Зертханалық жұмыс № Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А Молекулалық биология және биохимия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс № Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.6 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу тәсілдерін білу және зерттеу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Температураның нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
  • рН-тың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
  • Әр түрлі жағдайлардың әсерінен нәруыздардың құрылымын өзгеруінің себептерін түсіндіре алады;

Бағалау

критерийлері

  • болжамды тұжырымдайды және тұжырымды ойды ауызша айтып береді;
  • тәуелді, тәуелсіз, бақыланатын өзгерістерді анықтайды;
  • нәруыздардың құрылымындағы зерттеу жүргізеді;
  • зерттелетін нысандар құрамындағы нәруыздың құрылымы жайында қорытынды шығарады.

Тілдік мақсаттар

 

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар жұпта нәруыздардың құрылысы, құрылымдық ұйымдасуы, және олардың тірі ағзадағы рөлі жайында әңгімелесіп, бір – біріне сұрақтар қойып, жауап бере алады, тұжырымды ойды жазбаша сипаттап, қорытынды жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

chemical properties

химические свойства

химиялық құрылымы  

hydrogen bonds

водородные связи

сутектік байланыстар

cohesion

межмолекулярная связь

Молекулааралық байланыс 

adhesion ionic

ионная связь

иондық байланыс  

сovalent bonds

ковалентная связь

ковалентті байланыс 

globule 

глобула

глобула 

micro fibrils 

микрофибрилл

микрофибрилл 

 proteins

протеины

протеиндер  

 аminoаcids

аминокислоты

аминқышқылдар

 enzymes

ферменты

ферменттер  

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

  • Оқушылардың бір – бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

  • Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенің түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

  • Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

Пәнаралық байланыстар

Органикалық химия

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

9-сынып курсынан оқушыларда органикалық заттарға сапалы реакциялар жүргізу, зерттеу үшін химиялық реактивтермен жұмыс дағдысы бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Ұжымдық ортаны қалыптастыру.

  • Оқушылармен амандасу
  • Сабаққа қатысуларын түгендеу

2 – 10 мин

Ой толғау

Мұғалім. Тақтаға нәруыздардың төрт реттік құрылымы бар суреттерді презентация арқылы көрсетеді.

-Осы суреттердегі ақуыз молекулаларындағы химиялық байланыс түрлерін атаңдар?

- Пептидті, сутекті, дисульфидті, молекулааралық.

- Осы химиялық байланыстар мен ақуыз молекуласының құрылымы арасындағы байланысты тауып көріңдер?

- Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды.

- Полипептидті тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды. Бір орамдығы NH-топтары мен көршілес орамдығы CO-топтары арасындығы түзілетін сутектік байланыс арқылы оралым ұсталынып тұрады. Сутектік байланыстар коваленттік байланыстардан анағұрлым әлсіз. Бірақ бірнеше рет қайталанғанда, олар берік байланысады. Нәруызда оралмалы бөліктерінің бар болуы, оған жылжымалылық, мықтылық, серпімділік қасиет береді.

- Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы. Бұл кезде құрамында S атомы бар аминқышқылы – цистеиннің радикалдарының арасында байланыс түзіледі. Бұл әлсіз байланыс, бірақ молекулалардың тағы да бүктеліп шумақталуының нәтижесінде беріктігі арта түседі.

-  Құрылысы жағынан жақын бірнеше нәруыздың үшінші реттік құрылымының шумақ түзіп орналасуын нәруыз молекуласының төртінші реттік құрылымы дейді. Төртінші реттік құрылым - бірнеше нәруыз молекулаларының молекулааралық байланыс арқылы байланысқан қосындысы. Осы төотінші реттік құрылыммен жаңа қасиет нәруыз қызметінің реттелуі пайда болады.

- Ақуыз молекуласын құрайтын байланыстар үзілген жағдайда олардың құрылымдық құрылысы өзгереді ме?

- Өзгереді, себебі ақуыз молекуласын құрайтын байланыстардың ұзілуі, оның құрылымдық құрылысын өзгертеді, бұны денатурация деп атайды.

-Түрлі ақуыздарда денатурацияның болғанын қалай анықтауға болады?

- Түрлі ақуыздарда денатурацияның болғанын анықтау үшін зертханалық жұмыс орындауымыз қажет.

Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазуға немесе презентация арқылы корсетуге болады). Зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қауіптің ықтималдылығына баға берілді.

Интербелсенді тақта (ИТ), презентация

Сабақтың

ортасы

10 – 20 мин

Ұғыну

Мұғалімнің түсіндіруі

Ақуыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, ақуыздардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы ақуыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған ақуыз өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де ақуыздардың денатурациялануы жатады.

Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, ақуыздардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір ақуыздар, мысалы, тауық жұмыртқасының ақуызы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Ақуыздар ерігенде, басқа да ЖМҚ сияқты коллоидты ерітінділер түзеді.

Айнымалылар:

Тәуелсіз айнымалы – ізденіске ықпалды, әсерлі фактор, бұл факторды, сіз эксперимент барысында өзгерте аласыз.

Тәуелді айнымалы – тәуелсіз өзгерістің өзгеруі нәтижесінде өзгеретін, өзгеріс. Бұл өзгерісті, сіз эксперимент барысында өлшейсіз, есептейсіз.

Басқарылатын айнымалылар – экспериментке әсер ететін, қалған барлық факторлар және бұл өзгерістің өзгеруі эксперимент нәтижелерін өзгертеді, бұлар эксперимент тазалығына әсерін тигізеді. Осылайша, жұмысты жоспарлау және орындау барысында өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет және басқарылатын айнымалылардың өзгермеуіне көз жеткізу керек.

Интербелсенді тақта (ИТ), презентация

21 -70 мин

Мұғалім: Әр түрлі жағдайлардың, соның ішінде рН пен температураның ақуыз құрылымына әсерін зерттеп анықтау үшін зертханалық жұмыс жүргізуіміз қажет.

Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс парақшаларындағы нұсқаулар бойынша жұмыс атқарады.

З.Ж. парақшалары

Сабақтың

соңы

71 - 80 мин

Рефлексия «Табысқа жету баспалдағы»

Оқушылар слайдта берілген әр баспалдақ бойынша бүгінгі сабақтан алған білімін стикерге жазып, мұғалімге тапсырады немесе тақтаға жапсырады. Мұғалім рефлексия жазылған стикерлерді сабақты талдау, келесі сабақта ескеру үшін қолданады.

Үй жұмысы. Мына сілтемелер бойынша

«Ақуыздардың қасиеттерін анықтау» тақырыбы бойынша тапсырманы оқып танысып келу ұсынылды.

ИТ, презентация

http://bambookes.

ru/stuff/laboratornye

_raboty/khimija/

laboratornaja_rabota

_14_svojstva_belkov/9-1-0-2597

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушыларға қолдау көрсету жұптар арқылы іске асырылады. Жұппен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірлеріне қажетті көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша ақпарат таратып, түсіндіреді.

Бүгінгі сабақта оқушылардың жұмысын бағалау зертханалық жұмыс парақшалары арқылы жекелей іске асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу