Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар. Зертханалық жұмыс № Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс «Түрлі азық – түлік өнімдері құрамындағы нәруыз мөлшерін анықтау. Протеинді тестілеу»
Мақсаты (зерттеу сұрағы) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Болжам (Егер …. , онда ….)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өзгерістер:
Тәуелсіз өзгеріс – ізденіске ықпалды, әсерлі фактор, бұл факторды, сіз эксперимент барысында өзгерте аласыз. Мысалы, егер сіз температураның ашытқы ферментациясына әсерін зерттесеңіз, онда әртүрлі температура тәуелсіз өзгеріс болады.
Тәуелді өзгеріс – тәуелсіз өзгерістің өзгеруі нәтижесінде өзгеретін, өзгеріс. Бұл өзгерісті, сіз эксперимент барысында өлшейсіз, есептейсіз. Мысалы, тәуелді өзгеріс ашытқыдан бөлінетін СО2 мөлшері бола алады.
Басқарылатын өзгерістер – экспериментке әсер ететін, қалған барлық факторлар және бұл өзгерістің өзгеруі эксперимент нәтижелерін өзгертеді, бұлар эксперимент тазалығына әсерін тигізеді. Осылайша, жұмысты жоспарлау және орындау барысында өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет және басқарылатын айнымалылардың өзгермеуіне көз жеткізу керек. Мысалы, егер сіз ашытқы ферментациясына температураның әсерін зерттесеңіз, онда басқарылатын өзгерістер: рН, фермент және субстрат мөлшері, ферментация уақыты болып табылады
Өзгерістер | Факторлар | Басқаруды қалай іске асырамыз |
Тәуелсіз | ||
Тәуелді | ||
Басқарылатын |
Құрал-жабдықтар: (сандық және сапалық сипаттамалары көрсетілген, вертикалды қатармен тізілген)
- сынауықтар орналасқан штатив
- ұнтақтағыш
- піскен ет
- ірімшік
- пісірілген үрмебұршақ
- дистилденген су
- 10% сірке қышқылы
- 10% NaOH
- 1% CuSO4 ерітіндісі
- спиртовка
- шыны түтік ұстағыштар
- тамызғыштар немесе тамшуыр
- маркер
- шпатель, шыны таяқшалар
Қауіп - қатерді бағалау
Қауіп көзі | Мүмкіндіктер | Қауіптің алдын алу |
Мысалы қышқылдықтарды қолдану | Жоғары | Қорғаныш көзілдірік, халат, қолқап кию; қышқылдар ыдысын абайлап ашу, абайлап құю. |
Жұмыс барысы:
Тәжірибе № 1 «Түрлі тағам өнімдерінде (етте, ірімшікте, үрмебұршақта) нәруыздың болуын анықтау»
- Тағамдарды жеке – жеке ұнтақтағышқа салып уатып, езіңіз.
- Езілген езінділерді 2 см тереңдікте жеке – жеке стақандарға салып, үстіне дәл сондай мөлшерде дистилденген су құямыз да, шыны таяқшамен араластырып, бірнеше минутқа (2 минуттай) қойып қойыңыз.
- Осы уақытта штативтен сынауықтарды алып маркермен ретімен нөмірлеп белгілеңіз.
- Уақыт өткен соң, әр стақаннан 1cm3 мөлшерінде сұйық ертіндіні тамшуырмен алып, жеке – жеке үш сынауыққа құйыңыз.
- Кейін әр сынауыққа 2cm3 көлемінде натрий гидоксидінің ертіндісін тамызыңыз. Сәл шайқаңыз.
- Соңында әр сынауыққа 2cm3 мыс сульфатының ертіндісін тамызыңыз. Жақсылап шайқаңыз.
- Сынауықтардағы ерітіндіге назар аударыңыз! Қандай өзгеріс байқадыңыз?
- Егер сынауықтарда өзгеріс болмаса, 1- 2 минут спиртовка жалынында қыздырыңыз.
- Күлгін түс берсе, ертіндіде еріген нәруыз анықталғанын көрсетеді.
- Бақыланған өзгеріс нәтижелерін 1 – кестеге түсіріңіз.
Тәжірибе № 1 «Казеинді бөліп алу»
- Төртінші сынауыққа 2cm3 сүт және сонша мөлшерде дистилденген су құйып, артынан жақсылап шайқаңыз
- Дайындалған сынауықтағы ерітіндінің үстіне, ерітіндіде тұнба немесе қойыртпақ түзілгенше, тамызғышпен 10% сірке қышқылын тамшылатып тамызыңыз
- Ерітіндідідегі тұнбаны фильтр қағазымен сүзіп,тұнбаны сынауықта қалдарыңыз.
- Тұнбаны бірнеше қайтара дистилденген сумен шайып, сұйықтықты қайыра төгіңіз. Абайлаңыз тұнба сынауықтын ішінде қалуы керек.
- Бос ыдысқа 10% NaOH – дінен 1% NaOH –ін даярлаңыз.
- Сынауықтағы тұнбаны 1% сілтімен ерітіңіз.
- Даярланған сынауықтағы ерітіндіні екінші ыдысқа, ылғалданған фильтр қағазы арқылы фильтраттаңыз.
- Фильтраттан 1cm3 ерітінді алып, таза сынауыққа құйыңыз. Кейін үстіне 1 тамшы мыс сульфатын тамызыңыз.
- Сынауықтардағы ерітіндіге назар аударыңыз! Қандай өзгеріс байқадыңыз?
- Қызыл – күлгін түс берсе сүт құрамындағы казеин нәруызын анықтағаныңыз.
- Бақыланған өзгеріс нәтижелерін 1 – кестеге түсіріңіз.
- Кестеге атау беріңіз.
1 Кесте атауы « __________________________________________________________________»
Реакция атауы | Реагент | Субстрат | Бақыланған өзгеріс нәтижелері |
Етпен тәжірибе | |||
Ірімшікпен тәжірибе | |||
Үрмебұршақпен тәжірибе | |||
Сүтпен тәжірибе |
(а) Реакцияларда болған өзгерістердің нелермен шартталатынын түсіндіріңдер.
…………………………………………………………………………………………………………………
…………………………………………………………………………………………………………………
…………………………………………………………………………………………………………………
(b) Биуретті реакция қандай азық – түліктерде айқын көрінетінің, ұсыныңдар. Неге?
…………………………………………………………………………………………………………………
…………………………………………………………………………………………………………………
Сандық реакция. Бұл кесте биурет тестісіне берілген оптикалық тығыздықты сипаттайды.
Нәруыз концентрациясы(mol L-1) | Жұту 540 nm |
0.00 | 0.00 |
0.50 | 0.02 |
0.75 | 0.03 |
1.00 | 0.04 |
1.25 | 0.05 |
1.50 | 0.06 |
(а) Кестені графикке түсіріңіз.
(b) Егер консентрация 1,62 (mol L-1), жұту 540 нм болғанда не болады?
Өз жұмысыңызды,
жауабыңызды көрсетіңіз.
Зерттеу жұмысы барысында жіберілген екі қателік көзін көрсетіңіз. Әр жіберілген қателік көзін жақсарту жолдарын ұсыныңыз
Қателік көзі
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жақсарту жолы
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қателік көзі ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жақсарту жолы
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды: (болжам расталды ма?)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?