file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Жасушалық биология

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шаметов А.К.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сұйық мозаика моделін қолданып жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланысты анықтау

Сабақ мақсаттары

Сұйық мозаика моделін қолданып жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланысты анықтау

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар: сұйық-мозаика үлгісін қолданып жасуша мембранасының құрылымын, қасиеттерін мен қызметтерін біледі

Көпшілік оқушылар: сұйық-мозаика үлгісін сипаттай алады

Кейбір оқушылар: сұйық мозаика моделін қолданып жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтай алады

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жасушалар /

Жарғақшалар...

тұрады/жасалған...

енгізілген

Физикалық бөлек

Рөлін атқарады

Х сияқты кейбір заттар жасушалы жарғақша арқылы Y-ке жылжу мүмкін…

Жасушалы жарғақшалар неден жасалған?

Жасушалық жарғақшалар қандай қызметтер атқарады?

Неге Жасушалы жарғақшалардың екі сызығы бар?.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім беру; өзбетімен және топта тиімді жасай білу; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму; негізгі терминдік сөздерді үш тілде айта алу және түсіну

Пәнаралық байланыстар

Физика – жасуша мембранасы арқылы заттардың диффузия арқылы өтуі;

Химия – органикалық молекулалар туралы химия пәніндегі білімдері

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың білімдерін бағалау;

Оқу мен оқытуды жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

4-10 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен, терминдік сөздермен таныстыру (1-2 слайдтар)

(G) (f) «Миға шабуыл» Сыныптың жасуша мембранасы не білетіндіктерін анықтау үшін «БББ» кестесі толтырылады (3 слайд).

Білемін

Білгім келеді

Білдім

«БББ» кестесі арқылы оқушылардың өз білімдеріне сыни ойлануларына ықпал ете отырып, сабақ соңында рефлексияны жүзеге асыруға болады. «Білдім» бағанын толтыра отыру арқылы оқушылар үнемі оқу қажеттілігін сезінуге үйренеді.

«Білемін» бөлімін алдымен 1-2 минут оқушылар жеке орындайды, сосын 2-3 минут бүкіл сыныппен талқылау жүргізу арқылы оқушыларға кері байланыс беріледі. «Білгім келеді» бағанын толтыру арқылы оқушылар өздерінің алдына мақсат қоя білуді, өз қажеттілігін анықтай алуды үйренеді. «Білдім» және бағанды сабақ соңында толтырады.

Презентация

Сабақтың ортасы

11 - 15 минут

15-20 минут

21-25 минут

26-35 минут

36-40 минут

(G) Сыныпты оқушы санына қарай бірнеше топқа бөліңіз. Топтарға электронды жасуша мембранасының элетрондық микроскоп көмегімен түсірілген миксросуреті көрсетіледі. Оқушылар не себепті мембрана екі сызық түрінде көрінетінін анықтайды, болжам жасайды (3 слайд).

Сыныптағы оқушылардың белсенділігін арттыру бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жүзеге асырылады немесе оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Кері байланыс берген кезде фосфолипидті бисқабат, фосфолипид молекуласының гидрофобты және гидрофилді бөліктері, тасымалдағыз нәруыздық каналдар, рецепторлық қызмет атқаратын глииолипидтер мен гликопротеиндер туралы білімдері толықтырылады.

(W) Жасуша мембранасының сұйық мозаика моделі құрылымының сызбасын бейнелеу арқылы сызбадағы әр элементтің қызметін түсіндіру. Нәруыз каналдары мен тасымалдаушылардың қызметтеріне қысқаша тоқталу.

Немесе https://www.twig-bilim.kz/kz/film/the-cell-membrane (алғашқы 0-2 минут аралығы) видеоны көрсетуге болады.

Уақыт болса келесі видеоларды да көрсету оқушылардың визуальды жадына жақсы әсер етеді.

https://www.youtube.com/watch?v=tlNX1zWiC40 (орыс тілінде – 2 минут)

https://www.youtube.com/watch?v=EL-A21k12k8 (ағылшын тілінде 01:30 минут)

(I) (f) Сыныпта тілдік мақсатты жүзеге асыру үшін «Сolor code and identify» тапсырмасы орындалады. Ең алдымен, оқушыларға Қосымша 1-дегі жасуша мембранасының суреті таратылады. Интербелсенді тақта көмегімен сыныпқа келесі кесте көрсетіледі. Оқушылар жауаптарын 4 слайдтағы кілт бойынша өзіндік тексеруді жүзеге асырады.

Тапсырманы орындау 5 минут жеткілікті.

Жауабы:

(G) (f) Сыныпты 3 топқа бөлінеді, әр топ жасуша мембранасының үлгісін жасайды. Үлгіні жасау үшін оқушыларға екі түсті таяқшалар мен 3 түсті пластилин, 3 А3 форматтағы ақ парақ ұсыныңыз:

Екі түсті таяқшаның көмегімен жасуша мембранасындағы фосфолипид молекуласының құйрықтары (гидрофобты) мен холестерол көрсетіледі. Пластилиндерден фосфолипид молекуласының басы (гидрофилді), нәруыздар (интеральды және шеткі), олигосахаридтер көрсетіледі.

Тапсырманы орындауға макисмум 6 минут уақыт беріңіз (себебі топтағы барлық оқушылар қатысуын талап ету керек, топ ережесі міндетті түрде сақталуы тиіс. Спикерді мұғалімнің өзі таңдайды.

Оқушылар өзге топтарға үлгілерін презентациялайды, топтар бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.

Осы тапсырма сыныпта оқушылардың ақпаратты кинестетикалық қабылдау қабілеттерінің дамуына ықпал жасайды.

(I) (f) Оқушылардың білімдерін тексеру үшін бағалау жүргізіледі.

Бағалау жұмысы оқу мақсатына сай жасалған. Бір сұрақ 5 бөліктен тұрады. Бағалау критерийлері мен марк схемасы (жауабы) берілген.

Презентация

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/the-cell-membrane

https://www.youtube.com/watch?v=tlNX1zWiC40

https://www.youtube.com/watch?v=EL-A21k12k8

Сабақтың соңы

41-45 минут

(G) (f) «Миға шабуыл»: оқушылар «БББ» кестесінің «Білдім» бағанын толтыру арқылы өтілген тақырыпқа рефлексия жасайды (3 слайд).

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Үй жұмысы: Сұрақ: Пойкилотермді («салқын қандылар») жануарлардың жасушасында қанықпаған май қышқылдарының мөлшері гомойтермді («жылы қандылар») жануарларға қарағанда әдетте көп. Осыны қалай түсіндіресіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті төмен оқушыларға мүмкіндігінше жеке түсіндіру

Тірек сөздер ұсыну

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу