Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. (D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу». Биология, 10 сынып, презентация.


Тотығу - тотықсыздану дегеніміз не?

Ойланып жауап беріңіздер

11.1В Молекулалық биология және биохимия

Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар

Дайындаған: Биология пәні мұғалімі Бугуева Раушан Нұрдаулетқызы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы

Бағалау критерийлері:

Редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы дұрыс анықтап, кестеге дұрыс мәліметтер жинаса.

Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың Бенедикт ерітіндісінде түстерінің ерекшеліктерін түсіндіре алса

ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтай алса

Терминология

Практикалық жұмыс № 3

«Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу»

Жұмыстың мақсаты: редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және оларды бенедикт реакциясы арқылы анықтай білу

Болжам жасаңыз

https://www.youtube.com/watch?v=zEaaVALgW0c бейнематериалмен таныссыңыздар

Бенедикт реактиві – альдегид тобын анықтауға арналған көк түсті ерітінді.

Бенедикт ерітіндісінің құрамы мыс (ІІ) сульфаты, натрий карбонаты және натрий цитратынан тұрады. Редуцияланатын қанттар – мыс (ІІ) иондарынан [Сu2+] тұратын, еритін, көк мыс сульфатын ерімейтін қызыл-кірпіш, мыс оксидіне (І) дейін тотықсыздандырады. Мыс оксиді тұнбаға түседі.

Теориялық негіздеме

Редуцияланбайтын қантқа (мысалы, дисахарид - сахароза) сұйылтылған тұз қышқылын қосып қайнатқанда, дисахарид қанты моносахаридтерге дейін гидролизденеді. Сахароза – глюкоза мен фруктозаға ыдырайды. Олардың екеуіде редуцияланатын қантқа жатады және Бенедикт реакциясын жүргізген кезде сәйкес нәтиже көрсетеді.

Қажетті құрал – жабдықтар:

сынауықтар

штатив

су моншасы, 600С

А, В қанттар ерітіндісі сынамалары

Бенедикт ерітіндісі

сұйылтылған тұз қышқылы

натрий гидрокарбонаты

тамшуырлар

дистилденген су

Қауіп-қатерді бағалау

Жұмыс барысы:

Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

1. Сынауықтарды белгілеңіз (А, В). Әрбір сынауыққа тиісті қанттар ерітінділерінен 2 мл мөлшерде құйыңыз.

2. Осы сынауықтарға 2 мл мөлшерде Бенедикт ерітіндісінен қосып шығыңыз.

3. Барлық сынауықтарды су моншасына (600С) 5 минутқа қалдырыңыз.

4. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықтарды су моншасынан шығарып, олардағы ерітінділердің түстерін салыстырыңыз және нәтижесін кестеге жазып алыңыз.

5. Редуцияланатын қанттар қай сынамада екенін анықтаңыз. Не себепті олай ойлатыныңызға негіздеме келтіріңіз.

1. Алғашқы тәжірибеде анықталған, редуцияланбаған қант ерітіндісінің сынамасын алыңыз.

2. Сынауыққа – қант ерітіндісі сынамасынан 2 мл, сұйылтылған тұз ерітіндісінен 1 мл мөлшерде құйыңыз.

3. Сынауықты су моншасына орналастырып, 1 минут бойы қайнатыңыз. Ерітіндіні натрий карбонатымен абайлап бейтараптандырыңыз.

4. Ерітіндінің бейтараптанғанын лакмус қағазымен тексеріңіз.

5. Осы сынауыққа 3 мл Бенедикт ерітіндісін құйып, су моншасына (600С)

5 минутқа қалдырыңыз.

6. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықты су моншасынан шығарып, ерітінді түсіне мән беріңіз. Нәтижесін кестеге жазып алыңыз.

7. Редуцияланбайтын қанттың не себепті қызыл-кірпіш түске боялғанын түсіндіріңіз.

Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау

Деректер мен нәтижелер

Кесте 1. Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

Кесте 2. Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

Талдау___________________________________

Қорытынды______________________________

Бағалау__________________________________

Шектеулер мен кемшіліктер________________

Жақсарту жолдары________________________

Кері байланыс

Үйге тапсырмасы : Қанттың пайдасы мен зияны туралы хабарлама даярлау.

Қолданылған ресурстар тізімі

Грин Тейлор, 1-том 146 бет

https://www.youtube.com/watch?v=zEaaVALgW0c

http://goo.gl/ZuF5b

http://goo.gl/L3dx2

http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/529587/128/123/4284/

https://kk.wikipedia.org/wiki/

http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=d;1567

http://studopedia.ru/6_76272_monosaharidter.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу