Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.2 В Тыныс алу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Сыныбы: 10

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезі

Оқу мақсаттары:

Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістері біледі мен химиялық реакция теңдеулерін жазады;

Көптеген оқушылар: Аэробты және анаэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстырады, ерекшеліктерін сипаттайды;

Кейбір оқушылар: аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерінің болу себептеріне түсініктеме береді.

Бағалау критерийі:

Сөйлеу дағдысын дамыту үшін бір бірімен ой бөліседі

Тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру барысында жазылым дағдыларын дамытады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

ұсынылған тапсырмалар бойынша аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру үшін жұптарда жұмыс жасау (айтылым және тыңдалым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

аэробты тыныс алу, анаэробты тыныс алу, аденозинтрифосфат (АТФ) мөлшері, глюкоза, көмірқышқылгазы, су, оттегі, энергия, сүт қышқылы лактат, этанол, цитоплазма, митохондрия, т.б.

Диалог жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

Аэробты тыныс алу ....... жүзеге асырылады. Анаэробты тыныс алу барысында .................. АТФ бөлінеді.

Құндылықтарды дамыту:

топпен және жұппен жұмыс жасай отыра, өзара көмек, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту.

Өз ойларын қорғауға, басқаның пікірін сыйлауға шақыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация арқылы тапсырмалар орындау

Бастапқы білім

Тыныс алу-тірі организм мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі (8 сынып), анаэробты және аэробты тыныс алу процестері, тыныс алудың сөздік терминдері, бұлшықеттің қажуы мен анаэробты тыныс алу мен аэробты тыныс алу арасындағы байланыс (9 сынып)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар, іс-әрекет түрі

Сабақтың басы

«Атомдар- молекулалар» тәсілі арқылы топқа бөлінеді.

Мақсат: кездейсоқ топтарда өзге сыныптастарымен тіл табыса жұмыс жасауға жұмылдыру.

(G)«Т» кестесі стратегиясымен жұмыс жасайды.

Жасушалық тыныс алу, аэробты тыныс алу, анаэробты тыныс алу, аденозинтрифосфат, аденозинмонофосфат, аденозиндифосфат, нуклеотид, азотты негіз, қант, рибоза, аденин, конденсация реакциясы, фосфорлану реакциясы, фермент, митохондрия терминдерінің мазмұнын анықтап, дәлелдерін келтіреді. Кесте толтырады.

Терминдер

Комментарий

Мақсат: өткен тақырыптар бойынша білімдерімен бөлісу, түсініксіз сұрақтарды талқылау.

Дағдылар

Бағалау критерийі

Білу, түсіну

Терминдерге дұрыс түсініктеме берген

Сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:

  • Қалай тірі организм өзін-өзі энергиямен қамтамасыз етеді?
  • Тыныс алу типтеріне байланысты ағзаларды қалай жіктеуге болады?

РРТ

Сабақтың ортасы

(Ж) Оқушыларға энергиямен қамтамасыз ету тәсілдерін анаэробты және аэробты тыныс алуға бөлінетіндігін көрсетіп, мәтінмен таныса отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, реакция теңдеулерін жазады, бұл процестер барысында түзілетін АТФ молекулаларының мөлшерін салыстырады.

Венн диаграммасын толтырады.

Анаэробты

тыныс алу

Аэробты тыныс алу

Жасушада орналасуы

Процестің жылдамдығы

Энергияның формасы

Реакция теңдеуі

Соңғы өнімдері

АТФ мөлшері

Процестің жүру жағдайлары

Толтырылған диаграмманы жұпта, топта талқылайды. Теориялық ақпарат туралы өз түсініктерін ортаға салады. Бұрыннан білетін ақпараттарды жаңа ұғымдармен толықтырады.

Мақсат: теориялық ақпараттарды талқылау.

Дағдылар

Жетістік критерийі

Білу, түсіну

ерекшеліктерді дұрыс анықтаған

ұқсастықтарды дұрыс көрсеткен

РРТ

Мәтінмен жұмыс

http://www.bio-faq.ru/zubr/zubr055.html

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

(І) қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды.

Мақсат: теориялық ақпараттарды қолдану мүмкіндіктерін тексеру

Рефлексия: Синквейн

Қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Жеке және топта жұмыс түрлерін орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

Кейбір оқушылар:

Сұрақтарға жауап береді

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу