Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. (D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу». Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Практикалық жұмыс №
Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтау
Жұмыстың мақсаты: редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және оларды бенедикт ерітіндісі арқылы анықтай білу
Болжам
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қажетті құрал – жабдықтар:
- сынауықтар
- штатив
- су моншасы, 600С
- А, В қанттар ерітіндісі сынамалары
- Бенедикт ерітіндісі
- сұйылтылған тұз қышқылы
- натрий гидрокарбонаты
- тамшуырлар
- дистилденген су
Қауіп-қатерді бағалау
Қауіп-қатер көзі | Ықтималдылығы | Төмендету шаралары |
Жұмыс барысы:
Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.
1. Сынауықтарды белгілеңіз (А, В). Әрбір сынауыққа тиісті қанттар ерітінділерінен 2 мл мөлшерде құйыңыз.
2. Осы сынауықтарға 2 мл мөлшерде Бенедикт ерітіндісінен қосып шығыңыз.
3. Барлық сынауықтарды су моншасына (600С) 5 минутқа қалдырыңыз.
4. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықтарды су моншасынан шығарып, ерітінділердің түстерін салыстырыңыз және нәтижесін кестеге жазып алыңыз.
5. Редуцияланатын қанттар қай сынамада екенін анықтаңыз. Не себепті олай ойлатыныңызға негіздеме келтіріңіз.
Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.
1. Алғашқы тәжірибеде анықталған, редуцияланбайтын қант ерітіндісі сынамасын алыңыз.
2. Сынауыққа – қант ерітіндісі сынамасынан 2 мл, сұйылтылған тұз ерітіндісінен 1 мл мөлшерде құйыңыз.
3. Сынауықты су моншасына орналастырып, 1 минут бойы қайнатыңыз. Ерітіндіні натрий карбонатымен абайлап бейтараптандырыңыз.
4. Ерітіндінің бейтараптанғанын лакмус қағазымен тексеріңіз.
5. Осы сынауыққа 3 мл Бенедикт ерітіндісін құйып, су моншасына (600С) 5 минутқа қалдырыңыз.
6. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықты су моншасынан шығарып, ерітінді түсіне мән беріңіз. Нәтижесін кестеге жазып алыңыз.
7. Редуцияланбайтын қанттың не себепті қызыл-кірпіш түске боялғанын түсіндіріңіз.
Деректер мен нәтижелер
Кесте 1. Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.
Қанттар сынамалары | Бастапқы түсі | Соңғы түсі | Анықтама |
А | |||
В |
Кесте 2. Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.
Қант сынамасы | Бастапқы түсі | Соңғы түсі | Анықтама |
Талдау
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды:

Бағалау
Шектеулер мен кемшіліктер
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жақсарту жолдары
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?