Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: NIS Актобе қаласы

Сабақтың тақырыбы: Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.

Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».

Сабақтың типі:  білімдерді жетілдіру сабағы, білу және дағдылау.

Түрі: зертханалық жұмыс сабағы

Күні:______________

Мұғалімнің аты-жөні: Абдукаримова А.А

КЛАСС: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді түсіндіре білу, басқада топ мүшелерімен зерттеуді талқылау, салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру, топпен жұмыс істей білу, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірін тыңдау.

 Тілдік мақсаттар

 

Биологиялық нысандардың құрамындағы ақуызды анықтауға арналған сапалы реакцияларды жазбаша сипаттау .

 Пәнаралық байланыстар:

Химия - зерттеу жұмыстарын жүргізу, зертханалық жабдықтарды қолдану, ақуыздарға сапалы реакциялар, химиялық байланыстың түрлері.

 Бағалау критерийлері

1. заттарға зерттеу жүргізе алады

2. заттың өзіндік ерекшелігін анықтайды

3. ақуыздардың қасиеттерін сипаттайды

4. биологиялық нысандардағы ақуыдарды анықтау үшін сапалы реакцияларды біледі.

 Құндылықтарды дарыту:

 

Сабақтың барысында басқада оқушылардың пікірін құрметтеу, идеяларды қалыптастыру, өз көзқарасын қорғау, оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Жасушадағы органикалық заттар.Ақуыздардың қасиеттері және қызметтері (7-сынып).

Ақуыздардың қасиеттері және биологиялық қызметтері (8-сынып).

ДНК молекуласының құрылымының принциптері: нуклеотидтердің комплементарлығы.

«ДНҚ моделінің құрылысы» модельдеу (9 сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1

1-3

3-7

7-10

10-15

15-17

17-19

19-20

Ұйымдастыру уақыты (амандасу)

( W/G) Оқушыларлардың танымдық белсенділігін жандандыру

«Кластер» қолдану

Дифференциация бойынша топқа бөлу

(жұмыртқа, балапан және тауық бейнеленген суреттерді оқушылардың үстелінің төменгі жағына бекітіп, әр оқушы өзіне арналған суреті бар карточкаларды алып, топ құрады.)

- мұғалім оқушыларға «Ақуыз» терминіне кілт сөздер жазуды ұсынады

ДЖ: 200 амин қышқылдары, органикалық заттар, биополимер, макромолекулалар, рибосомалар, ақуыз құрылымы, функционалдық топ (-NH2 және -COOH), пептидтік байланыс, 1 г ақуыз = 17,6 кДж, өмір көзі.

Тапсырмаларды тексеру (топ мүшелері арнайы топтарға берілген маркер түстерімен кластерді толтырады, шарт бойынша жауап қайталанбау қажет )

Мұғалім оқушылардың жауаптарын дұрыстайды және реттейді

(W)Миға шабуыл

«Таныс емес- таныстар»

Реакцияларды сипаттаңыз және заттарды анықтаңыз

Демонстрация видео-тәжірибе « Ақуызды анықтау»

(дыбыссыз)

Сабақтың тақырыбын және сабақ мақсаттарын қалыптастыру.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды және оқушыларды сабақтың мақсатын анықтауға жетелейді.

Слайд № 1-5 (ауызша сауалнама)

https://youtu.be/gShpqpDsGsw

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар

Сабақ ортасы

20-25

25-65

65-75

75-80

80-85

Жаңа материалдарды игеру

1. Қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулық (мұғалім оқушылармен сабақ барысында жүретін жұмыстың қауіпсіздік ережесін талқылайды).

Оқушылар ҚЕ журналына қолтаңбаларын қояды.

(P) Оқушылар жұп болып практикалық жұмыс жасайды. Содан кейін жұмыс нәтижелерін жазады.

(дағдылары жоғары оқушылар үшін №7 тапсырма қарастырылған – график бойынша жұмыс істеу)

Жұмыстың нәтижелерін талқылау

(Жұмыс барысында оқушылар қандай қиындықтарға тап болды?)

Өзін-өзі бағалау

(оқушылар зертханалық жұмыс орындау кезіндегі өз үлестерін бағалайды және бірін-бірі бағалайды). Оқушылар топтағы жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар және жұмыс нәтижесі бойынша ұсыныстар жасайды.

Мұғалім жұмысты бағалайды

Қосымша

(ҚЕ бойынша ережелер)

Қосымша

(Нұсқау карточкасы: зертханалық жұмыс)

Қосымща

(дидактикалық материалдар)

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар

Сабақтың соңы

85-89

89-90

Рефлексия : «3 ФАКТ»

Оқушылар сабақ тақырыбына байланысты 3 факт атауы тиіс

Үй тапсырмасы: 30 секундқа арналған хабарлама дайндау : Ақуыз құрылымына әсер ететін фактор.

(зертханалық жұмыста кездеспейтін фактор).

Қосымша ақпараттар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

ақуыздың құрылымына әсер ететін факторларды зерттеу

Оқушылардың көбі : Ақуыз құрылымына әсер ететін факторларды сипаттайды

Кейбір оқушылар:

зертханалық жұмыста көрсетімеген ақуыздың құрылымына әсер ететін факторларды сипаттау

Өзін-өзі бағалау – қосымша

Мұғалімнің бағалауы- бағалау критерийлері

(зертханалық жұмыс)

Сабақ кезінде бөлмедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу