Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.1А Молекулалық биология және биохимия

Оқу мақсаты: биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

Дағдылар: білімді қолдану, анализ, синтез

Бағалау критерийлері

- заттарға зерттеу жүргізе алады

- заттың өзіндік ерекшелігін анықтайды

- ақуыздардың қасиеттерін сипаттайды және биологиялық нысандардағы ақуыздарды анықтау үшін сапалы реакцияларды біледі.

Пән: биология

Класс: 10________

Оқушының аты-жөні________________

Зертханалық жұмыс

«Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»

Жұмыстың мақсаты – ақуыз топтарына жататын заттардың өзіндік ерекшелігін анықтау және биологиялық нысандардағы ақуыздарды анықтау үшін сапалы реакцияларды білу.

Болжам

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Материалдар мен құрал-жабдықтар:

Биологиялық нысандар (тауық жұмыртқасы, шикі ет және ірімшік бөліктері, сүт)

  • спирт шамы немесе су моншасы
  • шыны түтіктер мен зертханалық штатив
  • гидроксид натрияның 10 %-дық ерітіндісі
  • гидроксид калияның 10%-дық ерітіндісі
  • мыс сульфатының ерітіндісі
  • HCl тұз қышқылының ертітіндісі
  • Қорғасын ацетаты немесе қорғасын нитратының ерітіндісі
  • HNO3 (конц.) ерітіндісі
  • асбест торы
  • өлшеуіш тамшуырлар
  • Әмбебап сынақ қағазы

Жұмыс барысы:

I. Ақуыздың химиялық құрамын анықтау

1.1. №1 тәжірибе. Көміртегі, сутегі мен оттегіні анықтау.

Мақсат: ақуыз құрамындағы С, Н, О анықтау.

1.Үш шыны түтігіне ет, ірімшік және жұмыртқаның ақуызының бөлігін салыңыз. Оларды қыздырыңыз.

Шыны түтік қабырғаларында не пайда болады?

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

1.2. №2 тәжірибе. Азотты анықтау.

Мақсат: Ақуыз құрамындағы азотты анықтау

2. 2 мл жұмыртқаның ақуызына 1 мл NaOH ерітіндісін қосыңыз. Алынған қоспаны қыздырыңыз.

Шыны түтіктің мойнына дымқыл әмбебап индикатор қағазын салыңыз.

Нені бақыладыңыз сипаттаңыз?

_______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

1.3. №3 тәжірибе. Ақуыздағы күкіртті анықтау

Мақсат: Ақуыз құрамындағы күкіртті анықтау.

3.Шыны түтікке 0,5 мл жұмыртқа ақуызының ерітіндісін және 0,5 мл натрий гидроксиді ерітіндісін құйыңыз. Қайнағанға дейін қыздырыңыз және Pb (CH3COO) 2 • 3H20 қорғасын ацетаттының ерітіндісін немесе Pb (NO3) 2 қорғасын нитратының бірнеше тамшысын қосыңыз.

Бақылауыңызды жазыңыз.

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

II. Ақуызды анықтау үшін арналған сапалық реакциялар

2.1. №4 тәжірибе. Ксантопротеин реакциясы.

Мақсат: Ксантопротеин реакциясының көмегі арқылы ақуызды анықтау

4. Қосылысы бар үш шыны түтікшесінің әрқайсысында ақ тұнба немесе ластану пайда болғанша 5-6 тамшы концентрлі қышқыл қосыңыз (өте мұқият!). Қоспаны қыздырыңыз (мұқият!). Бақылауды сипаттап, зерттеу нәтижелерін кестеге толтырыңыз.

Шыны түтік

Қосылатын заттар

Бақылау

 1

  

  

 2

 

 

 3

 

 

Қорытынды: _________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

2.2. №5 тәжірибе . Биурет реакциясы.

Мақсат: Биурет реакциясы арқылы ақуызды анықтау

5. 2 мл ақуызы бар шыны түтікте 5%-ға тең калий гидроксиді ерітіндісін қосып, шыны таяқпен араластырыңыз. Содан кейін 1% мыс сульфаты ерітіндісінің 2 тамшысын қосып, араластырыңыз. Бақылауды жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Жалпы қорытынды жасаңыз _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Қан сарысу ақуыздары – ақуыздардың гетерогенді тобы болып келеді, оның ішінде тасымалдаушы ақуыздар, ферменттер, иммуноглобулиндер, гормондар, ингибиторлық ақуыздар және басқалар кіреді. Рефракометрия - науқастарды диагностикалау үшін медицинада қолданылатын қан сарысуындағы ақуыз құрамын анықтаудың тиімді әдісі. Рефректометриялық әдіс ақуыздың ерітінділерінің жарық ағынының сыну қабілетіне негізделген.

7.1.графикті қараңыз. Ақуыздың ерітінділері 270-290 және 200-225 нм аралығында сіңіру қасиетіне ие. 270-290 нм аралығында сіңіру кезінде белок молекуласында ароматтық аминқышқылдардың - тирозин, триптофан және фенилаланин болуымен анықталады.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

а. 7.1 графикте нм кезінде толқын ұзындығының максималды сіңіруін көрсетіңіз_________.

b. 280 нм-ден қанша рет биік екендігін анықтаңыз? _________________________________________________________________________________ Мұндай өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз? ________________________________________________________________________________

d. Бұл әдіс арқылы диагностикалануы мүмкін аурулардың тізімін жазыңыз ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауаптар: а) 210 нм; б) 20 есе биік; в) көбінесе пептидтік байланыстарға байланысты; г) тамақ құрамында ақуыздың аздығы , ас қорыту немесе сіңіру процестерінің бұзылуы, бауыр аурулары, бүйрек ауруы, әсіресе проксимальды түтік зақымдану әсерінен сарысудағы ақуыз деңгейінің тапшылығына әкелуі мүмкін.

8.Қорытынды жасайық.

(а) Сабақта өз жұмысыңызды қалай бағалар едіңіз? ( өзіңізге баға қойыңыз)____________________________

(b) Көңіл күйініз қалай? (астын сызыңыз) тамаша, жақсы, нашар.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Оқушылар

Ақуыздың химиялық құрамын анықтайды

Болжам жасайды

Зерттеу жүргізеді.

Зерттеу нәтижелерін жазады

Қорытынды жасайды.

Ақуызды анықтау үшін сапалық реакцияларды зерттейді

Зерттеу жүргізеді

Зерттеу нәтижелерін жазады

Ақуызды анықтау үшін сапалық реакцияларды біледі

Қорытынды жасайды

7.1 графикте нм кезінде толқын ұзындығының максималды сіңіруін көрсетеді

280 нм-ден қанша рет биік екендігін анықтайды

Мұндай өзгерістердің себептерін түсіндіреді

Бұл әдіс арқылы диагностикалануы мүмкін ауруларды тізімін жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу