Жасушалық биология. Биология, 10 сынып, презентация.
Жасушаның құрылысын қайталау
Тест АВСD
1.Жасушаның ішіндегі жартылай қоймалжын сұйықтық – бұл..
А) Нуклеоплазма С) Цитоқаңқа
В) Вакуоль D) Цитоплазма
2. Лизосомалардың ішінде жүрмейтін, ал рибосомалардың ішінде жүретін процесс қалай аталады?
A) Көмірсулардың синтезделуі
B) Ақуыздардың синтезделуі
C) Нуклеин қышқылдарының тотықсыздануы
D) Липидтер мен көмірсулардың синтезделуі
3.Қай органоид жасушаның бөлінуіне қатысады?
A) Цитоқаңқа C) Жасуша орталығы
B) Центриоль D) Вакуоль
4. Ядроның негізгі құрылымдық бөлігі:
A) Хромосомалар C) Ядрошық
B) Рибосомалар D) Нуклеоплазма
5. Плазмалық мембрана қандай молекулалардан құралған?
A) Липидтер C) Липидтер, ақуыздар және көмірсулар
B) Липидтер және ақуыздар D) Ақуыздар
6. Цитоплазманың атқаратын қызметтері:
A) Тургорды қамтамасыз етеді C) Қажетсіз заттарды жасушадан шығараруға қатысады
B) Қорғаныш қызметін атқарады D) Органоидтар орналасқан жер
7. Митохондриилердің жасушадағы атқаратын қызметі:
A) Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдырату
B) Тұқымқуалайтын ақпаратты сақтау және беру
C) Органикалық және бейорганикалық заттарды тасымалдау
D)Жарықтың әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзу
9. Ядрошықтар қандай процеске қатысады?
A) Ақуыздардың түзілуіне қатысады C) Хромосомалардың екі еселенуіне қатысады
B) р-РНК синтезіне қатысады D) Тұтымқуалайтын ақпаратты сақтауға және
тасымалдауға қатысады
10. Жануар жасушасының өсімдік жасушасынан қандай айырмашылығы бар?
A) Целлюлозадан тұратын жасуша қабықшасының болуы
B) Цитоплазмада жасуша орталығының болуы
С) Пластидтердің болуы
D) Жасуша шырынына толы вакуольдердің болуы
8. Рибосомаларда болмайтын, ал лизосомаларда болатын процес
A) Көмірсулардың түзілуі C). Қоректік заттардың ыдырауы
B) Ақуыздардың түзілуі D). Липидтер мен көмірсулардың түзілуі
Өзара бағалау
1-D; 2- B; 3-D; 4 -A; 5-B; 6- D;
7- A; 8 –D; 9–B; 10-B.
Электронды және жарық микроскоптарының көмегімен жасалған жасуша суреттерін қарастырыңдар.
Екі суреттің арасындағы айырмашылықтарды табыңдар.
Электронды микроскоппен қарағанда
Жарық микроскобымен қарағанда
Жарық микроскобымен қарағанда жақсы көрінеді: ядро, цитоплазма, орталық вакуоль, мембрана.
Электронды микроскоптың көмегімен көруге болады:
митохондрилер, ЭПТ, хлоропласттар, Гольджи аппараты, лизосомалар, рибосомалар.
Сабақ тақырыбы:
Жасушаның электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтарының құрылыс ерекшеліктері және олардың қызметі
Оқыту мақсаты
Электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтардың құрылыс ерекшеліктерін және қызметін түсіндіру
Сабақ мақсаты
электронды және жарық микроскоптарының көмегімен жасалған суреттерден жасуша органоидтарын анықтау;
көргеніңді салыстыру;
«өз органоидың» туралы ойдан карта құрастыру;
электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтардың құрылыс ерекшеліктерін және қызметін түсіндіру
Жасушының құрылысы және тіршілігі туралы видео көру.
Видео «Жасуша ішіндегі өмір»: https://www.youtube.com/watch?v=OlbNsA1ueS0
Тапсырма
Жасуша органоидтарының атауы жазылған карточкаларды жеребе салу арқылы таңдаңдар.
Жасуша органоидтары: жасуша қабықшасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бір- және екі мембраналы), ядро.
«Өз органоидың» туралы ойдан карта құрастырыңдар.
Критерийлері
органоидтың суреті;
органоидтың көлемі;
құрылыс ерекшеліктері;
негізгі қызметі
Әр жұп өз жұмысын көрсетеді
Жасушаның органоидтары туралы мәліметтерді оқыңдар
http://bilimland.kz/ru/home#lesson=13186
Тапсырма
1. Микрофотографиялар арқылы органоидтарды анықтаңдар.
2. Органоидтардың құрылысы мен қызметін сәйкестіріңдер.
3. Электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтардың құрылыс ерекшеліктері мен қызметін түсіндіріңдер
Бағалау критерийлері
1. Микрофотографиялар арқылы органоидтарды анықтай алады.
2. Органоидтардың құрылысы мен қызметін сәйкестіндіре алады.
3. Электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтардың құрылыс ерекшеліктері мен қызметін түсіндіре алады
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?