Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Нәруыздардың денатурациясы
Денатурация деп нәруыз молекуласының үшінші реттік құрылымының жоғалуын айтады. Бұл өзгеріс уақытша немесе тұрақты сипатта болуы мүмкін, бірақ екі жағдайда да нәруыздың амин қышқылдар тізбегі өзгеріссіз қалады. Денатурация кезінде молекуланың табиғи формасы өзгереді және өзінің қарапайым биологиялық қызметін орындау қабілетін жоғалтады. Нәруыз денатурациясына төменде берілеген әр түрлі факторлар себеп болуы мүмкін.
ҚЫЗДЫРУ НЕМЕСЕ СӘУЛЕЛЕНУ, мысалы инфрақызыл немесе ультракүлгін сәулелену. Нәруызға берілетін кинетикалық энергия, оның атомдарында тербеліс туғызады, нәтижесінде әлсіз сутектік және иондық байланыстар үзіледі және нәруыз ұйып (коагуляцияланады) қалады.
КҮШТІ ҚЫШҚЫЛДАР, КҮШТІ СІЛТІЛЕР ЖӘНЕ КОНЦЕНТРЛІ ТҰЗ ЕРІТІНДІЛЕРІ. Осы реагенттердің әсерінен иондық байланыс үзіледі және нәруыз коагуляцияланады. Реагенттің ұзақ әсер етуі пептидті байланыстардың үзілуіне әкелуі мүмкін.
АУЫР МЕТАЛДАР. Ауыр металлдардың оң зарядталған иондары (катиондар) теріс зарядталған нәруыздың R-тобы карбоксил-аниондарымен мықты байланыс түзеді. Сонымен қатар, олар нәруыздың ерігіштігін төмендетіп, оның электрлік поляризациясын азайтады. Сондықтан ерітіндідегі нәруыз тұнбаға түседі.
ОРГАНИКАЛЫҚ ЕРІТКІШТЕР МЕН ДЕТЕРГЕНТТЕР. Бұл реагенттер гидрофобты өзара байланысты бұзады және гидрофобты топтармен байланыстар түзеді. Нәтижесінде молекула ішілік сутектік байланыстар да үзіледі. Дезинфекция жасау құралы ретінде спиртті қолдану кез-келген бактерияларда болатын нәруыздардың денатурациясына әкелуіне негізделген.
Тейлор Д., Грин Н., Стаут У. Биология. Том 1. – Москва: Бином, 2015. – С. 139.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?