Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
«
К.
Сабақ жоспары
10.1A: Молекулалық биология | Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бугуева Р.Н | |||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жердегі тіршілік үшін судың маңызы | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Жердегі тіршілік үшін судың басты маңызын түсіндіру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: судың биологиялық қасиеттері мен табиғаттағы маңызы (қызметі) арасындағы байланысты біледі (химиядағы білімдерін қолдана алады) Көпшілік оқушылар: су молекулалары арасындағы химиялық байланысты біледі және оның маңызын сипаттай алады. Кейбір оқушылар: судың өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызына мысалдар келтіре алады (әр бір патшалық үшін кем дегенде 3 мысал). | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Химиялық қасиеттер, сутектік байланыстар, оттегі, сутегі, атомдар, молекулалар, полярлы диполь, оң /теріс заряд, молекулааралық байланыс, иондық байланыс, ковалентті байланыс, электрондар, еріткіш, ерітілген зат, ерітінді, үстіңгі керілу, жылу сыйымдылығы, соңғы өнім, жану, тыныс алу, фотосинтез, гидролиз жабысу, тамшы, энергия, күш, тұрақтылық, тарту, тізбек, мұз, тығыздық, еру, су айналымы, конденсация, судың булануы, жауын-шашын, климат, мөлдір Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Су X-тен тұрады өзіне қамтиды жасай алады (жасайды) Су молекуласы Y -пен байланысты X -тен тұрады. Су бұл X, сондықтан Y ... Су қалыптастыра алады... Себебі/Су X болғандықтан, Y туында(ма)йды Егер су X болмаса, онда Y ... Z емес Бұл факторлар X-тың Y-ты арттыруына әкеледі Бұл қасиет X-тен шығады ... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім беру; өзбетімен және топта тиімді жасай білу; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму; негізгі терминдік сөздерді үш тілде айта алу және түсіну | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | физика, химия | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Тыңдаушылар бұл бөлімді меңгеруі үшін, білім, дағдылар, түсінік және тәжірибе қажет. Химиядағы кейбір білімдер, мысалы судың байланыстары мен қасиеттері. Зертханада жұмыс істеудің негізгі дағдылары мен қауіпсіздік негіздерін білу бұл бөлімде практикалық жұмыс үшін қажет. Биологияның осы бөлімге қатысы бар алдыңғы бөлімдері: Молекулалық биология, 7, 8, 9, G10 оқу жылдары Жасушалық цикл, 9, 10, 11 оқу жылдары Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдары (митоз және мейоз) 10, 11 оқу жылдары | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3-5 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару мақсатында судың тірі ағзалар үшін маңызы тақырыбына бейнематериал көрсетіледі. Жаңа сабақ тақырыбы оқушылармен бірлесіп анықталады. Бағалау критерийлері тақтаға шығарып, оқушыларды таныстырыңыз. Оқушылар дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады. | №1 бейнематериал Интербелсенді тақтадағы оқу мақсаттары | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-10 минут 11-20 минут 21-25 минут 26-30 минут 31-38 минут | Тақырып бойынша оқушының бастапқы білімін анықтау мақсатында «БББ» кестесімен жұмыс ұйымдастырыңыз.
Оқушылар алдымен жеке, сосын бүкіл сыныппен кестені 1 бағанды толтырады. Түрткі және бағыттаушы сұрақтар қойылады:
Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз . Топтар судың қасиеттері мен қызметтерін зерттейді.
(W) (f) Оқушылар бір-біріне өз жұмыстарын таныстырады және өзара бағалайды, бір-біріне сұрақтар қояды. Қорытындылау мақсатында ағылшын тілінде судың қасиеттері тақырыбында бейнематериал көрсетіліп, талданады.
Осы кестені 2 және 3 бағандарын толтырады. | Интербелсенді тақтадағы «БББ» кестесі
| ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 минут | Оқушылардың рефлексиясы «Бас бармақ» әдісі Үй тапсырмасы: Эссе жазу 1.«Судың полярлы табиғаты Жердегі тіршіліктің негізі» | «Бас бармақ» суреті | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Қабілеті төмен оқушыларға жасуша мембранасы туралы материалдар беріледі. Сабақта қолданылатын материалдар оқушылардың ақпараттарды қабылдау стилін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып жүйелі қолданылады | Оқушылардың ауызша жауаптарының терең академиялық білімге негізделгендігі ескеріледі, «БББ» кестесінің толтырылуы. Академиялық тілде, қатесіз жазылған эссе. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?