Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: ФМН НЗМ Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.1.3 редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

тәжірибелік жолмен ерігіш және ерімейтін қаттарды анықтай алады.

нұсқауларды қатаң сақтай отырып, ерігіш және ерімейтін қанттарды сапалы анықтайды.

Көптеген оқушылар:

тәжірибе кезінде болатын химиялық реакцияларды түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

жүргізілген тәжірибелерге бағалау беріп, оларды сандық қатынаста пайдалануды ұсына алады.

 Бағалау критерийлері

  • Ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды тәжірибеде дұрыс анықтайды
  • Тәжірибе кезіндегі химиялық үрдістерді сипаттайды, нақты нұсқаумен жүреді.
  • Нақты мақсаты мен болжамын анықтайды және бақылауларын пайдаланып дұрыс қорытыынды жасай алу

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

ерігіш және ерімейтін қанттарға қатысты химиялық тәжірибелерді сипаттау үшін сәйкесінше терминологияны пайдаланып, түстің көзге көрінетін өзгерістерін туғызатын химиялық үдерістерді түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

көмірсулар, мономерлер, полимерлер, қасиеттер, биологиялық қызметі, құрылымы, температура, белсенді үлескі, субстрат, редуцияланатын қанттар, редуцияланбайтын қанттар, моносахарид, дисахарид, мальтоза, сахароза, фруктоза, лактоза, галактоза, амилаза, амилопектин, крахмал, гликоген, целлюлоза, гексоза, мономер, полимер

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Бенедикт ерітіндісінің х см3 … қосыңыз.

Қоспаны х минут ішінде қыздырамыз.

Түтікті … саламыз.

Алынған … түстерге назар аударыңыз.

Қандай да бір нәрсенің қорытынды түсін жазыңыз.

Дисахарид хлорсутекті қышқыл әсерімен гидролизденеді.

Редуциялайтын қан … мыс сульфаты электронын береді.

Мыс тотығының қызыл шөгіндісі … түзеді/береді.

Редуцияланбайтын қанттар, егер ертеректе гидролизге ұшырамаса, Бенедикт реактивіне жауап бермейді.

Сахароза глюкоза және фруктоза моносахаридтеріне ыдырайды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық

1.Оқушылардың бір – бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.

2.Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

3.Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенің түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

4.Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

 Пәнаралық байланыстар

Көмірсулардың еритін және ерімейтін қасиетін түсіндіруде, талдауда органикалық химиямен байланысады.

Осы тәжірибеде қолданылатын реактивтер мен қышқылдар химиямен пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту. ИАТ -дан көрсетілім.видео арқылы тәжірибенің нұсқаулығын көреді, тыңдайды, тәжірибие жасауда пайдаланады.

Бастапқы білім

Көміртектердің құрамдас элементтері (7-сынып)

Биологиялық мономерлер және полимерлер (8-сынып)

Көмірсулардың қызметтері (9-сынып)

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

2-10

10-12

Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқыту мақсаты тақтаның сол/оң жағына орналастырылады.

(Ұ) Глюкоза мен сахарозаның диаграммалары кіреберістегі тақтаға орналастырылады. Оқушыларға осы диаграммалардың көшірмелері таратылады және бейнеленген элементтердің құрамдас бөліктерін 2 минут ішінде белгілеу сұралады. Оқушылар тақтада осы диаграммалармен жұмыс істейді.

(f) Проекторға глюкоза мен сахароза бейнесін шығарыңыз, оқушылардың диаграммамен жұмысы тексеріледі.

сахарозаның сәйкесінше диаграммалары:

http://goo.gl/o45FO

12-17

17-20

20-27

27-30

30-50

50-60

60-70

(М) Осы сабақтың мақсаты редуцияланатын және редуцияланбайтын қантты анықтау үшін бірнеше тәжірибе жүргізу екенін айтады.

(М) Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар туралы және неліктен редуцияланатын қант реакция беретінін түсіндіру.

Оқушылар элементтердің қайсысы редуциялайтын, ал қайсысы редуцияланбайтын болып табылатынын анықтайды.

«Clinistix» тест жолақтарын пайдалана отырып, глюкозаның редуциялану қабілетін көрсетеді. Тест жолақтары сахароза тәрізді редуцияланбайтын қанттармен жұмыс кезінде боялмайтынын білдіреді.

(Ұ) Зертханалық жұмыс.

(М) Қажетті заттарды көрсетіп, тәжірибені жүргізу барысын пысықтау.

@= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға назар аударылады.

Зертханалық жұмыстың мақсаты мен болжамын жазады. Айнымалыларын анықтап жазады.

(К) Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттармен тәжірибені орындау туралы қысқа бейне көрсету.

Осы білімдерді қолданумен, біріншіден, әр түрлі моносахаридтерде пайда болатын түстің өзгеруін, екіншіден, глюкозаның әр түрлі концентрацияларына аталған мерзімнен кейін алынған түсті белгілей отырып, қанттың азаюын Бенедикт тесті арқылы зерттей алады.

(Ж) Оқушылар жұпта жұмыс істейді және нұсқауларды сақтай отырып, алынған нәтижелерді жазады

Оқушылар тәжірибені орындау басталмас бұрын, 10 см аралықпен түс өзгерісін жазу үшін кесте дайындаулары керек.

1 кесте. Түрлі көмірсулардың ерігіштігі

Сынауықтар №

1 крахмал

2 глюкоза

3 фруктоза

4 сахароза

Сүзілген сынауықтағы түсі

Сүзілмеген сынауықтағы түсі

Ерігіштігі

(Ж/Ұ) Талдайды. Оқушылар қаралатын химиялық құрамды толық түсіндіру үшін тәжірибені биохимия бойынша өз білімдерін пайдаланып, алынған нәтижелерді толық сипаттайды.

(Жж) Қорытынды жасайды. Зерттеу жұмысын бағалайды.

«Clinistix» тест жолағы

http://goo.gl/o2lTB

Редуцияланатын қанттармен жақсы тәжірибенің сипаттамасын және бейнесін мына сілтеме бойынша табуға болады:

http://goo.gl/GoUyr

Редуцияланбайтын қанттармен тәжірибе:

http://goo.gl/9EF2h

Нұсқау парақтары.

70-75

75-78

79-80

(Ұ) Оқушылар жұмыс орындарын жинайды.

(f) Оқушылар әр түрлі көміртектердің суреттерінен редуцияланатын және редуцияланбайтын қантты олардың құрылу сызбалары бойынша сәйкестендіреді.

Кері байланыс: Нені білдім? Не қиын болды?

Нені жақсарту керек?

Үй тапсырмасы: Көмірсулар түрлерін «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар» тақырыбы бойынша Youtube мына сілтемелер бойынша бейне баян көріп келу

http://goo.gl/L3dx2

http://goo.gl/ZuF5b

Cызба

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Кейбір оқушылао нұсқауларды нақты сақтайтын болады. Жұптық жұмыс тәжірибені орындау кезіндегі қателерді болдырмауға көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушылар қыздыру кезіндегі температура мен уақыт өзгерістерін нақтырақ бақылайтын болады, сол арқылы редуциялайтын қанттар мен Бенедикт ерітіндісін қыздыру кезінде түстердің үлкен палитрасын бөліп көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар:

Осы тәжірибеде қолданылатын реактивтер мен қышқылдар химиямен пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді.

Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі:

Бенедикт ерітіндісінің құрамына улы зат болып табылатын мыс сульфаты кіреді. Ауызға түсуін болдырмау үшін,мұқият пайдаланыңыз.

Көзілдірінті пайдалану міндетті, себебі тәжірибе қыздырумен байланысты. Түтікшелерді ашық от үстіне қыздырмаңыз, буды пайдаланған дұрыс.

АКТ байланыстар:

АКТ тәжірибелердің орындалуын көрнекі көрсету үшін сабақ басында пайдаланылуы мүмкін.

Көмірсутектерді редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарға бөлу «drag and drop» жаттығуы түрінде орындалуы мүмкін.

НЗМ құндылықтарымен байланыс:

Улы материалдармен жұмыс жауапкершілікті тәрбиелейді.

Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады.

Қарым-қатынас дағдылары әріптесімен жұмыс және сұрақтарға жауап беру арқылы дамытылады.

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Формативті бағалау сабақ басында диаграммада қанттардың құрылысын белгілеуден басталады.

Сәтті орындалған тәжірибелердің көп бөлігі оқушылардың нұсқауларды нақты сақтау ептілігінің көрсеткіші болады.

Оқушылардың қабілеттері сабақ басындағы, барысындағы және соңындағы сұрақтар арқылы тұрақты бағаланатын болады.

Ой толғаныс

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жиынтық баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу