Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Редуцияланатын қанттарға екі қарапайым реакция тән – Бенедикт және Фелинг реакциясы

Сынамадағы қалпына келетін қанттарды анықтауға арналған сапалық және сандық реакциялар.

Олардың әсері сілтілік ортада қантардың альдегид топтары мен Cu2+ ионы арасындағы тотықтандыра – қалпына келтіру реакциясына негізделген. Бұл ретте мыс катионы мыс (I) оксидіне Cu2O дейінгі қалыпқа келеді.

Осы реакциялардың негізінде қанттардың мыстың (ІІ) валентті ионын (І) валентті ионына дейін тотықсыздандыратын қасиеті болып табылады

Екі реакцияда да сілті натрий гидроксиді NaOH мен мыс (ІІ) сульфатының (CuSO4) қатысында, ерімейтін мыстың (І) оксидін тотықсыздандырады.

Иондық теңдеуі: Сu2+ + e- → Cu+ көк түс кірпіш қызыл түс

Бенедикт реактиві – альдегидтік топты анықтау үшін арналған түсті сынама.

Реактив нәтижесінде көк түсті мыс (II) сульфаты ерітіндісі (сілтілік ортада) қызыл – кірпіш түсті ерімейтін мыс (I) оксидіне айналады. Мыс (I) оксиді тұнбаға түседі. Қанттың альдегидтік тобы болғандықтан бұл сапалық реакцияны заттардың құрамында қанттың болуын/болмауын дәлелдеу үшін қолданады.

Бенедикт сынамасының құрамындағы негізгі реагенттер мыналар:

мыс (ІІ) сульфаты

натрий карбонаты

натрий цитраты

Дисахаридтерді (сахарозаны) сұйытылған тұз қышқылымен бірге спиртшамда қыздырсақ, олар моносахаридтерге (глюкоза мен фруктозаға) гидролизденеді.

Моносахаридті көмірсулар тотықсызданатын қанттар, яғни құрамында альдегид тобы бар. Яғни сілтілік ортада мысты азайтып, ерітінді түсінің өзгеруіне әкеледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу