file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, сифилис, гонорея, гепатит В, С. Алдын алу шаралары. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


 

 Жыныс жолымен таралатын аурулар

  Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар сексуалды қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз.Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе бұл аурулар болмас еді. Соз ( гонорея) –бактериялық ауру болып табылады. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизмдер – гонококктың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерге біршама айырмашылықтары бар.

 Бұл аурудың алғашқы белгілері ерлерде жұқтырғаннан кейін екі күннен соң байқалады. Оған несеп шығару кезіндегі ауырсыну мен несеп шығатын жолдан іріңнің бөлініп шығуы жатады. Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен соң ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болады. Егер бұл жағдай медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуыққа инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады. Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа іш киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі, несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады, кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісінуі пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып іріндеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден-егер әйел жүкті болса ,жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.

 Мерез (сифилис) – жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. сифилисті микроорганизм – солғын спирохета тудырады.Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.Сифилис – қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды,бұл өлімдей қауіпті.

 Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады, адамның басы ауырып қызуы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін.

 Гепатит С вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады. Созылмалы вирусты «С» гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде “С” вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауруына себепші болуы мүмкін. Инфекция көзі, механизм мен таралу жолы В сәйке скеледі. С инфекция көзі – жедел және созылмалы формаларымен ауыратын науқас. Көбінесе Гепатит С –мен қан және оның препараттарын құйғанда жұғады. Гепатит С көбінесе наркотикалық заттарды қолданатын наркомандарда кездеседі. Қазіргі уақытта бұл топ эпидемиялық маңызы аса қауіпті ВГС-н инфицирленгендер қатарына жатады. Қоздырғыштық гетеро-және  гомосексуалді қатынас кезінде тұрмыста, инфицирленген анасынан баласына берілуі орын алады,

 В вирусты гепатиті Ауру жұқтырған адамның қаны және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Вирус иммундық жауап қайтаратын бауыр жасушаларына шабуылдайды және бауырдың бұзылуына алып келуі мүмкін.  ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. ВГВ-ң таралуы өте кең. Зақымдану механизмі: 1. парентеральді; 2. қан.Тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі. Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соңжүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Жазылу кезеңі 12 ай бойы.

 Алдын алу шаралары: Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады.

 ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады:

  1) Жыныстық қатынас арқылы;

 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.)

  3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

  Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:

 — салауатты, әдепті өмір сүру;

 — кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі).

 — стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

 — әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;

 — мүшеқапты дұрыс пайдалану;

 — қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);

 — маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

 — ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

 



Толық нұсқасын 25 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу