Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар. Зертханалық жұмыс № Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалык материал
1. «Биурет реакциясы».
Бұл реакция нәруыздың бірінші реттік құрылымындағы аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстар бар екендігін көрсетеді.
2 мл нәруыз ерітіндісіне бірнеше тамшы (5 тамшы ) Биурет ерітіндісін (NaOH +Cu(SO)4 ) қосыңыз. Нәруыз қызыл күлгін түске өзгереді. Қыздырған кезде қою күлгін түске өзгереді.
2. « Ксантопротеиндік реакция».
Бұл реакция нәруыз құрамында бензол сакинасы бар аминқышқылдарды анықтауға арналған реакция.
Пробиркаға 2 мл нәруыз ерітіндісін және бірнеше тамшы (5 тамшы) концентрлі азот қышқылын (HNO3) тамызыңыз. Ақ түсті тұнба түзіледі. Пробиркадағы қоспаны қыздыратын болсақ сары түске өзгереді. Ерітіндіні суытып, тамшылата отырып концентрлі аммиак (NH3) ерітіндісін косар болсақ , көбейген сайын ерітінді қызғылт түске айналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?