Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Практикалық жұмыс №
Нәруыздың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (рН, температура)
- Жұмыстың мақсаты/зерттеу сұрағы:
- Альбумин нәруызы құрылымына әр түрлі температуралардың (20/40/45/80 °С) әсерін зерттеу
- Альбумин нәруызының құрылымына әр түрлі рН (3, 7 , 14) қалай әсер етеді?
Гипотеза: оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі
Жоғары температурада сынауықта ақ тұнба түрінде денатурацияға ұшыраған нәруызды көруге болады; бөлме және 40 температурада өзгерістер байқалмайды.
рН 7 – өзгеріс байқалмайды, өт аз мөлшерде ақ түсті тұнба байқалуы мүмкін.
рН 3 – ақ тұнба түрінде денатурацияланған нәруыздар байқалады
рН 14 – сынауықтағы альбумин ерітіндісі желе тәрізді затта айналып, сұйық күйден қатты күйге ауысады
- Материалдар мен жабдықтар
Жұмыртқа альбуминін 500 мл ыдысқа салып дистилденген сумен араластырыңыз. Нәруыз біркелкі араласу үшін өте аз мөлшерде ас тұзын қосыңыз. Алдын-ала дайындалған ерітінділердің рН индикатор көмегімен анықтап алыңыз. Бүкіл сынып үшін 1000 мл шыны термотөзімді шыны ыдыстарға қажетті температурада сулы монша дайындаңыз. Сынауықтар термотөзімді болуы керек.
- жұмыртқа альбумині
- тұз қышқылы (рН-3)
- натрий гидроксиді (рН-14)
- дистилденген су (рН-7)
- термометр
- электрлік плита
- химиялық шыны стакан, 250 мл
- пипетка, 3 мл
- сынауық ұстағыш
- штатив
- 3 сынауық
Қатерлерді бағалау
Қауіп-қатер көзі | Ықтималдылығы | Төмендету шаралары |
Күшті қышқыл мен сілтілер | Жоғары | Қолғап, ақ халат, көлідірік кию |
Электрлік плитка | Жоғары | Сулы қолмен ток көзіне қоспау/суырмау. Жұмыс ақяталған соң ток көзінен суырып қою |
Шыны ыдыстар (химиялық ыдыстар) | Орташа | Тиіс орнына қою. Ұқыптылықты сақтау |
- Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Альбумин нәруызына әр түрлі рН әсері
- Үш сынауықты алып маркермен «3», «7» және «14» деп белгілеңіз. Оларға алдын-ала дайындалған 2 мл жұмыртқа альбуминін құйыңыз.
- рН буферін сәйкес сынауықтарына 2 мл мөлшерде қосыңыз және 10 минутқа қалдырыңыз.
- Уақыт аяқталған соң сынауықтардағы ерітінділерді салыстырыңыз. Қандай процесс жүрді?
- Мәліметтерді кестеге түсіріңіз.
2- тәжжірибе. Альбумин нәруызына әр түрлі температураның әсері
1. Үш түрлі (20/40/45/80 °С) су моншасын дайындаңыз. Сулы моншаны бүкіл сынып үшін алдын-ала дайындап қою қажет!
2. Үш сынауық алып оларды маркермен «20», «40», «45», «80» сандармен белгілеңіз. Олардың әрқайсысына алдын-ала дайындалған 2 мл мөлшерде жұмыртқа альбуминін құйыңыз.
3. Су моншалары дайын болғаннан кейін, сынауықтарды сәйкес су моншаларына 10 минутқа қалдырыңыз.
4. Уақыт аяқталған соң сынауықтардағы ерітінділерді салыстарыңыз. Нәтижесін кестеге жазып алыңыз.
- Деректер мен нәтижелер
Кесте 1. Альбумин нәруызына әр түрлі рН әсері
Әр түрлі рН көрсеткіштері | Байқалған құбылыстың сипаттамасы |
3 | ақ тұнба түрінде денатурацияланған нәруыздар байқалады |
7 | өзгеріс байқалмайды, өт аз мөлшерде аұ түсті тұнба байқалуы мүмкін |
10 | сынауықтағы альбумин ерітіндісі желе тәрізді затқа айналып, сұйық күйден қатты күйге ауысады |
Кесте 2. Альбумин нәруызына әр түрлі температуралардың әсері
Әр түрлі температура көрсеткіштері / 0С | Байқалған құбылыстың сипаттамасы |
20 | өзгеріс байқалмайды |
40 | өзгеріс байқалмайды, өт аз мөлшерде ақ түсті тұнба байқалуы мүмкін |
45 | Аз мөлшерде ақ тұнба түрінде денатурацияланған нәруыздар байқалады |
80 | Толық ақ тұнба түрінде денатурацияланған нәруыздар байқалады |
- Талқылау
Талқылау қойылатын критерийлер:
Әртүрлі температура мен рН мәні альбумин нәруызына қалай әсер еткендігін сипаттайды
Өзгеріс байқалған сынауықтардағы құбылыстарды әдебиеттерге шолу жасау арқылы түсіндіреді (нәруыздардың химиялық құрылымындаңы қандай химиялық байланыстардың үзілгендігін біледі, неліктен осы байланыстардың үзілетіндігін түсіндіреді (әсіресе қабілеті жоғары оқушылар)
- Зерттеу әдістерін бағалау
1 Тәжірибені бірнеше рет қайталау қателіктерді азайтады
2 Өзге топтардың нәтижесімен салыстыру қателіктерді анықтауға көмектеседі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?