Зертханалық жұмыс. Ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс. Ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсері.

Тип урока:  білімін, шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру сабағы

Түрі : зертханалық жұмыс

күні:______________

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К.

КЛАСС: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсерін зерттеу.

 Сабақ мақсаттары

Зерттеу жұмысын жасау барысында практикалық дағдыларын қалыптастыру, жұмыс нәтижесін қорытындылай білу, салыстыру, топта жұмыс жасау, өз ойын нақты айта білу, өзгелердің пікірін тыңдай білуге дағдыландыру.

 Тілдік мақсаттар

Ақуыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсерін (температура, pH) жазбаша түрде сипаттау.

 Пәнаралық байланыстар

Химия –зерттеу жасау, зертханалық құрылғыларды пайдалану, ақуыз құрылымы, химиялық байланыстар түрлері.

 Жетістік критерийлері

Нәруыздардың құрылымына температураның әсерін зерттеу.

Нәруыздардың құрылымына рН әсерін зерттеу.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында басқалардың да пікіріне сыйлай білу, өзінің идеяларын ұсыну, өзінің дұрыс пікірін іске асыру.

Бастапқы білім

Оқушылар 7-сыныптың курсынан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді біледі, 8-сынып курсынан ақуыздар, олардың құрылысы мен қызметін біледі. ДНҚ молекуласының құрылымдарының принциптері мен нуклеотидтердің бір-біріне комплементарлығы. «ДНҚ молекуласының моделін» жасап біледі. Олардың сапалы реакциялар жүргізу үшін химиялық реактивтермен жұмыс дағдысы бар. (9 класс).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 мин

10 мин

3 мин

Ұйымдастыру

(амандасу, оқушыларға сәттілік тілеу)

Үй жұмысын тексеру (Оқушыларға ұсынылған қосымша материалда ауызша және жазбаша түрде тапсырманы орындауға болады.)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсатын қалыптастырады.

Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын түзейді.

қосымша (дидактикалық материал –жазбаша тапсырма)

Слайд № 1-5 (ауызша сұрақ)

Слайд № 6

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың ортасы

5 мин

40 мин

10 мин

5 мин

Жаңа тақырыпты игеру.

1. Техникалық қауіпсіздік ережелері (жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелері оқушылармен бірге талқылау).

Техникалық қауіпсіздік журналына оқушылар ережелермен танысқандығы туралы қол қояды.

(Р) Оқушылар зертханалық жұмысты жұппен бірге жасайды. Нәтижесін рәсімдейді.( Қабілеті жоғары оқушыларға №9 жұмыс графикпен жұмыс жасау тапсырылды.)

Жұмысты қорытындылау (оқушыларда жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?)

Өзін-өзі бағалау

(оқушылар жасалған зертханалық жұмысты өздерінің және басқа да топтардың жұмысын бағалайды. Топта жұмысты және оның нәтижесін одан әрі жақсарту мақсатындағы ұсыныстарды тұжырымдайды.

қосымша (ТҚ инструктаж)

қосымша (инструктивті парақша: зертханалық жұмыс)

қосымша (дидактикалық материал)

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың соңы

5 мин

1 мин

Рефлексия: «3 ФАКТ»

Оқушылар сабақтың тақырыбына қатысты 3 мәлімет (факт) келтіру қажет.

Үйге тапсырма: Ақуыз құрылымына әсер ететін фактор тақырыбында 30 секунд уақытқа хабарлама дайындау.

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

Барлық оқушылар: ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсерін зерттейді.

Оқушылардың көпшілігі: ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың әсерін сипаттайды.

Жекелеген оқушылар: зертханалық жұмыста көрсетілмеген ақуыздың құрылымына кейбір факторлардың әсерін сипаттайды.

Өзін-өзі бағалау– қосымша.

Мұғалімнің бағалауы– бағалау критерийлері (зертханалық жұмыс)

Сабақ барысында кабинетте техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстану.

Ой толғаныс

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жиынтық баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу