Митохондрияның құрылымы мен жасушалық тыныс алу үдерістері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.2 В Тыныс алу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Сыныбы: 10

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Митохондрияның құрылымы мен жасушалық тыныс алу үдерістері

Оқу мақсаттары:

Митохондрияның құрылымы мен жасушалық тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты орнату

Сабақ мақсаттары:

Митохондрияның құрылымын білу;

Митохондрия қызметін сипаттау, түсіндіру;

Бағалау критерийі:

Митохондрия құрылысын дұрыс анықтайды.

Митохондрия қызметін берілген терминдермен сәйкестендіре отырып сипаттайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

ұсынылған кеспе суреттер бойынша митохондрия құрылысын анықтап, қызметтерін сипаттау үшін жұптарда жұмыс жасау (айтылым және тыңдалым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Митохондрия,матрикс, кристалар, мембраналық кеңістігі, электрон-тасымал тізбек кешені, тотықсызданырушы фосфорилену, хемиосмос, судың түзілуі т.б.

Диалог жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

Хитинмен ..... қапталады

.... гликоген деп аталады.

Микология ғылымы ......

Құндылықтарды дамыту:

  • топпен және жұппен жұмыс жасай отыра, өзара көмек, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту.
  • Өз ойларын қорғауға, басқаның пікірін сыйлауға шақыру.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет материалдарын пайдалану арқылы тапсырмалар орындау

Бастапқы білім

Тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері – 8 сынып;

Тыныс алу – тірі орагнизм мен қоршаған орта арасындағы газалмасу үдерісі ретінде - 8 сынып;

Анаэробты және аэробты тыныс алу процестері, тыныс алудың сөздің теңдеулері, бұлшық еттердің қажуы мен анаэробты және аэробты тыныс алу арасындағы байланыс – 9 сынып.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған ісәрекеттер

Ресурстар, іс-әрекет түрі

Ой шақыру

Сабақтың басы

Тапсырма №1. Суреттен органоидтарды анықтаңыз, қызметін сипаттаңыз. (қосымша 1)

Мақсат: Жануар жасушасының құрылысы мен қызметін еске түсіру, түсініксіз сұрақтарды талқылау.

Тапсырма №2. Презентацияға қарай отырып, үйдің ішкі бөліктерін жасуша құрылысымен ассоциациялау. Әр бөліктің маңызы туралы сипаттау (қосымша 2)

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айқындау. (мысалы: үй қабырғасы-плазматикалық мембраналары, есік-терезелер- саңылау, жылыту батареялары-митохондрия, т.б.) Сипаттау барысында митохондрия қызметіне кеңінен тоқталу арқылы мақсат айқындалады.

Мұғалімнің бағалауы

Ойлану/ Ақпарат

Сабақтың ортасы

Тапсырма №3. Оқушыларға митохондрияның кескін суреттері мен негізгі қызметін көрсетіп, мәтінмен таныса отырып митохондрияның құрылысы мен қызметін анықтап диаграмма толтырады.

Қарастыруды қажет етеді: матрикс, кристалар, мембраналық кеңстік, электрон-тасымалдаушы тізбек кешені, тотықсыздандырушы, фосфорлану, хемиосмос, судың түзілуі.

Басты назарда: тотықсыздандырушы фосфорлану процесі және митохондрия құрылымдары.

Толтырылған диаграмманы жұпта, топта талқылайды. Теориялық ақпарат туралы өз түсініктерін ортаға салады. Бұрыннан білетін ақпараттарды жаңа ұғымдармен толықтырады.

Мақсат: теориялық ақпараттарды талқылау.

Дағдылар

Жетістік критерийі

Білу, түсіну

Құрылымдарды дұрыс анықтаған

Қызметтерін дұрыс көрсеткен

Рефлексия

Сабақтың соңы

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

«Ыстық орындық»

Оқушылар митохондрия құрылысы бойынша сұрақтар қойып, сындарлы кері байланыс бере отырып, бір-бірін өзара бағалайды.

Мақсат: теориялық ақпараттарды қолдану мүмкіндіктерін тексеру.

Рефлексия «5-5-1» әдісі арқылы оқушылардың кері байланысы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Жеке және топта жұмыс түрлерін орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

Кейбір оқушылар:

Сұрақтарға жауап береді

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу