Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1A

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1A Молекулалық биология және биохимия

 Сабақ мақсаттары

10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

 Жетістік критерийлері

  • Судың құрлысын және құрамын біледі
  • Судың физикалық және химилық қасиеттерін түсінеді
  • Судың тіршілік үшін маңызын түсіндіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Судың қасиеттерін негізге ала отырып, Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру (айтылым және жазылып дағдылары)

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бұл тарауда оқушылар молекулалық биологияны «Биотехнология» тарауында білімдерін тереңдетіп, «Жасушалық биология» тарауында жасуша мембранасының сұйық-мозаикалық моделін оқып-білумен байлыныстырып, қарастырады. 11 сыныпта молекулалық және жасушалық биологияны оқып-білуді жалғастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Жүзеге асырылатын пәнаралық байланыстар: химия – судың, липидтердің, көмірсулардың және нәруыздардың қасиеттерін оқып-біледі. Физика – судың қасиеттерін зерттеу барысында жүзеге асырылады.

Нәруыздың құрылымына түрлі жағдайлардың әсерін және тағам өнімдеріндегі нәруызды анықтау зерттеу жұмыстарын орындау барысында оқушыларда зерттеушілік дағдылар, сонымен қоса талдау, синтез және бағалау дағдылары қалыптасады/дамиды.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар таныстырылыммен жұмыс жасау барысында және бейне материалды қарау кезінде интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды және реттейді.

Бастапқы білім

Оқушылар 9 сынып курсынан ДНҚ репликациясын, 8, 9 сынып курсынан жасушаның химиялық құрамын біледі.

Химия курсынан судың химиялық қасиеттерін және физика курсынан судың физикалық қасиеттерін біледі.

Практикалық жұмыстарды орындауға қажетті, зертханада жұмыс жасау дағдылары және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау дағдысы бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Су туралы сурет қиындыларын беру арқылы тақырыпты ашу және топқа бөлу

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-35 мин

Оқушыларға судың физика-химиялық қасиеттері туралы видеоны қарастыруды ұсыныңыз.

Оқушылармен бірге талқылаңыз:

a) судың физикалық және химиялық қасиеттерін;

б) Жердегі тіршілік үшін бұл қасиеттердің маңызы.

Оқушылардың назарын судың физика-химиялық қасиеттерін аудару керек: жылу сыйымдлығы, жылу өткізгіштігі, беттік керілуі, полярлығы, әмбебап еріткіш.

Судың ролін төмендегі үдерістерде қарастыру:

Оқушыларға тірі организмдердегі судың ролін еске түсіруін және сипаттауын ұсыныңыз. Жұмыстың нәтижесін ментальды карта түрінде ұсынады.

•қоректену

•тыныс алу

•термореттелу

•бөліну

•жүйкелік және гуморальды реттелуге қатысуы

•заттардың тасымалы

Оқушыларға ақпарат көздерімен зерттеуді жүргізу және кілт сөздерді қолдану арқылы эссе жазуды сұраңыз

Кілт сөздер: еріткіш, полярлық, беттік керілу, адгезия, когезия, капиллярлық құбылыстар,

гидрофильділік/гидрофобтылық, метаболизм, заттардың тасымалы, термореттелуі.

Оқушылар бірін-бірі бағалау мақсатында

  • Кілт сөздерді қалданады
  • Кілт сөздер негізгі ұғымдарды ашады
  • Эссе 250 сөзден тұрады

https://www.youtube.com/

watch?v=WckGabNZP4s

4.50 сек – 12 мин

https://ppt-online.org/142648

Сабақтың соңы

35-40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу