Митохондрийдің құрылымдық компоненттері және олардық қызметтері. Митохондрий құрылымының жасушалық тыныс алу үдерісімен байланысы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Жаратылыстану-математикалық бағыт

САБАҚ : Тыныс алу бөлімі

1-2 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Митохондрийдің құрылымдық компоненттері және олардық қызметтері. Митохондрий құрылымының жасушалық тыныс алу үдерісімен байланысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.4.5 митохондрий құрылымы мен жасушалық тыныс алу байланысын орнату.

 Сабақтың мақсаты

  • Митохондрийдің құрылым бөліктерін талдау
  • Митохондрий құрылымының жасушалық тыныс алу процессімен өзара байланысын сипаттау

Бағалау критерийлері

  • Митохондрий құрылым бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін сипаттайды
  • Митохондрийдің қай бөлігінде Кребс циклі, тотыға-фосфорлану жүретінін сызбаға түсіреді

Тілдік мақсаттар

Пәнге бағытталған лексика және терминология:

Гликолиз, электрондар тасымалдау тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, коферменттер, A ацетил коферменті, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, қышқылдану, редукция, декарбоксильдену, АТФ, қалпына келтірілген никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), қалпына келтірілген флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрица, митохондрий

Өнімдер, форма, түрлендіру, жылжыту, … тұратын, қосу, ену (кіру)

Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар:

X Y-ке бөлінеді

X …. қалыптастыру үшін қолданылады

X және Y өндіріледі.

X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі

X көшеді

Y бөлініп шығарылады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

дені сау ұлттың қалыптасуы үшін дұрыс қоректену ағзаны энергиямен байытуындағы маңыздылығын түсіну

Құрмет

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Еңбек және шығармашылық

Митохондрий моделін құрастыру кезінде жауапкершілік және еңбексүйгіштік қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Жасушалық тыныс алудағы химиялық реакциялардың жүруі химиямен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, ресурстар, ақпарат көздері, жұмыс парақтары, видео

Алдыңғы білім

АТФ, энергетикалық алмасудың кезеңдерін біледі

Сабақ барысы

Cабақ 1

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басталуы

0-5 минут

Жасуша оттегіні не үшін қабылдайды? сұрағын талқылайды. Жұпта талқылауға уақыт бере отырып, мұғалім оқушыларды жасушалық тыныс алудың принциптерінің болатындығына бағыттайды.

Энергетикалық алмасудың кезеңдерінің жүретін орындарын атайды.

Митохондрий туралы не білетіндіктерін еске түсіреді.

Жасуша органеллалары мен митохондрийлерді қайталау http://www.nobelprize.org/educational/medicine/cell/

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың ортасы

06-37 мин

) Интерактивті тақтада митохондрийдің суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке сәйкес келетін жазуларды орналастырады.

) Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Оқушыларға митохондриидің құрылым бөліктерінің қызметтері туралы ақпарат беріледі. Оқушылар ақпаратты талдап постер немесе шағын презентация жасайды.

1- топ: митохондрийдің құрылымы, орналасуы (әрбір құрам бөлігінің қызметін қоса талдайды)

2 -топ: митохондрийдің қызметін түсіндіреді (жасушалық тыныс алумен байланыстыра отырып жасайды)

Топ мүшелері ауысып, бір-біріне түсіндіреді.

(Жж) (f) Тапсырма:

Митохондрийдің суретін салып немесе мұғалім таратқан суретті және бағалау критерийлерін пайдаланып, оның құрылымын және тыныс алу фазалары бөліктеріне сәйкес жазады

http://humbio.ru/humbio/cytology/000ad4bd.htm - митохондрия туралы жалпы ақпарат

Митохондрияның мылқау суреті.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы жүзеге асырылады

стикерлер

Сабақ 2

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

0-5 минут

Екінші сабақ проблемалық сұрақ «Тыныс алу неге митохондрияда жүреді?» деген сұрақты талдаумен басталады. Оқушылардың әр түрлі пікірлері қабылданады, пішініне, құрылымына, қызметіне байланысты.

презентация

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың ортасы

5-37 минут

(Жж)Оқушылар жеке митохондрийдің құрылымы мен қызметтерін түсіндіретін сызба жасап, матрикстегі және кристадағы үдерістерді сипаттау жұмысы беріледі.

Мұғалім оқушыларға сипаттамалар беруде, сұрақтарға жауап беруін сұрай отырып, көмектеседі

Әрбір оқушы өз сызбасында митохондрий құрылымында жүретін, гликолиз, Кребс циклі және тотыға-фосфорлану үдерістерінің жүретін орнын, құрылымымен байланысын талдайды.

Жұпта бір-біріне сызбаларын түсіндіреді, талқылайды.

Митохондрий және тыныс алу деген тапсырманы орындайды. Яғни митохондрий суреті мен онда жүретін тыныс алу процестерін сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

Бір-бірін өзара тексереді.

Сабақ соңында митохондрий құрылымы, құрылым бөліктерінің қызметі және тыныс алу үдерістерінің жүретін орындарын белгілейтін кесте толтырады.

Қосымша тапсырма: Екі митохондрийі бар жасушаларды салыстыру тапсырмасын беруге болады.

Жасуша органеллалары мен митохондрийлерді қайталау http://www.nobelprize.org/educational/medicine/cell/

http://humbio.ru/humbio/cytology/000ad4bd.htm - митохондрия туралы жалпы ақпарат

ҚБ тапсырмасы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы жүзеге асырылады

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларды қолдау мақсатында салған суреттерінен белгілеген митохондрий бөліктерінің қызметін дұрыс анықтауын, тіршіліктегі митохондрий маңызын анықтағанына көңіл бөлу

Қабілеті жоғары оқушылар Тыныс алу неге митохондрияда жүреді? деген сұрақпен жұмыс жасаулары сұралады

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Формативті бағалау

Ауызша сыни сұрақтар қою

Митохондрияй моделін жасауын бағалау

Тыныс алу фазаларын еске түсіру сұрақтары

Қабілеті жоғары оқушыларға:

Қосымша тапсырма беру

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Оқушылардың сынып бөлмесінде қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау

АКТ ны қолдану интерактивті тақтамен жұмыс жасауда орындалады.

Оқушылар интернеттен қосымша ақпараттар іздейді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу