дағдысы) Пәнге қатысты лексика мен терминология Гликолиз, пируват/ пирожүзім қышқылы, кофермент, ацетил кофермент A, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, тотығу, АТФ, НАДФ, ФАДH2, матрикс, митохондрия Диалог жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы Кребс циклі жасушада............. іске асады. Кребс цикліне түсетін қосылыс............. Кребс циклінде түзілетін өнімдер................................. Бұл циклдің маңызы.......................................
| |||
Құндылықтарды дамыту: | Жұптық жұмыс барысында ашықтық, бір-біріне құрмет, ұйымшылдық қасиеттері дамиды. | |||
АКТ қолдану дағдылары | интернеттен қосымша ақпарат көздерінен ақпарат табу, видеоматериалмен, анимациямен жұмыс істеу | |||
Бастапқы білім | Метаболизм мен энергия типтері: 8 сынып Тыныс алу: 6; 7; 9; 10 сыныптар Экскреция: 6; 9; 10 сыныптар Координация және регуляция: 6; 7, 8; 9; 10 сыныптар | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер | Ресурстар, іс-әрекет түрі | ||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ұйымдастыру Тақырыпқа енгізу сұрақтары:
Оқушылармен бірлесе отырып оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айқындалады. Мұғалім оқушылардың жұптарына номер береді. | |||
Сабақтың ортасы 6-35 мин | Мұғалім видео арқылы Кребс циклінің ашылу тарихымен таныстырады (Жж) Оқушылар сілтемені ашып, анимацияны көріп, жұпта талқылайды. Басқа жұптарға қоятын сұрақтарды дайындайды. Әр жұп 3 сұрақтан әзірлеп, стикерге жазады, қабырғаға іледі (стикердегі диалог). Басқа жұптар стикердің екінші бетіне жауап жазып, өз белгілерін қояды. Жұптар өз стикерлерін алып, жұптардың жауабын қарастырып белгі соғады. Бірнеше жұптың сұрақтары қарастырылады. Қайталатын сұрақтар қарастырылмайды. Бұдан соң оқушыларға жұмыс парағымен жұмыс істеу ұсынылады (Т) Оқушылар топтасады. Әр топқа 1 кілт ұсынылады. 1 топқа деректер кілті. Ол топ Кребс циклі бойынша нақты деректер келтіруі қажет. 2 топ. Әліпби кілті. Кребс цикліндегі барлық терминдерді алфавит ретімен жазып, қысқаша түсініктеме береді 3 топ. Егер де кілті. Бұл топ егерде деп басталатын үш сөйлем арқылы Кребс циклінің маңызын ашуы керек. 4 топ. Ешқашан кілті. Бұл топ ешқашан сөзін қолдана отырып үш сөйлем арқылы Кребс цикліне сипаттама береді. Топтар басқа топтың жұмысына кері байланыс береді (өзара бағалау жүзеге асады). | https://www.youtube.com/watch?v=L6P-thadvIc жұмыс парағы тапсырма жазылған кілттердің суреті | ||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақта мен үшін........ маңызды болды Мен үшін табысты болды....... ........жақсартуды қажет етеді | стикер |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушыларға ақпарат көздерін ұсыну, қажет уақытта көмек көрсету арқылы қолдау жасалады. Қабілеті жоғары оқушыларға анимация мен интернет ақпаратынан өзге анықтамалық материалдар ұсынылады. Олар басқа оқушыларға көмек көрсетуге тартылады. Оқушылардың жеке, жұпта, топта жұмыс істеу арқылы сабаққа белсенді қатысу қамтамасыз етіледі | Сабақ барысында қолдау, тиімді кері байланыс беру, бағалау критерийі, жұмыс парағында орындаған жұмыстарын бағалау арқылы | Денсаулық сақтау технологияларын қолдану, жұмыс барысында қозғалуларына мүмкіндік беріледі. Интернетпен жұмыс уақыты санитарлық нормаларға сай жүргізіледі. Оқушылардың шаршауын болдырмау үшін жұмыс түрлері алмасып отырады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?