Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ :

Жасушалық биология

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні 2017

Мұғалімнің аты-жөні: Жайрбаева Р С

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.

Сабақ мақсаты

10.4.2.2 сұйық кристал теңбілді модельді қолдана отырып,жасуша мембранасының атқаратын қызметі,қасиеті және құрылымдары арасындағы байланысты орнату

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • кез-келген жасуша мембранадан тұратынын білу
  • жасуша мембранасының құрылысын анықтау
  • жасуша мембранасының атқаратын қызметін түсіну
  • жасушаның мембраналы органоидтарын білу
  • жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату
  • мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметтерін салыстыру

 Бағалау

  критерийлері

жасушаның сызбасынан (бактерия,өсімдік,жануар) кез-келген жасуша мембранадан тұратынын білу;

модель жасау арқылы жасуша мембранасы туралы білу;

модель жасау арқылы жасуша мембранасының құрылысын,ондағы нәруыз молекулаларының орналасу ретін анықтау ;

тәжірибе жасау арқылы жасуша мембранасының атқаратын қызметін түсіну;

жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметтерін салыстыру

 Тілдік мақсаттар

Ауызша және жазбаша түрде мысалдар келтіре отырып, мембрананың құрылысын,сұйық- теңбіл модельді сипаттау

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Сұйық-теңбіл модель, жасуша мембранасы, фосфолипидтер, билипидті, гидрофобты, холестерол, протеиндер, нәруыздық және иондық каналдар, шеткі нәруыздар, гликолипидтер, тасымалдаушы нәруыздер, гликопротеиндер, рецепторлар, өткізгіштік, талдып өткізгіштік , белсенді тасымал, енжар тасымал, бас, құйрық.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Мембраналар (жарғақшалар)...құрамына ...…атқаратын қызметі…

Холестерол мембранаға …… қасиет береді. Жасуша мембарансынан мына заттар ..........өтеді.

 Құндылықтар

Адамгершілік, тыңдау,өзара көмек,ұйымшылдық, бәсекеге қабілеттілік,ұқыптылық, тиянақтылық,іс-әрекетті мақсатқа бағыттау дағдылаын дамытуды жалғастыру.

 Пәнаралық байланыс

Физика, химия,математика, АКТ

Алдыңғы білім

Жасушаның құрылысы 6, 8, 9 сыныптарда

Молекулалық биология 10 сынып

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

0-2 минут

Психологиялық ахуал.

Құрметті оқушылар!

Жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болуы адамзатты қызықтырған сұрақтардың бірі. Яғни алғашқы бір жасушалылар, олардан көп жасушалылар қалай пайда болуы мүмкін? Химиялық эволюция мен биологиялық эволюцияның шекарасын не байланыстырады деп ойлайтынымыз анық.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз арқылы осы табиғат пен ғылым арасына “көпір”орнатып, сұрақтарға жауап табайық.

1слайд

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.

Презентация

Ортасы

Білімді белсендіру:

өткенді еске түсіру

1.Барлық тірі ағзалардың жасушасында жасушалық мембрана және цитоплазма болады

2.Жасуша мембранасы тасымал қызметін атқарады

3.Жасуша мембранасы заттарды талдап өткізеді

4.Жасуша мембранасының сұйық кристалды теңбіл модельі нәруыз молекулаларынан тұрады

5 Ядро,пластид және Гольджи жиынтығы қос мембраналы органоидтарға жатады;

6.Жасуша мембранасынын сұйық кристалды теңбіл модельін ашқын ғалым Г. Мендель.

Жұптық жұмыс (қосымша ақпаратпен жұмыс)

Д.Тейлор.Н.Стоут.У.Грин 1 томды ғаламтор желісінен жүктеп алу.

Сұрақтар:

А-деңгей

Жасушаның негізгі бөліктерін атаңыз

Жасуша мембранасы қандай бөліктерден тұрады?

Жасуша мембранасының негізгі қызметін атаңыз.

В-деңгей

Мембрана қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

Фосфолипид,нәруыз молекулаларының ролі қандай?

С-деңгей

Не себепті липидтер мембрананың негізгі құрамдас бөлігі?

Не себепті пойкилотермді жануарлардың жасуша мембранасының құрамында қаныпқпаған май қышқылдары көп?

«Жасуша мембранасының құрылысы»

Тапсырма №1

№1 суретте А,В,С,D әріптермен қандай құрылымдар берілген.

Бірін бірі бағалау

Тапсырма №2 Жеке жұмыс

«Жасуша мембранасының модельін жасау және әр органикалық заттарды олардың қызметтерін атау»

Қосымша №1

«Жасуша мембранасының жартылай өткізгіштігін зерттеу»

Проблемалық сұрақ:

Мына заттардың қайсысы жасуша мембранасы арқылы өтеді?

Заттар: су,оттегі, глюкоза, натрий, калий, аминқышқылдары,хлор, май қышқылдары.

Тәжірибе: Жасуша мембранасынан глюкозаның тасымалдануы

Глюкозанаңы мембранадан өту себебін түсіндіріңіз.

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Соңы

Рефлексия бүгінгі сабақта сен көз, құлақ, қолдарыңды пайдаланып, нені үйрендің?

Үй жұмысы:

Не себепті суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзаларды

жиырылғыш вакуоль болады да, ал тұщы суда мекен ететін төмен сатыдағы балдырларда болмайды?

Егер сүтқоректі жануардың қанындағы барлық эритроциттер кенеттен жарылып кетсе, қандай салдарға әкеледі?

Қосымша ақпарат

Барлық оқушылар:

Жасушаның және жасуша мембранасының құрылысын біледі;

Сұйықтық кристалдық модельдің құрылысын түсінеді;

Көпшілік оқушылар:жасуша мембранасының құрылысын атқаратын қызметімен салыстырады;

модельден нәруыздарды белгілейді;

Кейбір оқушылар:

Жасуша мембранасының

Тірі ағзалар тіршілігіндегі маңызын анықтайды;

Деңгейлік сұрақтарға жауап береді;

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тапсырмалар

Практикалық жұмыс

Әр тапсырмаға дескрипторлар

Өзін-өзі бағалау

Жұптық жұмысты бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Пәнаралық байланыс:

химия, физика, математика

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері:

Практикалық жұмыс қолға қолғап, көзді қорғау үшін көзілдірік кию.

АКТ слайд,анимация, видео

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Мақсатқа жетуге бағыттау;

Әркімнің пікірі құнды;

СӨС (мысалы:бауыр жасушаларындағы мембранның жұмысына кері әсер ететін заттарды пайдаланбау;

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу