Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Биология, 10 сынып, презентация.


Құрметті оқушылар! Жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болуы адамзатты қызықтырған сұрақтардың бірі? Яғни алғашқы бір жасушалылар, олардан көп жасушалылар қалай пайда болуы мүмкін? Химиялық эволюция мен биологиялық эволюцияның шекарасын не байланыстырады деп ойлайтынымыз анық.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз арқылы осы табиғат пен ғылым арасына “көпір”орнатып, сұрақтарға жауап табайық.

Мына шыны ыдыстағы сұйықтықтa әлі тіршіліктің белгісі білінбеген «бірінші реттік мұхит» сорпасы деп ойлайық. Сұйықтықта нәруыз, май, көмірсулар т.б органикалық қосылыстар молекулаларының қалқып жүрген концентрациялы ерітіндісі. Осы ерітіндіден органикалық заттар оқшаулану үшін олардың сыртын жарғақша қаптауы қажет. Яғни осы жарғақшаның пайда болуы алғашқы жасушалардың пайда болуының алғы шарты болды.

1

2

10.1 B:Жасушалық биология

Сабақтың тақырыбы:

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.

Оқу мақсаты:

10.4.2.2 сұйық теңбілді модельді қолдана отырып,жасуша мембранасының атқаратын қызметі,қасиеті және құрылымдары арасындағы байланысты орнату

Оқытудың тілдік мақсаты:

ауызша және жазбаша түрде мысалдар келтіре отырып, мембараның құрылысын және қызметін сипаттау.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Сұйық-теңбіл модель, жасуша мембранасы, фосфолипидтер, билипидті, гидрофобты, холестерол, протеиндер, нәруыздық және иондық каналдар,шеткі нәруыздар, гликолипидтер, тасымалдаушы нәруыздер, гликопротеиндер, рецепторлар, өткізгіштік, талдып өткізгіштік , белсенді тасымал, енжар тасымал, бас, құйрық.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы :

Мембраналар (жарғақшалар)...құрамына ...…атқаратын қызметі…

Холестерол мембранаға …… қасиет береді. Жасуша мембарансынан мына заттар ..........өтеді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар жасуша мембранасының құрылысы туралы білімдерін тереңдетеді және жүйелейді.

1. Барлық тірі ағзалардың жасушасында жасушалық мембрана және цитоплазма болады

2. Жасуша мембранасы тасымал қызметін атқарады

3. Жасуша мембранасы заттарды талдап өткізеді

4. Жасуша мембранасының сұйық кристалды теңбіл модельі нәруыз молекулаларынан тұрады

5. Ядро,пластид және Гольджи жиынтығы қос мембраналы органоидтарға жатады;

6. Жасуша мембранасынын сұйық кристалды теңбіл модельін ашқын ғалым Г. Мендель.

Жұптық жұмыс

Д.Тейлор.Н.Стоут.У.Грин «Мембрананың құрылысы»

Сұрақтар:

А-деңгей

Жасушаның негізгі бөліктерін атаңыз

Жасуша мембранасы қандай бөліктерден тұрады?

Жасуша мембранасының негізгі қызметін атаңыз.

В-деңгей

Мембрана қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

Фосфолипид,нәруыз молекулаларының ролі қандай?

С-деңгей

Не себепті липидтер мембрананың негізгі құрамдас бөлігі?

Не себепті пойкилотермді жануарлардың жасуша мембранасының құрамында қаныпқпаған май қышқылдары көп?

Қабықшаның сыртқы қабаты

Плазмалық мембрана

Жасуша қабырғасы

Гликокаликс

3.«Сұйықтық теңбіл» моделі

Г.Никольсон, С.Сингер

1.«Кілем моделі»

2.«Бутерброд моделі»

Жасуша мембранасы липидтердің екі қатар амфипатиялық молекулаларынан тұрады.Мұндай әр молекула екі бөліктен-бас және құйрықтан тұрады. Гидрофильді басы жасушаның ішкі және сыртқы қабатына қарап орналасады.

Гидрофобты қабаты бір-біріне қарап ішкі жағына орналасады

Жасуша мембранасының құрылысы

Фосфолипид молекуласында бір май қышқылы қаныққан, екіншісі қанықпаған. Липид молекулалары бір моноқабат шегінде бүйір бағытта 107 c орын ауыстыруға бейім.

Билипидті қабатқа сұйықтық тәрізді беткі керілу тән.Нәтижесінде ол тұйық қуыс түзеді.

Гидрофильді бас:

Холин

Фосфат

Глицерол

+

--

Алғашқы жасушаларда мембрананың пайда болуы

Бір жағынан суда ерімейтін,ұзын зарядсыз липидті «құйрық» пен екінші жағынан «полярлы бас». Егер оны қиып алса,суда ериді.Сондықтан да сулы ортаға түскенде фосфолипид молекуласы өзінің бір уақытта полярлы «басымен» еруге ал «құйрығын» суламауға ұмтылады.Осындай бір біріне қарама қарсы талапты орындау үшін липидті молекулалар топтарға бірігеді:Гидрофильді басы жасушаның ішкі және сыртқы қабатына қарап,гидрофобты қабаты бір-біріне қарап ішкі жағына орналасады.Осындай құрылым мицелла деп аталады.

Биқабаттың түзілгендігін анықтау

Тәжірибе1

Ыдысқа су құю + зәйтүн майын (құрамы жағынан фосфолипидке өте жақын) + май қосып араластыру нәтижесінде биқабаттың мицеллалары түзіледі. Мицеллада гидрофобты бөлігі ішке қарай тізіліп, сумен жанасудан қорғалады.

Мембранадағы липидтердің маңызы

Липид биқабат түзеді;

Липидті биқабат сұйық құрылымды, сырғымалы икемді қасиеті бар, сондықтан мембрана қозғалмалы, үнемі жаңарып отырады.

Биқабаттың нәтижесінде мембрана ішкі байланыстарын үзбей өзінің пішінін өзгертіп, иілгіш келеді.

Плазмалық мембрананың сырғымалылығы оның гидрофобты фосфолипид қабатының қасиетіне байланысты.

Мембраналық липидтер мен нәруыздар жарғақшада орын ауыстыра алады және зақымданған жері қалпына келеді;

Мембрана екіге бөлінген жерінен өздігінен тұйықталып, біртұтас құрылым құрайды;

Липидті биқабаттың таңдап өткізгіштік қасиеті бар;

Тапсырма:

№1 суретте А,В,С,D әріптермен қандай құрылымдар берілген?

В

А

D

С

Жасуша мембранасының негізгі қасиеттері және соған байланысты функциялары қандай органикалық қосылысқа байланысты болуы мүмкін?

Плазмалеммадағы протеиндер

Шеткі (перифериялық) нәруыздың бір қабаты фосфолипидтердің сыртында, ал бір қабаты жасушаның ішкі моноқабатында орналасады;

Мембранаға жартылай батып орналасатын нәруыздар-жартылай трансмембраналы деп аталады;

Мембрананы қақ жара орналасқан нәруыздар- трансмембраналы (интегралды) деп аталады.

Тапсырма

Берілген материалдан жасуша мембранасының моделін жасап, негізгі құрылымдарды және олардың атқаратын қызметтерін атау.

http/learn.genetics.utah.edu

Қажетті материалдар:

Түрлі-түсті қағаз,қайшы, желім

газдар

Полярлы емес молекулалар

Кіші полярлы

молекулалар

Ірі полярлы молекулалар

зарядталған молекулалар

бензин

этанол

глюкоза

аминқышқылы

иондар

Мембрананың негізгі қасиетінің бірі заттарды таңдап тасымалдауымен сипатталады: кейбір заттар мембрана арқылы өте алады, ал кейбір заттар өте алмайды.

.

Берілген молекулалардың қайсысы мембранадан өтуі мүмкін? Себебі?

Тәжірибе:

Жасуша мембранасынан глюкозаның тасымалдануы

Құрал жабдықтар: диализ түтігі, стақан, су

Реактивтер: крахмал ерітіндісі,амилаза ферменті, Бенедикт реактиві, йод ерітіндісі,спирт шамы.

әр түрлі ерітінділердегі эритроцит

Не себепті суда тіршілік ететін бір жасушалы

жиырылғыш вакуоль болады да, ал тұщы суда мекен ететін төмен сатыдағы балдырларда болмайды?

Үйге тапсырма

Егер сүтқоректі жануардың қанындағы барлық эритроциттер кенеттен жарылып кетсе, қандай салдарға әкеледі?

ВАК

Визуал, аудиал, кинестетик.

Back to Plenaries

Бүгінгі сабақта не үйрендік?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу