Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: Тыныс алу

Мектеп: «НЗМ» ФМБ Қостанай қ.

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мақсаты:

Анаэробты және аэробты тыныс алу

анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді игеру

 Сабақ мақсаты

Барлығы анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін біледі, анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын жаза алады;

Көбісі анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру;

Кейбіреулері тақырып бойынша логикалық тапсырмаларға жауап бере алады.

Бағалау критерийлері

  • Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін біледі.
  • Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерінің химиялық теңдеуін құрастырады.
  • Анаэробты және аэробты тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

Аденинозинтрифосфат, анаэробты тыныс алу, аэробты тыныс алу, митохондрия, цитоплазма, гликолиз, оттекті кезең, глюкоза, оттегі, су, көмірқышқыл газы, энергия, этанол, лактат-сүтқышқылы және т.б.

Анаэробты тыныс алу дегеніміз ...

Аэробты тыныс алу дегеніміз ...

Цитоплазмада ... үдерісі жүпеді, оның екінші атауы ...

Аэробты ытынс алу кезінде ... АТФ молекуласы бөлінеді

Глюкозаның оттегімен тотығу үдерісінің нәтижесінде ...

 Құндылықтар

Патриотизм, бүкіл өмір бойыоқу, академиялық шындық, топтық және жұптық жұмыс жасай білу, жауапкершілік, көшбасшылық.

 Пәнаралық байланыстар

Химия: химиялық реакциялар, теңдеулер.

Физика: энергияның бөлінуі, кДж.

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша түрде анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін сипаттап, салыстыру.

 АҚТ қолдану

Электордық оқулықтарды қолдану, википедия, презентациялар.

 Алдыңғы білімдер

Физикалық жаттығулардың тыныс алуға әсері 8 сынып.

Тыныс алу . Қоршаған орта мен ағза арасындағы газалмасу үрдісі 8 сынып.

Анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісі, тыныс алудың химиялық реакциялар теңдеуі, анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісінің бұлшықеттің қажуымен байланысы 9 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин.

Амандасу, сабаққа дайындық.

Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Шаттық шеңбері».

Жаңа сабақтың мақсатын құру: төмендегі сұрақтарды қою арқылы.

  • Біздің қаңқа бұлшық еттеріміз көп жаттықпаудың салдарынан тез шаршағыш болып келеді. Қақа бұлшық еттерінің қажуы қандай үдерістің әсерінен және қандай органикалық қосылыс түзіледі?
  • Неге көптеген тірі организмдер оттегі газымен тыныс алады? Оттегінің маңызы қандай?

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау.

Презентация

Сабақтың ортасы

6-12 мин.

13-16 мин.

17-23 мин.

24-30 мин.

(С) Оқушыларға проблемалық сұрақты қойыңыз:

  • Қандай тыныс алудың типі эволюциялық көзқарастан бірінші пайда болды? Неге, жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
  • Анаэробты тыныс алатын тірі организмдерді атаңыз.
  • Аэробты тыныс алатын тірі организмдерді атаңыз.

(С) Оқушыларға тыныс алудың химиялық/ауызша теңдеуін еске түсіруін сұраңыз.

Тыныс алудың химиялық/ауызша теңдеуін талдап болған соң оқуышыларға жасушаның суретін/сызбасын үлестіріңіз. Бұл сызбаға оқушылар анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістері өтетін аймақтарды белгілейді /цитоплазма, митохондрия/.

Бағалау критерийлері:

  • Анаэробты тыныс алу үдерісі жүретін органоидті дұрыс белгілейді.
  • Аэробты тыныс алу үдерісі жүретін органоидті дұрыс белгілейді.

(Т) Оқушыларға тірі ағзалар мен олардың тыныс алу әдістерін сәйкестендіру тапсырмасын ұсыныңыз.

(Ж) Оқушылардан аэробты және анаэробты тыны салу үдерістерінің химиялық теңдеулерін жазып, бір-бірімен салыстырып, талдауды сұраңыз.

(Ж.ж) (Б) Оқушылардан энергиямен қамтамасыз ету тәсілдерін аэробты және анаэробтыға ажыратуды сұраңыз. «Т» кестесін орындау.

(Ж) (Б) Оқушыларға кесте толтыруды ұсыныңыз

«аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру»

Презентация

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

31-37 мин.

38-40 мин.

Формативті бағалау жұмысы.

1.«Аденозинтрифосфат» терминіне анықтама береді;

2.АТФ молекуласының құрылысы мен қызметттерін сипаттай алады;

3.АТФ молекуласының тірі организмдер үшін маңызын және қандай процестерге қатысатынын талдай алады.

Рефлексия: плюс, минус қызықты.

  • Маған бүгін жаңалық болды?
  • Маған бүгін қызықты болды?
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды?

ФБ парағы

Стикерлер

Дифференциалдыоқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздікережелері

Оқушылыар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу