Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, сифилис, гонорея, гепатит В, С. Алдын алу шаралары. Биология, 9 сынып, презентация.
«Егер адам өз денсаулығын өзі күтетін болса, онда оның денсаулығы үшін ең пайдалы не екенін одан артық білетін дәрігерді табу қиын болар еді»
Сократ
Ежелгі грек философы
Тақырыбы: Жыныстық жолмен берілетін аурулар.
ОМ: 9.2.1.6 - жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ
Репродуктивті жүйе, оның қызметі және онда болып жатқан процестерге қатысты толық физикалық және әлеуметтік саулық.
Кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі дені сау ұрпақ ұдайы өсуі үшін репродуктивтік денсаулықты қорғау болып табылады. Қазақстанда бұл проблема мемлекет деңгейіне көтерілген, маңызды Үкіметтік құжаттарда көрінісін тапқан және еліміздің демографиялық саясатына тікелей байланысты. Репродуктивтік денсаулықты қорғау бойынша бағдарлама 2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1260 қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» Бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын аурулар (ЖЖЖА)
Бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, тік ішектік немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар
Қазіргі кезде 25 астам түрі белгілі. Олардың ішінде ең кең тарағандары:
гонорея
сифилис
В және С гепатиттер
СПИД (ВИЧ-инфекция)
ЖЖЖА таралуының негізгі жолдары
Мүшеқапсыз (презервативсіз) өтетін жыныстық қатынастар арқылы. Алайда кейбір инфекциялар В және С гепатиттер, АҚТҚ (ВИЧ-инфекция) қан арқылы берілуі мүмкін.
ЖЖЖА белгілері
Несепағардан шығатын, ал әйелдердің
қынабынан бөлінетін жағымсыз иісті бөлінді.
Жыныс органдарының айналасындағы терінің
және шырыштардың қызаруы, ойдым-ойдым
жаралар, сүйел, бөртпе, зәр шығарғанда ауыру
және ашу, шаптың лимфа түйіндерінің ұлғаюы
және ауыруы. Алайда көптеген ЖЖЖА
белгілерсіз өтуі мүмкін.
СОЗ – Гонорея
Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады.
Негізгі жұқтыру жолы бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, анус немесе ауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын,
тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері
жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5-7
күннің ішінде ғана пайда болады.
СОЗ
Соз ауруының белгілері:
ерлерде – жыныс мүшесінен «кілегей тәріздес» іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;
әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.
Тік ішек созы анус аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.
алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туындауы мүмкін.
Мерез (сифилис) – жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. сифилисті микроорганизм – солғын спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.Сифилис – қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды,бұл өлімдей қауіпті.Сифилис - Мерез
Сифилис (мерез)
Туа біткен сифилис: егер әйел жүкті кезінде сифилиске тексерілуден өтпесе, онда инфекция плацента арқылы ұрыққа түседі. Жүктіліктің 4-5 айында ұрық инфекцияға шалдығады. Нәтиже әртүрлі болуы мүмкін: түсік түседі, сәби өлі туады немесе сәби сифилиске шалдығады.
Гепатит С
Гепатит С вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады. Созылмалы вирусты «С» гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде “С” вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауруына себепші болуы мүмкін. Инфекция көзі, механизм мен таралу жолы В сәйкес келеді. С инфекция көзі – жедел және созылмалы формаларымен ауыратын науқас. Көбінесе Гепатит С –мен қан және оның препараттарын құйғанда жұғады. Гепатит С көбінесе наркотикалық заттарды қолданатын наркомандарда кездеседі. Қазіргі уақытта бұл топ эпидемиялық маңызы аса қауіпті ВГС-н инфицирленгендер қатарына жатады. Қоздырғыштық гетеро-және гомосексуалді қатынас кезінде тұрмыста, инфицирленген анасынан баласына берілуі орын алады.
Гепатит С
В вирусты гепатиті Ауру жұқтырған адамның қаны және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Вирус иммундық жауап қайтаратын бауыр жасушаларына шабуылдайды және бауырдың бұзылуына алып келуі мүмкін. ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. ВГВ-ң таралуы өте кең. Зақымдану механизмі: 1. парентеральді; 2. қан.Тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі. Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Жазылу кезеңі 12 ай бойы.
Алдын алу шаралары: Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады.
В вирусты гепатиті
АИВ және ЖИТС
ЖИТС–жұқтырылған
иммунды тапшылық
синдромы – адамның
иммунды тапшылығы
вирусынан (АИВ)
туындайтын ауру.
ЖЖЖА және ЖИТС (СПИД) жұқпасыЖыныстық жолмен жұғатын аурулар
(ЖЖЖА) —жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар.
АҚТҚ(ВИЧ)- жұқпасы – бұл ауру, адамның иммунитет жетіспеушілігін тудырған жұқпа.
ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болған ауру. Бұл АҚТҚ-жұқпасының (терминалды) соңғы кезеңі. Қоздырғыш адамның ағзасында он жыл немесе бірнеше жылдар бойы, адам аурудың белгілерін сезінгенше өмір сүреді. Бұл кезең ішнде адам өзін сау сезінеді және бұл қоздырғышты басқа адамдарға таратады.
ЖЖБЖ және ЖИТС -тан қалай қорғануға болады?
Жұқпа сау адамының ағзасындағы барлық биологиялық сұйықтықтарында, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарында пайда болады(көбінесе жыныстық мүше арқылы). Қоздырғыштар адам ағзасына мүшеқапсыз сексуалдық байланыста, немесе залалсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда түсуі мүмкін.
АҚТҚ және ЖЖБЖ жұқпайды:
қол алысу, құшақтасу,сүйісу;
клавиатура,тұрмыстық заттарда;
жалпы заттар: ақша, кітап, тарақандарға арналған сіркесу;
тер, сілекей, жас, жөтел;
төсек орын және іш киімдер;
жалпы ыдыстар және тамақ.
су (жалпы бассейн, ванна, душ, дәретхана).
Презерватив -мүшеқап
Контрацепциялық әдістің ең
тиімдісі және сапалысы болып
есептеледі, оны сперманың
қынапқа кіріп кетпесі үшін
қолданады.
Презервативті қолданған
кезде есіңізде болсын, әр-бір
жыныстық қатынас үшін жаңа
презерватив кию керек.
Презерватив жыныс қатынасынан
жұғатын аурулардың таралуынан
және жұғуынан сақтайды.
Естеріңізде болсын!
Адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұқтырылғандығынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбейе бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып табылады.
АИВ жұқтырған адамдарды оқшаулауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше, мұндай адамдар біздің көмегіміз бен қолдауымызға мұқтаж.
Ресурстар
1. Д.Тейлор, Н.Грин, У. Стаут Биология в 3-х томах, т.3
2.https://intra.tai.ee//images/prints/documents/136843692143_seksuaalsel_teel_levivad_infektsioonid_rus.pdf
https://bilimland.kz/ru/courses/biologiya-ru/chelovek-kak-biologicheskij-vid/immunitet/lesson/virus-immunodeficzita-cheloveka-vich
https://bilimland.kz/ru/courses/biologiya-ru/chelovek-kak-biologicheskij-vid/individualnoe-razvitie-organizma/lesson/bolezni-i-reproduktivnoe-zdorove
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды