Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Молекулалық биология және биохимия

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шаметов А.К.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

1 Альбумин нәруызы құрылымына әр түрлі температуралардың (20/40/45/80 °С) әсерін зерттеу

2 Альбумин нәруызының құрылымына әр түрлі рН (3, 7 , 14) қалай әсер етеді?

Сабақ мақсаттары

түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

1 Альбумин нәруызы құрылымына әр түрлі температуралардың (20/40/45/80 °С) әсерін зерттеу

2 Альбумин нәруызының құрылымына әр түрлі рН (3, 7 , 14) қалай әсер етеді?

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар: нәруыздың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсерін біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады

Көпшілік оқушылар: нәруыздың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады, айнымалыларды анықтайды, болжам жасайды

Кейбір оқушылар: нәруыздың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады, айнымалыларды анықтайды, болжам жасайды, жинақталған мәліметтерге талдау жүргізеді, қорытындылайды, жақсарту шараларын ұсына алады

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Нәруыздар

Белки

Proteins

Амин қышқылдары

Аминокислоты

Amino acids

Пептидтік байланыс

Пептидная связь

Peptide bond

Полипептид

Полипептид

Polypeptide

Денатурация

Денатурация

Denaturation

Денатурациялаушы агенттер

Денатурирующие агенты

Denaturing agents

Сутектік байланыс

Водородная связь

Hydrogen bonds

Иондық байланыс

Ионная связь

Ionic bonds

Дисульфидтік байланыс

Дисульфидная связь

Disulfide bonds

Гидрофобты байланыс

Гидрофобная связь

Hydrophobic interactions

Ысыту

Нагревание

Heat

Ауыр металл тұздары

Соли тяжелых металлов

Heavy metal salts

рН өзгеруі

Изменение рН

pH changes

Табиғи пішін

Натуральная форма

Native conformation

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Нәруыздар X-тен тұрады

өзіне қамтиды

жасай алады (жасайды)

Амин қышқылдардың молекуласы Y – реакциясы нәтижесінде X -байланыстан тұрады.

Нәруыздар бұл X, сондықтан орта жағдайы өзгерсе ... ұшырайды

Себебі/ X болғандықтан, Y байлныстар үзіледі

Егер рН X болса, онда Y байланыс үзіліп, нәруыз ...

Бұл факторлар X-тағы Y-ты үзілуіне әкеледі

Бұл қасиет X-тен шығады ...

Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім беру; өзбетімен және топта тиімді жасай білу; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму; негізгі терминдік сөздерді үш тілде айта алу және түсіну

Пәнаралық байланыстар

Физика – нәруыздардың физикалық күйінің өзгеруі; температураның әсері

Химия – нәруыздардағы иондық, сутектік, гидрофобты байланыстардың үзілуі, күшті сілтілер мен қышқылдар

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың білімдерін бағалау;

Оқу мен оқытуды жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

4-10 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Келесі сұрақтарды қою арқылы оқушылар сабақ тақырыбын болжайды.

Оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру (1-2 слайдтар)

Өткен сабақтарда қолданылған терминдерді түсінгендіктерін тексеру үшін ағылшын тілінде сәйкестендіру жұмысын жүргізіңіз.

Сабақтың ортасы

10-15 минут

21-40 минут

(G) (f) Тәуекелдерді бағалау: Оқушылармен бірге қауіп-қатер көзі анықталып, барынша азайту шаралары талқыланады.. Оқушылар нұсқау парағындағы «Тәуекелдерді (қауіптілікті) бағалау» кестесін толтырады:

Қауіп-қатер көзі

Қауіп-қатер деңгейі

Қауіп-қатерді барынша азайту шаралары

Күшті қышқыл мен сілтілер

Жоғары

Қолғап, ақ халат, көлідірік кию

Электрлік плитка

Жоғары

Сулы қолмен ток көзіне қоспау/суырмау. Жұмыс ақяталған соң ток көзінен суырып қою

Шыны ыдыстар (химиялық ыдыстар)

Орташа

Тиіс орнына қою. Ұқыптылықты сақтау

Талқылаудан соң барлық оқушылар мен мұғалім техника қауіпсіздік журналына қол қояды.

(I) (f) Гипотезаны анықтау арқылы оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі.

Жоғары температурада сынауықта ақ тұнба түрінде денатурацияға ұшыраған нәруызды көруге болады; бөлме және 40 температурада өзгерістер байқалмайды.

рН 7 – өзгеріс байқалмайды, өт аз мөлшерде ақ түсті тұнба байқалуы мүмкін.

рН 3 – ақ тұнба түрінде денатурацияланған нәруыздар байқалады

рН 14 – сынауықтағы альбумин ерітіндісі желе тәрізді затта айналып, сұйық күйден қатты күйге ауысады

G (f) Оқушылар жұппен айнымалыларды анықтап, кестені толтырады.

Айнымалылар – тәжірибенің соңғы нәтижесіне әсер ететін барлық фактор

Тәуелсіз айнымалы – әсер ету ерекшелігі (механизмі) зерттелетін, тәжірибе жасаушы өзгертетін фактор: температура, рН

Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалының әсерін көрсетітін, тәжірибенің гипотезасын растауда қолданатын оң нәтиже алуға ықпал жасайтын фактор: сынауықтағы тұнба / денатурацияланған нәруыз

Бақыланатын айнымалы – барлық тәуелсіз айнымалының нұсқасында сақталуы шарт факторлар. Тәжірибедегі қателіктерді азайтады: температураның барлық су моншасында бірдей болуы керек, барлық сынауықтарға бірдей көлемде альбумин, рН ертінділері құйылуы керек, барлығы бірдей уақытта су моншада / рН реакциясында ұсталуы тиіс. Аталған айнымалының біреуінің өзгеруі нәтиженің дұрыс шықпауына алып келеді. Бұл оқушылардың зерттеушілік дағдыларының, жауапкершілікті сезінулерінің дамуына оң ықпал етеді.

E / G (f) Нұсқаулық бойынша жұмысты орындайды. Нәруыздарды сулы моншаға қалдырған соң оқушыларға рН әсерін зерттеуді бастауды айтыңыз. (W) Зерттеудің екінші бөлімін түсіндіріңіз – әртүрлі рН нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу.

W (f) Сыныптың нәтижелері өзара салыстырылады. Нәтижелер мен пікірлер талданады.

Жоғары темперутамен әсер еткенде қандай химиялық байланыстар бірден үзіледі?

Химиялық байланыстардың қай түрі температурация төзімдірек келеді?

(W) (f) Сыныптың нәтижелері өзара салыстырылады. Нәтижелер мен қорытындылар талқылаңады.

рН өзгергенде ең алдымен құрылымдағы қандай химиялық байланыстар үзіледі?

Не үшін? Себебін түсіндіріңіз

Сабақтың соңы

41-45 минут

Рефлексия: Оқушылардан тәжірибені жақсарту жолдарын ұсынуды сұраңыз:

Оқушылардың жауаптары келесі критерийге сәйкес болуын қадағалаңыз:

Өзге оқушылардың нәтижесімен өз нәтижеңді салыстыру қатені анықтауға көмектеседі

Тәжірибені бірнеше рет қайталау арқылы қателіктерді азайтады

Жұпта/топта жұмыс жасаудың артықшылықтары

Үй жұмысы: зерттеу нәтижесі туралы жазба жазу (қысқа мәтін түрінде)

Талқылау қойылатын критерийлерді ұсыныңыз:

Әртүрлі температура мен рН мәні альбумин нәруызына қалай әсер еткендігін сипаттайды

Өзгеріс байқалған сынауықтардағы құбылыстарды әдебиеттерге шолу жасау арқылы түсіндіреді (нәруыздардың химиялық құрылымындаңы қандай химиялық байланыстардың үзілгендігін біледі, неліктен осы байланыстардың үзілетіндігін түсіндіреді (әсіресе қабілеті жоғары оқушылар)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті төмен оқушыларға мүмкіндігінше жеке түсіндіру

Тірек сөздер ұсыну

Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу