Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Биология, 9 сынып, презентация.
Адам генетикасын зерттеу әдістері
9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Пәндік лексика мен терминология
Сабақтың мақсаты:
Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау
Рефлексия
Сабақтың басында және соңыда «+» немесе «-» белгісін қойыңыз
Бағалау критерийі
Адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы біледі.
Осы әдістерді сипаттайды.
Адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы ақпараттарды талдайды.
Қорытынды жасайды.
Проблемалық сұрақтар:
1.Адам генетикасында адам зерттеу нысаны бола ала ма?
2.Патологияны анықтау әдістері бар ма?
Естігенді есте сақтау.
1 минут ішінде 10 сөзді есте сақтау
- Генетика
- Ген- Өзгергіштік,- Тұқым қуалаушылық- Гомозигота- Фенотип- Мутация- Гетерозиогта- Комплементарлық- Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауПостерге қойылатын бағалау критерийлері:
адам генетикасын зерттеу әдісін сипаттайды;
осы әдістің мәнін көрсетеді;
әдістің артықшылықтарын сипаттайды;
әдістің кемшіліктерін сипаттайды.
Генеалогиялық әдіс
Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады.
Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі - гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.
Сонда Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс клеткасында мутация пайда болған болу керек. Соған байланысты королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан. Сөйтіп, Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.
Популяциялық әдіс
Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттеледі. Адамның әр түрлі популяцияларында тұқым қуалайтын генотиптік өзгерістердің таралуы түрлі мөлшерде болады.
Цитогенетикалық әдіс - бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Қалыпты жағдайда адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосомдар және бір жұп жыныстық хромосома болатындығын 1956 жылы швед ғалымдары Дж. Тийо мен A. Леван анықтады. Жыныстык хромосомалар ер адамдарда гетероморфты ал әйел адамдарда гомоморфты болып келеді. Адам генетикасында бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Хромосомалық ауруларды анықтауда.
2. Хромосомалардың картасын жасауда.
3. Мутациялық процестерді зерттеуде.
Цитогенетикалық әдіс-Хромосомалық өзгерістердің нәтижесінде туындайтын аурулар: Клайнфельтер синдромы, Тернера-Шерешевский, Даун, Патау, Эдвардс синдромы және т.б.Цитогенетикалық әдіс
Биохимиялық әдіс
Бұл әдіс адам генетикасын зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданылып жүр. Жалпы адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер клеткадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты
Молекулалық- биологиялық әдіс
Егіздік әдіс
Егіз болып туу адам баласында жиі кездесетін құбылыс. Олардың екі түрі болады:бір жұмыртқалық және әр жұмыртқалық.Бір жұмыртқалық егіздер дегеніміз-бір жұмыртқа клеткасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы.Мұндай егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады. Себебі олардың генетипі бір. Ал әр жұмыртқа клеткаларының әртүрлі спермотозоидтарымен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған егіздер бір-біріне онша ұқсамауы мүмкін. Себебі әр түрлі жұмыртқа клеткалары мен спермотозоидтардағы гендердің үйлесімі түрліше болып келеді. Осының ішінде бір жұмыртқалық егіздер аса маңызды жалпы биологиялық проблеманы, атап айтқанда, белгі қасиеттердің дамып қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады.
Сәйкестікті көрсет (2-минут)
Үйге тапсырма.
Шығармашылық деңгей тапсырмасы «Қазіргі таңдағы адамдарда кең тараған тұқым қуалаутын аурулар» эссе жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?