Жасушалық биология. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
АВСD Тест
1.Жасушаның ішіндегі жартылай қоймалжын сұйықтық – бұл..
А) НуклеоплазмаС) Цитоқаңқа
В) ВакуольD) Цитоплазма
2. Лизосомалардың ішінде жүрмейтін, ал рибосомалардың ішінде жүретін процесс қалай аталады?
A) Көмірсулардың синтезделуі
B) Ақуыздардың синтезделуі
C) Нуклейн қышқылдарының тотықсыздануы
D) Липидтер мен көмірсулардың синтезделуі
3.Қай органоид жасушаның бөлінуіне қатысады?
A) ЦитоқаңқаC) Жасуша орталығы
B) ЦентриольD) Вакуоль
4. Ядроның негізгі құрылымдық бөлігі:
A) Хромосомалар C) Ядрошық
B) РибосомаларD) Нуклеоплазма
5. Плазмалық мембрана қандай молекулалардан құралған?
A) Липидтер C) Липидтер, ақуыздар және көмірсулар
B) Липидтер және ақуыздар D) Ақуыздар
6. Цитоплазманың атқаратын қызметтері:
A) Тургорды қамтамасыз етеді C) Қажетсіз заттарды жасушадан шығараруға
қатысады
B) Қорғаныш қызметін атқарады D) Органоидтар орналасқан жер
7. Митохондриилердің жасушадағы атқаратын қызметі:
A) Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдырату
B) Тұқымқуалайтын ақпаратты сақтау және беру
C) Органикалық және бейорганикалық заттарды тасымалдау
D) Жарықтың әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзу
8. Рибосомаларда болмайтын, ал лизосомаларда болатын процес
A) Көмірсулардың түзілуіC). Қоректік заттардың ыдырауы
B) Ақуыздардың түзілуіD). Липидтер мен көмірсулардың түзілуі
9. Ядрошықтар қандай процеске қатысады?
A) Ақуыздардың түзілуіне қатысадыC) Хромосомалардың екі еселенуіне қатысады
B) р-РНК синтезіне қатысады D) Тұтымқуалайтын ақпаратты сақтауға
және тасымалдауға қатысады
10. Жануар жасушасының өсімдік жасушасынан қандай айырмашылығы бар?
A) Целлюлозадан тұратын жасуша қабықшасының болуы
B) Цитоплазмада жасуша орталығының болуы
С) Пластидтердің болуы
D) Жасуша шырынына толы вакуольдердің болуы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?