Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А – Молекулалық биология және биохимия

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушы біледі:

- ақуыздардың құрамы бойынша

- ақуыздарды құрылымдық деңгейі бойынша

- ақуыздарды қызметі бойынша жіктелуін

Оқушы түсінеді:

- ақуыздардың денатурация мен ренатурация процессін және жіктелуіндегі ерекшеліктерін

Оқушы жасай алады:

- ақуыздардың әр түрлі классификациясы бойынша жіктей алады

Бағалау критерийлері

Ақуыздарды химиялық құрылымы мен құрамы бойынша және құрылымдық деңгейі мен атқаратын қызметтеріне байланысты түсіндіре алып, жіктей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар ақуыздарды әртүрлі топтарға жіктеу үшін топта айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыта отырып, жұмыс істей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Аминоқышқыл, карбоксил тобы, амин тобы, пептидтік байланыс, сутектік байланыс, альбумин, коллаген, актин, миозин, меланин, гемоглобин, кератин, глобулин, бірінші реттік құрылым, глобулярлы, фибрилярлы, құрылымдық ақуыз, простетикалық топ, протеиндер, протеидтер, денатурация, ренатурация.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ақуыздың бірінші реттік құрылымындағы пептидтік байланыс...

Жай ақуыздар тек ..... құралған.

Күрделі ақуыздар ....... және ............. құралған.

Құрылымына қарай ақуыздар бөлінеді: .......

Ақуызың реттік құрылымының қайтымсыз өзгеруі ...... деп аталады.

Ренатурация дегеніміз ..............

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

1.Оқушылардың бір – бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.

2.Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

3.Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенің түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

4.Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

Пәнаралық байланыстар

Органикалық химия

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Оқушылар 7-сыныптың курсынан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді біледі, 8-сынып курсынан полимерлер және мономерлер ұғымдарын түсінеді. 9-сынып курсынан оқушылар органикалық заттардың биологиялық функцияларын түсінеді, қасиеттерін анықтай алады. Оларды зерттей алады, зерттеу үшін химиялық реактивтермен жұмыс дағдысы бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Ұжымдық ортаны қалыптастыру.

1. Оқушылармен амандасу

2. Сабаққа қатысуларын түгендеу

2-7 мин

Ой толғау

Балаларға ақуыздың атаулары бар карточкаларды таратып, олардың орналасқан жерлері жазылған каточкалары мен сәйкестендіруді сұраймыз.

Болған соң, осы аталған сөздерді не біріктіреді? Деген сұрақ қойылады.

Күтілетін жауап: Нәруыздар

Интербелсенді тақта (ИТ), презентация,

карточкалар

5-7 мин

Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазу немесе презентация арқылы таныстыруға болады)

Тақта, маркер

7-20 мин

Ұғыну

(М) Мұғалімнің түсіндіруі

Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды.

● Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:

қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);

күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

● Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.

Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады.

Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.

● кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);

● Ақуыздың құрылымының деңгейлерi:

1 — біріншілік, 2 — екіншілік,

3 — үшіншілік, 4 — төртіншілік

● Ақуыздың жасуша тіршілігіндегі атқаратын қызметтері:

1. Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар организмдегі химиялық реакцияларды жүзеге асырады. Ферменттің катализдік белсенділігі өте жоғары болады. Олар реакцияның жүруін ондаған, жүздеген мың есе тездетеді. Мысалы, қарын сөлінен бөлінетін пепсин ферменті нәруыздарды протеидтерге дейін гидролиздейді.

2. Нәруыздардың келесі маңызды қызметі – тасымалдау. Нәруыздардың бұл тобы әртүрлі маңызды заттарды жасуша ішінде және бүкіл организм бойынша бір жерден екінші жерге тасымалдау қызметін жүзеге асырады.Мысалы, қан нәруызы гемоглобин оттекті қосып алып, оны дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады. Ал Альбумин жасушаның энергетикалық шикізаты- май қышқылын тасымалдайды.

3. Бұлшықеттің маңызды нәруыздары – актин және миозин. Нәруыздардың бұл тобы жасуша мен организмдегі түрлі қозғалыс процестерін жүзеге асырады. Мысалы, хромосоманың, талшықтардың қозғалуы.

4. Нәруыздардың жабынды тіректік және құрылыстық қызметті атқаратын көптеген нәруыздар жатады.Мысалға, тасбақа сауыты, құс тұмсығы, тырнақ, шаш, тері, ішек пен қантамырларлың қабырғасы осы нәруыздардан құралған. Құрылымдық нәруыздар – микрофибрилдер де осы топқа жатады.

5. Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздарға, мысалы, денеге түскен бөгде заттарды зарарсыздандыратын антиденелер- Иммуноглобулиндер жатады. Фибриноген нәруызы қан ұюына қатысады. Бұл жарақаттанғанда қан кетуден сақтайды.

6. Қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар әртүрлі сигналдарды қабылдап, оларды өңдеуде үлкен рөл атқарады. Мысалы, родопсин нәруызы жарық сигналдарын қабылдап алып таратады. Тілде болатын әртүрлі қабылдағыштар заттардың дәмін анықтайды.

7. Организмді коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар, мысалы, сүт нәруызы – казеин жасушада аминқышқылына дейін ыдырайды. 1г нәруыз толық ыдырағанда 17,6 кДЖ энергия бөлінеді.

ИТ, презентация Ppt

Сабақтың

ортасы

20-25 мин

25-40 мин

( 3 мин )

40-55 мин

Балаларға ақуыздың құрылысы және құрамы бойынша ақпараттық парақшалар (қосымша 1,2,3) беріледі.

(Ж) Жұптық жұмыс

Оқушыларға оқып танысып және көршісімен талқылауға уақыт беріледі.

) Топтық жұмыс.

Кейін класты үш топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі. Берілген ақпарат көзінен оқушылар таныстырылым әзірлейді:

1. Ақуыздардың құрамы бойынша

2. Ақуыздардың құрылымы бойынша

3. Ақуыздардың қызметі бойынша

Оқушылармен бірге бағалау критерийлері анықталады, мысалы:

  • кестенің толық толтырылуы;
  • мәліметтердің қысқа да түсінікті болуы;
  • мағлұматтардың дұрыстығы;
  • регламент, т.б.

(таныстырылымды өткізуге: плакаттарды, интерактивтік тақтаны, қабырғалық тақтаны (бор/маркер), оқушылардың жұмысын іліп көрсетуге арналған қабырғаның беткі қабатын пайдалануға болады;)

Топтардың таныстырылымы.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын « екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша бағалайды, яғни ұтымды және жақсартуды қажет ететін жағдайларды айтады.

Ақпараттық парақша, (қосымша 1),

(қосымша 2),

(қосымша 3).

55-60 мин

Мұғалім оқушылардың әр тобының таныстырылымынан кейін кері байланыс бере отырып, қажет жағдайда оқушылардың жұмысын түзеп, толтырып отырады.

65-75 мин

Сабақты бекіту

Оқушылар «Нәруыздарды жіктеу және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды

Таратпа қағаздар (қосымша )

Сабақтың

соңы

76-80 мин

Рефлексия «Табысқа жету баспалдағы»

Оқушылар слайдта берілген әр баспалдақ бойынша бүгінгі сабақ бойынша кері байланысты стикерге жазып, мұғалімге тапсырады немесе тақтаға жапсырады. Мұғалім рефлексия жазылған стикерлерді сабақты талдау, келесі сабақта ескеру үшін қолданады.

Үй жұмысы

Берілген сілтеме бойынша тапсырмаларды орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Сабақта оқушыларға қолдау көрсету топ арқылы іске асырылады. Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірлеріне қажетті көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша ақпарат таратып, түсіндіреді.

Пәнаралық байланыстар-

Химия

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

Улы материалдармен жұмыс жауапкершілікті сақтайды.

АТК байланыстар

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу дағдыларын дамыту

Құндылықтармен байланыстар

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы «ынтымақтастық» және «өмір бойы оқу» құндылықтарын дарыту

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бүгінгі сабақта оқушылардың жұмысын бағалау топпен жұмыс арқылы іске асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу