Митохондрияның құрылымдың бірліктері, және олардың қызметтері. Жасушалық тыныс алу мен митохондрияның құрылымдарымен байланыс. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.2 В Тыныс алу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Митохондрияның құрылымдың бірліктері, және олардың қызметтері. Жасушалық тыныс алу мен митохондрияның құрылымдарымен байланыс.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламаға сілтеме)

10.1.4.5 митохондрияның құрылымы және жасушалық тыныс салу арасындағы байланысты орнату

Сабақ мақсаттары

-Оқушылар орындай алады: митоходрия құрылысын сипаттау: екі мембрананың болуы, описать строение митохондрий:, ішкі мембрананың қатпарларының болуы, матрикстың болуы, сақиналы ДНК-ның болуы, рибосоманың болуы;

-митохондрияның құрылымы және жасушалық тыныс салу арасындағы байланысты орнату

Бағалау

критерийлері

1. Оқушылар суреттен және микрофотографиялардан митохондрия құрылысын анықтайды.

2. митохондрияның құрылымы және жасушалық тыныс салу арасындағы байланысты орнатады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Митоходрия құрылымдарын атай алады;

Жасушалық тынысалу кезеңдерін ауызша атай алады;

Сұрақты жазбаша құрай алады

Пән бойынша лексика мен терминология: кристалар, матрикс, сақиналы ДНК, рибосомалар. АТФ –синтетаза, сыртқы мембрана, ішкі мембрана.

Пайдалы сөз тіркестер мен сөйлемдер:

Сыртында орналасатын митохондрия мембранасы …..

Іште орналасатын митохондрия мембранасы ….түзеді

Мемранааралық кеңістікте жиналады….Митохондрия ДНК-сы …

Митохондрия матриксі бұл…

 Құндылықтарды дағдыландыру

Берілген сабақ өмір бойы білім алу, ашықтықты, топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастықты құрметті, дамытуға арналған.

Құдалықтарды дамыту топта жұмыс жасау барысында ережерді орнату және қабілеттері төмен оқушыларға өзара көмектесу арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Химия – тотығу тотықсыздану үдерістері тыныс алудың әр түрлі кезеңдерінде болатыны жайлы ақпарат.

Физика – митохондрияның ішкі мембранасында әртүрлі потенциалды пайда болуын түсіндіру.

Алдынғы білім

Тыныс алу: - 6- 9 сынып; 7 сыныпта оқушылар жануар және өсімдік жасушасының құрылысын қарастырған.Оқушылар жануар және өсімдік жасушаның құрылысымен таныс болуы керек. Оқушылар 7-8 сыныпта тыныс алуды қарастырған. Тыныс алудың ерекшеліктерін біледі.

Қолданыстағы білімді белсендіру топтық жұмыс (жұппен жұмыс істеу) арқылы жүзеге асырылады, оның барысында оқушылар митохондрияның суретін салып, оны белгілейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

8-10

1.Материалды қайталау. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Әр жұп 7.4.2.2 «өсімдік және жануар жасушасын ажырату» мақсаты бойынша өз білімін көрсетеді, мақсат алдын ала тақтада көрсетіледі. .Мұғалім тек қана митохондрияны салуды сұрайды. Кейін оқушылар бір бірінің суреттерімен алмасып, осындай критерий бойынша бағалайды:

Бағалау критерийі:

  • Митохондрия бөліктерінің дұрыс орналасуы.
  • Митохондрияның бөліктерінің дұрыс аталуы.

АТФ-ті түзудегі митохондрия рөлін атай отырып, мұғалім орындалған тапсырмаға кері байланыс береді..

2.Тегеурін Оқушылар сыни ойлауды дамыту тапсырмаларын орындайды. Мұғалім бейнематериалды көрсетіп, сұраққа жауап беруді ұсынады.Митохондрия қалай жұмыс істейді?

Мұғалім кері байланыс береді. Қарқынды жұмыс істейтін ұлпаларда митохондриялардың көп болу себебін түсіндіреді.

3. Мақсатты орнату. Оқушылармен бірге оқу мақсаттары орнатылады.

  • митохондрияның құрылымы және жасушалық тыныс салу арасындағы байланысты орнату

Митохондрия қалай жұмыс істейді

https://www.youtube.com/watch?time_continue=12&v=39HTpUG1MwQ

Қосымша 5

Сабақтың ортасы

10-17

17-20

20-30

30-36

4. Түсіндіру Мұғалім митохондрия құрылысын және олардың қызметтерін түсіндереді. Митохондриялар екі мембраналы органоидтер.   Митохондриялардың матриксінде органикалық қышқылдардың тотығу процесін жүзеге асыратын барлық ферменттер болады. Митохондрияның басты қызметі — аэробты тыныс алуды жүзеге асыруАТФ молекулалары тірі жасушадағы әмбебап энергия көзі болып табылады. АТФ ыдыраған кезде көп мөлшерде әнергия бөлініп, ол жасушадағы әр түрлі заттардың синтезіне, дене температурасын қалыпты сақтауға қажетті жылудың пайда болуына және басқа да физиологиялық процестерге жұмсалады. Түсіндіру барысында оқушылар ақпаратты ойластырады, және тыныс алу кезеңдері өтетін жер мен митохондрия құрылысын сәйкестендіреді. Сәйкестендіру кестесін орындайды.

5.Бекіту Оқушылар митохондриялық компоненттерді схемалық суретімен байланыстырады және тыныс алу кезеңдерімен байланыстыра отырып:

Ішкі мембрана

Сыртқы мембрана

Матрикс

Рибосомалар

Кристалар

Бағалау критерийлері:

  • 1.Митоходрия барлық бөліктері дұрыс сәйкестендірілді.
  • 2.Митохондрияда тыныс алудың кезеңдері өтетін жерлерді дұрыс анықталды.

Қабілеті жоғары оқушыларға митохондрияның бөліктерінсіз тапсырма беріледі. Оқушылар митохондрияны өздері белгілейді және энергия алмасу кезеңдерін сәйкестендіреді..

6. Микрофотографиялармен жұмыс. . Электронды микрофотографияларды пайдалана отырып, оқушылар митохондрияның бөліктеріне атауларды табады.

Қосымша 3

Бағалау критерийлері:

1. Кристалардың болуы.

2. Рибосомалардың орналасуы

3. Матрикстің ішкі және сыртқы мембранада болуы.

Қабілеті төмен оқушыларға атаулары берілген суреттер беріледі.

7. Сабақ мақсатына жетуді бағалау

Тапсырма «Әлемнен жіпше арқылы»

Әр оқушы оқытылған мақсаттан сұрақтарды дайындап, көршісіне қояды. Сұрақтар соңында тақырып бойынша әңгіме құралатындай ойластыруы тиіс.

Қосымша 2

Қосымша 1

Қосымша 4

Қосымша 3

Со

36-40

8. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта тоқталады. Келесі жоспарды құру мақсатында оқушыларға осындай сұрақтар қойылады.

- нені білдім, нені үйрендім;

- түсінбей қалған нәрселер;

- немен жұмыс істеу керек.

Сұрақтар ауызша не жазбаша талқылануы мүмкін.

стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Қайталау кезеніңде оқушылар өздерінің дағдыларына сай бөлінеді: білу, түсіну және қолдану(сурет), анализ(суретті сараптау және салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, сол туралы материал пайдаланады. Бекіту кезеңінде қабілетті оқушыларға әртүрлі тапсырмалар ұсынылады.

Алдыңғы білімді бағалау мақсатында қалыптастырушы бағалау. Жақын даму аймағын анықтайтын тегеурін сатысында диагностикалық бағалау.

.Келбетті сақтау мақсатында партада дұрыс отыру ережесі.

Биология кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. Топтық жұмысты орындау барысында оқушылардың қозғалу үрдісінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қосымша 1 Митохондрияның құрылымдық бірліктерін жасушалық тыныс алумен сәйкестендіріңіз.

Митоходрия құрылымы

Жасушалық тыныс алу

1.Сыртқы мембрана

А.Кребс циклі

2.Ішкі мембрана

Б. Электронды- транспортты тізбек

3.Мембранааралық кеңістік

В. Гликолиз

4.Матрикс

Г. Ацетилкоэнзимның түзілуі А

5.Рибосомалар

6.Сақиналы ДНК

Қосымша 2 Схема мен микрофотографияда келесі үрдістер жүретін құрылымдық бөліктерді белгілеңіз.

1.Кребс Циклі

2.ацетил коэзим А түзілуі

3.Электронды-транспорттық тізбек

Қосымша 3 Жасушалық тыныс алуға қатысатын митохондрияның құрылымдық компоненттерді атаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша 4 Митохондрияның құрылысы туралы білімдеріңізді қолдана отырып, тыныс алуға қатысатын компоненттерді түсіндіріңіз.

Қосымша 5 Митохондрияның құрылымдық компоненттерін атаңыз және жасушалық тыныс алудың кезеңдерімен сәйкестендіріңіз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу