Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Нәруыздар туралы алғашқы мәліметтер:

20-ғасырдың 30-шы жылдарында кристалды түрдегі алғашқы нәруыздар алынды. Нәруыздардың қарапайым құрамы туралы алғашқы мәліметтерді голланд химигі және дәрігері Г.Я.Мульдер жариялады.

19-ғасырдың соңында нәруыздардан оннан артық амин қышқылдары бөлініп адынды. 1888 жылы орыс ғалымы Даниелевский нәруыздардағы пептидті байланысты анықтады. 1902 жылы неміс ғалымы химик Э.Фишер нәруызды молекулалардың пептидті теориясын ұсынды.

Нәруызды молекулалардың құрамы:

  • 50-51% көміртегі
  • 6,5-7,3% сутегі
  • 16% азот
  • 0,3-2,5% күкірт
  • 0-10% фосфор бар.

Нәруыздың құрамында 20 негізгі аминқышқылдары және бірқатар олардың туындылары табылған.

1.Моноаминомонокарбонды

2.Моноаминодикарбонды

3.Дикарбонды аминқышқылының амидтері

4.Диаминомонокарбонды

Нәруыздардың жіктелуі

Конформацияға байланысты:

Фибриллярлық

Глобулярлық

Фибриллярлық нәруыздар суда және сұйытылған тұзды ерітінділерде ерімейтін тұрақты заттар. Фибриллярлық нәруыздар-дәнекер ұлпалардың негізгі құрылымдық элементтері. Бұл нәуыздарға шандыр және сүйек ұлпаларының колагені, шаштың, терінің, тырнақтың альфа-кератині жатады.

Глобулярлық нәруыздардың попипептидтік тізбектері ықшамдалған сфералық немесе глобулярлық құрылымдарға тығыз оралған. Оларға: барлық ферменттер, антиденелер, кейбір гормондар, қан сарысу альбумині және гемоглобин жатады. Бұлшықеттің құрылымдық элементі –миозин, қан ұю жүйесінің белогы –фибриноген жатады.

Нәруыздардың құрылымы

1.Біріншілік

2.Екіншілік

3.Үшіншілік

4.Төртіншілік

Нәруыз молекуласының біріншілік құрылымы. Нәруыздың біріншілік құрылымы дегеніміз-полипептидті тізбекте бір-бірімен пептидті байланыс арқылы қосылған аминқышқылдарының саны және кезектілігі. Біріншілік құрылымы полипептидтік тізбектерден тұрады. Нәруыз молекуласының біріншілік құрылымы конформациялық код болып табылады.

Нәруыз молекуласының екіншілік құрылымы. Екіншілік құрылымы дегеніміз-конформациясын немесе басқа сегменттермен өзара әрекеттесуін ескермегендегі полипептидті тізбектің бөліктері атомдарының локальды кеңістікте орналасуы болып табылады. Екіншілік құрылымы сутектік байланыспен тұрақтанған альфа спираль түрінде болады.

Нәруыз молекуласының үшіншілік құрылымы. Көптеген нәруыздар полипептидтік тізбектері ықшамдалған глобулаға оралуы мүмкін. Альфа спиральдың кеңістік конормаясы немесе басқа молекулаларымен өзара әрекеттесуін ескермегендегі глобулярлық белоктардың полипептидтік тізбектерінің белгілі бір көлемде жинақталу әдісі үшіншілік құрылымы деп аталады. Үшіншілік құрылым ионды, сутектік, дисульфидті байланыс арқылы байланысады.

Нәруыз молекулаларының төртіншілік құрылымы. Төртіншілік құрылымы нәруыз молекулаларының құрылымдық ұйымдастығының ең жоғарғы деңгейі. Төртіншілік құрылымы бар олигомерлік нәруыздардың көпшілігін молекула үстілік қосылысқа жатқызуға болады. Мұндай нәруыздарға хромосомалар, рибосомалар, жасушалық мембраналар жатады. Төртіншілік құрылымда барлық байланыстың түрлері бар.

Жай нәруыздар:

Протаминдер және гистондар

Глютолиндер, порламиндер

Альбуминдер, глобулиндер

Протеиноидтер

Күрделі нәруыздар – бұлар екі компонентті нәруыздар, олар жай нәруыздан –апопротеинен және нәруызды емес аминқышқылды емес бөліктерден, басқаша айтқанда простетикалық топтан тұрады. Простетикалық топ әр түрлі табиғаты бар қосылыстар: көмірсулар, нуклейн қышқылдары, пигменттер, фосфор қышқылы түрінде болады. Күрделі немесе екі компонентті нәруыздар өздерінің простетикалық тобының түріне байланысты жіктеледі:

  • Фосфопротеидтер
  • Хромопротеидтер
  • Нуклеопротеидтер
  • Липопротеидтер
  • Глюкопротеидтер
  • Металопротеидтер.

Тапсырмалар:

1. Дұрыс жауаптарды тауып белгілеңіз (бірнеше жауабы дұрыс).

Нәруызды молекулалардың құрамы:

50-51% көміртегі

14-25% сутегі

79% азот

0,3-2,5% күкірт

0-10% фосфор бар.

2. Сөйемді аяқтаңыз:

Фибриллярлық нәруыздар - ......................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. Кестені толтырыңыз

Нәруыздар құрылымына байланысты түрлері

Байланыстың түрлері

Жауаптар:

1. Дұрыс жауаптарды тауып белгілеңіз (бірнеше жауабы дұрыс).

Нәруызды молекулалардың құрамы:

50-51% көміртегі

6,5-7,3% сутегі

16% азот

0,3-2,5% күкірт

0-10% фосфор бар.

2.Фибриллярлық нәруыздар суда және сұйытылған тұзды ерітінділерде ерімейтін тұрақты заттар.

3. Кестені толтырыңыз

Нәруыздар құрылымына байланысты түрлері

Бірінші реттік

Екінші реттік

Үшінші реттік

Төртінші реттік

Байланыстың түрлері

Пептидтік

Сутектік

Ионды, дисульфидті

Байланыстың барлық түрі бар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу