Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Денатурация және ренатурация (нәруыздардың құрылымы)
Мәлімет
Нәруыздардың құрылымының бұзылуы денатурация деп аталады. Денатурацияға әсер ететін факторлар:
1.Температураның жоғарылауы
2.Радиация
3. Сілті мен қышқылдар
4. Ауыр металдар
5. Қысым
6. Спирт
Ренатурация нәруыз молекуласының қайта қалпына келуі.
Тәжірибе | Жұмыстың барысы | Қорытынды |
№1 | Сынауыққа 1-2 мл нәруызды құйыңыз, қыздырыңыз. Нені байқадыңыз? Төмендегі сұраққа жауап беріңіз: 1.Нәруызды бұрыңғы қалпына келтіруге болады ма? | |
№2 | Сынауыққа 1-2 мл спиртті құямыз. Жұмыртқаның нәруызын құямыз. Нені байқадыңыз? | |
№3 | https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=11332 сайтынан 3 практикалық жұмысты (этанол, оттық,қорғасын нитратының ерітендісі бойынша) жасап, қорытындысын шығарыңыз. |
Оқыту мақсаты | № |
| ||
10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу | 1 |
| ||
|
Мұғалімге арналған
Жауап:
№1 тәжірибе. Денатуация кезінде үшінші реттік құрылымдар бұзылады, нәруыз қалпына келмейді, өзінің қызметін жоғалтады.
№2 тәжірибе. Спирт нәруызды сусыздандырады, денатурацияға ұшырайды.
№3 тәжірибе. Үш тәжірибеде де нәруыздардың денатурациясы жүзеге асады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?