Дигибридті будандастыру. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.3D Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дигибридті будандастыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

9.2.4.3 - гибридті будандастырудың цитологиялық негізін негіздеу және гибридті будандастыру проблемаларын шешу

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар орындай алады:

-Дигибридті будандастырудың цитологилық негіздерін түсіндіру.

-Дигибридті будандастыру бойынша есептерді шығарғанда генетикалық белгілерді қолдану.

Бағалау критерийлері

 1. Дигибридті будандастырудың сызбасын түсіндіреді.

2. Тәуелсіз тұқым қуалаудың заңдылықтарын қалыптастырады.

 3. Дигибридті будандастыруға арналған есептерді дұрыс шығарады.

 

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Дигибридті будандастырудың цитологиялық негізін түсіндіреді.

«Тәуелсіз тұқым қуалау» түсінігіне анықтама береді.

Лексика және терминология:

Гендер, альтернативті белгілер, доминантты белгі, рецессивті белгі, гомозигота, гетерозигота, аллель.

Диалог құруға және жазуға арналған пайдалы сөйлемдер:

Доминантты белгі болып саналады, егер…….

Рецессивті белгі бұл……………..

Гетерозиготалы ағза……………….

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық адалдық құндылығын дарыту, бірлік, топта жұмыс істей білу, ынтамақтастық, топта ережелерді сақтау, жауапкершілік, көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Математика – генотип және фенотип сандарын анықтауда, және бірінші ұрпақтардың пайыздың көрсеткіштерін анықтауда көрінеді.

Алдыңғы бөлім

Г.Мендельмен анықталған белгілерді тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдіс. ( 9 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақ басы 0-5 мин

1. Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау. Фронталды сұрақтардың қойылуы:

1.Генетика нені зерттейді?

2.Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік деген не?

3. Ген нені білдереді?

4.Генотип?

5.Фенотип?

6.Генетиканың негізгі әдісі?

7. Бірінші ұрпақтың гибридтерінің біркелкілік ережесі қандай?

8.Ажырау заңы қалай көрінеді?

9.Гаметалардың біркелкілік заңы?

10. Фермада қара және қызыл түсті сиырлар бар, ал бұқа қара түсті болды. Сиырлардан туылған барлық бұзау тек қара түсті болды. Қандай белгі басым? Қара бұзаудың ұрпақтары қандай белгіге ие болады?

Мұғалімдердің фронталды бағалауы

АП

6-8 мин

(Т) Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аудартады . Генетикалық есептің шешілу жолын көрсетеді.

Сұрақ: «Осы есепті шешу кезінде қандай белгілер ескерілгенін айтыңызшы?

(оқушылар жауабы: тұқымдардың формасы және түсі)

(Т).

Енді барлығымыз, біздің сабақтың тақырыбын және мақсатын тұжырымдайық. Тақырыпты құрастыру және сабақтың мақсаттарын қалыптастыру

8-9 мин

10 - 19

мин

20-24 мин

25 – 38 мин

(Т) Моногибридті будандастыру және доминанаттылықтың болуының арқасында Г.Мендель бір белгінің тұқым қуалайтын заңдылығын анықтады. Алайда, табиғи жағдайлар кезінде, организмдер екі немесе одан да көп белгілермен ерекшеленеді.

(W) Ақпаратты белгілеп оқу арқылы оқушылар ақпаратты түртіп алып оқиды. (Қосымша 1)

1. Бірінші ұрпақтың гибридтерінің біркелкілік ережесі қалай көрінеді?

2. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңына анықтама беріңіз?

Мұғалімнің фронталды бағалауы.

(Т) Мұғалім оқушыларға дигибридті будандастыруға арналған генетикалық есептің шешу жолын жазып алуға ұсыныс жасайды.Пеннет торы арқылы шешілгенін атап өтеді.

Жауап: 9 сары тегіс : 3 жасыл кедір бұдырлы: 3жасыл тегіс:1жасыл кедір-бұдырлы.

(G) Мұғалім Пеннет торы арқылы жобаны 3 топқа құруды ұсынады.

Топ №1

Қызанақтарда қызыл түсті сары түстен басым болады, жемістердің тегіс формасы бұйра формадан басым болады.

Гомозиготалы қызыл және тегіс формалы қызанақты гомозиготалы сары және бұйра формасы бар қызанақпен будандастырған. Ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаңыз. Өсімдіктер F1c ұрпағынан қызыл және тегіс жемістерін сары және бұйра жемістері бар өсімдіктермен будандастырған. Ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

  • Есептердің шарты дұрыс рәсімделді.
  • Есептердің шешу жолы дұрыс, Пеннет торы дұрыс қолданылған.
  • Бірінші және екінші ұрпақтың генотипін және фенотипін дұрыс анықтады.

Топ №2

Қоңыр көзді оң қолды әйел көккөзді солқолды ер адамға тұрмысқа шықты, оларда екі баласы туылған: 1– көккөзді оңақай и көккөзді солақай. Анасының генотипін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

1. Есептердің шарты дұрыс рәсімделді.

2.Есептердің дұрыс шешу жолы көрсетілді.

3.Ананың генотипін анықтаңыз.

Топ №3

Ірі қарада мүйіздің болмауы мүйізді болуына қарағанда доминантты, ал қара түстің гені қызыл түсті генге қарағанда басым. В хозяйстве от скрещивания 1000 мүйізді қызыл түсті сиырлардың қара бұқамен будандастырылудың нәтижесінде 984 бұзау алынды. Бірінші ұрпақтағы бұзаулардың генотиптерін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

1. Есептердің шарты дұрыс рәсімделді.

2. Есептердің шешу жолы дұрыс, Пеннет торы дұрыс қолданылған.

3.Бірінші ұрпақтағы бұзаулардың генотиптері дұрыс анықталған.

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы.

Видео:

https://www.youtube.com/watch?v=Mehz7tCxjSE

http://snapshotscience.co.uk/tag/gregor-mendel/

Сабақ соңы 38-40 мин

Үй тапсырмасы бойынша комментарий (дигибридті будандастыруға арналған генетикалық есептерді шығаруды ұсыну)

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім;

- не түсініксіз қалды;

- немен жұмыс жасау керек.

.

Әр оқушыға арналған жеке тапсырмалар

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Материалды қайталау бөлігінде оқушылар тапсырмаларды жекеше орындайды. Сабақта ақпаратты әр түрлі қабылдау типтеріне байланысты түрлі ақпараттар беріледі. .

Өзара бағалау, дескрипторалар мен критерийлерге сай бағалау. Диагностикалық бағалау.

Оқушылардың сымбатын қадағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу