Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар. (D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу». Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітемін»

ӘБЖ жетекшісі / /

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: 11.1В

Молекулалық биология және биохимия

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

  • Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар.
  • (D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу»

Оқу мақсаты

  • Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтау

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарды атай алады

Көбісі қанттардың тотықсыздану қасиетін түсіндіре алады;

Кейбіреулері редуцияланбайтын қанттарды тәжирибе негізінде анықтай алады

Бағалау критерийлері

  • қанттардың тотықсыздандыру қасиетіне байланысты жіктелуін біледі
  • редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың негізгі ерекшеліктерін түсіндіре алады
  • ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

 Құндылықтар

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін терең академиялық білім беру; өзбетімен және топта тиімді жасай білу;

Өзіндік ізденіс қабілетін тұрақты қалыптастыру және өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму; негізгі терминдік сөздерді үш тілде айта алу және түсіну

 Пәнаралық байланыстар

Химия: химиялық формулалар;

ағылшын тілі: терминдерді есте сақтау барысында тілдік дағдыларды қолдану.

 АҚТ қолдану

Электрондық оқулықтарды қолдану, википедия, презентациялар.

 Алдыңғы білімдер

Сабақ барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин.

6-10 мин

10-15 минут

15- 20 минут

Амандасу. Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін анықтау Ынтымақтастық атмосферасын құру.

« Миға шабуыл» Оқушыларға төмендегідей сұрақ қойыңыз.

  • Тотығу - тотықсыздану дегеніміз не? (пәнаралық байланыс)
  • Қанттардың молекулаларында болатын топтарды атаңыздар.
  • Осы топтарға байланысты қалай аталады?

Жаңа сабақ тақырыбына шығу, мақсаты, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.

  • Жаңа сабақ тақырыбы: «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар»

(D) «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтау»

Бағалау критерийлері:

  • Редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы дұрыс анықтап, кестені дұрыс толтырса.
  • Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың Бенедикт ерітіндісінде түстерінің ерекшеліктерін түсіндіре алса
  • ерітінділердегі редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды анықтай алса

Бағалау критерийлерін талдап болған соң, оқушыларға арналған теориялық материалды оқушыларға оқып түсінуге уақыт беріңіз.

Сабақ барысында кездесетін терминдерге түсіндірме беріңіз

Оқушылар түсінігін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қою арқылы, мәтінге талдау жүргізіңіз.

  • Редуцияланатын, редуцияланбайтын қанттарға қай көмірсулар жатады?
  • Не себепті осылай жіктеледі ?
  • Қандай ерітінділер арқылы оларды анықтауға болады?
  • Не себепті сахароза редуцияланбайтын қантқа жатады?

Теориялық негіздемені оқушылармен талдап болған соң, зертханалық жұмысты орындауға кірісіңіздер.

Жұмыстың тақырыбы, мақсатын оқушылармен тақырып негізінде талқылап, дәптерге түсіріңіздер.

Оқушыларға практикалық жұмысқа болжам жасауды сұраңыз. Болжам жасау кезінде егер, онда деген сөз тіркестерін қолданып құрауына назар аударыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=zEaaVALgW0c бейнематериалмен таныссыңыздар

Қажетті құрал – жабдықтар тізімін дәптерге түсіріңіздер

  • сынауықтар
  • штатив
  • су моншасы, 600С
  • А, В қанттар ерітіндісі сынамалары
  • Бенедикт ерітіндісі
  • сұйылтылған тұз қышқылы
  • натрий гидрокарбонаты
  • тамшуырлар
  • дистилденген су

Қауіп-қатерді бағалау

Қауіп-қатер көзі

Ықтималдылығы

Төмендету шаралары

Практикалық жұмыс барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын оқушылармен талқылап, техникалық қауіпсіздік журналына қол қойғызыңыз.

Оқушылар химия пәнінен алған білімдерін қолдананып, жауап береді.

Қосымша1 Зертханалық жұмыстық нұсқау парағы

Қосымша 2 Бенедикт ерітіндісінің құрамы мен дайындау әдісі (төменде берілген )

Сабақтың ортасы

20- мин.

    • мин.

Жұмыс барысы:

Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

1. Сынауықтарды белгілеңіз (А, В). Әрбір сынауыққа тиісті қанттар ерітінділерінен 2 мл мөлшерде құйыңыз.

2. Осы сынауықтарға 2 мл мөлшерде Бенедикт ерітіндісінен қосып шығыңыз.

3. Барлық сынауықтарды су моншасына (600С) 5 минутқа қалдырыңыз.

4. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықтарды су моншасынан шығарып, ерітінділердің түстерін салыстырыңыз және нәтижесін кестеге жазып алыңыз.

5. Редуцияланатын қанттар қай сынамада екенін анықтаңыз. Не себепті олай ойлатыныңызға негіздеме келтіріңіз.

Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

1. Алғашқы тәжірибеде анықталған, редуцияланбайтын қант ерітіндісі сынамасын алыңыз.

2. Сынауыққа – қант ерітіндісі сынамасынан 2 мл, сұйылтылған тұз ерітіндісінен 1 мл мөлшерде құйыңыз.

3. Сынауықты су моншасына орналастырып, 1 минут бойы қайнатыңыз. Ерітіндіні натрий карбонатымен абайлап бейтараптандырыңыз.

4. Ерітіндінің бейтараптанғанын лакмус қағазымен тексеріңіз.

5. Осы сынауыққа 3 мл Бенедикт ерітіндісін құйып, су моншасына (600С) 5 минутқа қалдырыңыз.

6. Уақыт аяқталғаннан кейін сынауықты су моншасынан шығарып, ерітінді түсіне мән беріңіз. Нәтижесін кестеге жазып алыңыз.

7. Редуцияланбайтын қанттың не себепті қызыл-кірпіш түске боялғанын түсіндіріңіз.

Деректер мен нәтижелер

Кесте 1. Редуцияланатын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

Қанттар сынамалары

Бастапқы түсі

Соңғы түсі

Анықтама

А

В

Кесте 2. Редуцияланбайтын қанттарды Бенедикт ерітіндісі арқылы анықтау.

Қант сынамасы

Бастапқы түсі

Соңғы түсі

Анықтама

Талдау

Сабақтың соңы

30-35 мин.

75-78 минут

78-80 минут

Қорытынды:

Бағалау

Шектеулер мен кемшіліктер

Жақсарту жолдары

Сабаққа кері байланыс «Басбармақ» әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Үйге тапсырмасы : Қанттың пайдасы мен зияны туралы хабарлама даярлау.

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Жеке – формативті бағалау түрі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.

Сабақтың рефликсиясы

Қосымша 1

Мұғалімге қосымша ақпарат

Қанттар сынамаларын дайындау

А-сынамасы. 100 мл дистильденген суға 1 грамм глюкоза қосып, 1% глюкоза ерітіндісін (редуцияланатын қант) дайындаңыз.

В-сынамасы. 100 мл дистильденген суға 1 грамм сахароза қосып, 1% сахароза ерітіндісін (редуцияланбайтын қант) дайындаңыз.

Бенедикт реактивін дайындау әдісі

Бенедикт реагентінің 1 литрін дайындау үшін:

800 см3 дистилденген жылы суда 170 грамм натрий цитратының кристалдарын және 100 грамм натрий карбонатының кристалдарын ерітеміз.

Мыс сульфатының ерітіндісін даярлау үшін 200 см3 дистилденген суық суда 17 грамм мыс сульфатының кристалдарын ерітеді.

Бірінші ерітіндіге мыс сульфатының ерітіндісін араластырып қосыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу