Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: Тыныс алу

Мектеп:ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін атау

10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

 Сабақ мақсаты

  • метаболизмнің түрлерін атай алады
  • энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттай алады;
  • энергия алмасудың әр кезеңінің ерекшеліктерін талдайды;

Бағалау критерийлері

  • Метоболизм түрлерін біледі.
  • Энергия алмасу кезеңдерінде жүретін үдерістерді сипаттайды.
  • Энергия алмасудың әр кезеңінің ерекшеліктерін талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Тиісті терминологияны қолдана отырып метоболизм түрлерін ажыратып мен энергия алмасу кезеңдеріндегі үдерістерді ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәндік лексика мен терминология

Энергетикалық алмасу, анаболизм, ассимиляция, катаболизм, диссимиляция, дайындық кезеңі, оттексіз – анаэробты кезең, оттекті – аэробты кезең, АТФ молекулалары, оттегі, цитоплазма, митохондрия, асқорыту жолы, жылу, гликолиз, су, глюкоза, пируват, НАДН, ФАДН және т.б.

Метоболизм .................. деп бөлінеді

Энергетикалық алмасу кезеңдері ............ деп бөлінеді

Дайындық кезеңі ... жүреді және энергия ... түрінде түзіледі.

Дайындық кезеңінде макромолекулалар ... дейін ыдырайды және ... сіңіріледі.

Оттксіз кезең ... жүреді, нәтижесінде ... түзіледі.

Оттекті кезең ... жүреді, нәтижесінде ...

Энергетикалық алмасу кезеңдерінде түзілетін АТФ молекулалары ...

 Құндылықтар

Ақпараттарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ашықтық пен ынтымақтастық- оқушылар топта , жұпта жұмыс жасау кезінде бір-бірімен достық қарым-қатынаста болады. Біріккен жұмыс кезінде өзгеге көмектесу, жанашыр болу, керек кезінде көшбасшы бола білу қасиеті дамиды, дұрыс қарым-қатынас жетістікке жеткізетіндігіне көз жеткізеді

 Пәнаралық байланыстар

химиялық реакцияларды сипаттау , жазу кезінде химиядан алған білімдерін қолданады

 АҚТ қолдану

АКТ қолдану дағдылары интерактивті тақтада тапсырмалар орындауда, ақпарат жинау үшін ноутбуктер қолдану кезінде дамытылады. Оқушылар қосымша жұмыс жасау үшін PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істей алады.

 Алдыңғы білімдер

Анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісі, тыныс алудың химиялық реакциялар теңдеуі, анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісінің бұлшықеттің қажуымен байланысы туралы түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақ кезіндегі жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин.

3-5 мин

5- 10 мин

Амандасу; Оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру «Жақсы лебіз»

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сұрақ қою

  • Тірі ағзалар қозғалу, өсу, даму үшін энергияны қайдан алады?
  • Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау.

Тақтаға глоссарий шығару .

*Сабаққа Білімланд сайтында берілген тақырып бойынша сабақты қолдану .

Зат алмасу

Зат алмасу (метоболизм) – ағзада жүретін барлық химиялық үдерістердің жиынтығы.

Катаболизм

Катаболизм дегеніміз – күрделі органикалық қосылыстардың қарапайым молекулаларға ыдырауы.

Анаболизм

Анаболизм дегеніміз – жай заттардан күрделі заттардың (нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары) синтезделуі.

(Ж) Оқушылар «Білімланд» сайтындағы зат алмасу тақырыбына берілген видео ақпаратпен танысып, зат алмасудың үздіксіз жүру себептері туралы талқылау жүргізіледі.

https://bilimland.kz/kk#lesson=12803

Сабақтың ортасы

10- 12 мин.

12 -22 мин.

22- 28 мин

28- 30 мин

30-35 мин

Оқушылар екі түсті қағазды қолдану арқылы топқа бөлінеді. Қағаздың қызыл түсінде «катаболизм» және көк түсінде «анаболизм» сөздері жазылған . Сол бойынша екі топ мүшелері анықталады.

) (Қб) Оқушылар білімланд сайтындағы зат алмасу үдерісі сабағы бойынша берілген ақпараттық парақтар/анимациялар/ видеоларды қолдана отырып жұмыс жасайды

Тапсырма:

  • Берілген зат алмасу кезеңдерімен танысыңыздар.
  • Әр кезеңнің ерекшелігіне назар аударыңыздар.
  • Әр кезеңнің соңғы өнімдерін анықтаңыздар
  • Алған ақпараттарыңызды қолданып, тірек-конспектісін құрыңыздар

Бағалау критерийлері:

1. Зат алмасу кезеңдеріне сәйкес сипаттама береді.

2. Әр кезеңнің ерекшелігін анықтайды

3. Әр кезеңнің соңғы өнімін анықтайды

4. Нақты ақпараты бар тірек-конспектісін құра алады

) (Қ) Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып постер/сызба/сурет/таныстырылым жасайды.

Келесі топ өз сұрақтарын қоя алады.

(Ж.ж) Оқушыларға энергетикалық алмасу кезеңдері туралы ақпарат пен тірек-конспектісі беріледі. Соларды қолдана отырып, әр кезеңде жүретін химиялық реакцияларды және реакцияға қатысатын заттар мен өндірілетін өнімдерді атайды.

Тапсырма 2. Алған біліміңізді қолданып, энергетикалық алмасудың әр кезеңінің жасуша тіршілігіндегі маңыздылығына 5 сөйлеммен сипаттама беріңіз.

Презентация

Сабақтың соңы

36-40 мин.

Рефлексия: Жетістік баспалдағы

Бәрі түсінікті

Әлі де сұрағым бар

Мен үшін қиын болды

Стикерлер

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздікережелері

Оқушылыар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу