Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін біледі.(кем дегенде 6)

Көптеген оқушылар:

Генетиканы зерттеудің негізгі әдістерін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерін және адамның тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу жолдары туралы біледі және ақпараттарды талдайды.

 Бағалау критерийлері

  • адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы біледі.
  • осы әдістерді сипаттайды.
  • адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы ақпараттарды талдайды.
  • қорытынды жасайды.

Тұқым қуалайтын аурулар туралы презентация құрастырады. Презентацияны топта түсіндіреді, оқушылар өздерін және өзара бағалау жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

... O тобындағы қанымен адам өз қанын берген кезде …

А тобы қанымен адам В тобы қанымен адамнан алған қанды қабылдамайды.

Антигендер қызыл қан түйіршіктері үстінде…

Антиденелер қанның қызыл топтарына шабуылдап жабысуды туындатады

Арнайы пәндік лексика және терминология:

(айтылым және тыңдалым дағдылары)

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Адам

Человек

People

Әдістер

Методы

Methods

Цитогентика

Цитогенетика

Cytogenetics

Иммунология

Иммунология

Immunology

Биохимия

Биохимия

Biochemistry

Физиология

Физиология

Physiology

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- ынтымақтастыққа шықыру, еңбек пен шығармашылыққа баулу:

- ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- салыстыру, сараптау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға дағдыландыру.

- тұқымқуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға төзімділікпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Медицина, математика, химия, тарих..

Бастапқы білім

Генетикалық концепциялар, символдар және терминология (8-9 сынып)

Қанның агглютинациясы, адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру (9-сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

(Ұ) Мұғалім: Отбасын құрудың алдында жастар өздеріне жиі сұрақтар қояды:Бала қалай туылды?

Оның терісінің түсі мен көзінің және шашының түсі қандай болады? Кім туылады - ұл немесе қыз ба? Осындай көптеген қызықты сұрақтарға жауап беретін ғылым саласы ........... деп аталады.

(Адам генетикасы)

(Жж), (ҚБ) Жеке тұлғаны дамыту. Естігенді есте сақтау. 1 минут ішінде 10 сөзді есте сақтау

-    Генетика -    Ген-    Өзгергіштік,-    Тұқым қуалаушылық-    Гомозигота-    Фенотип-    Мутация-    Гетерозиогта-    Комплементарлық-    Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау Барлық аталған алғашқы ұғымдар қайталанады.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Кестедегі «сабақтың басында» деген бағанды ​​толтыруды сұрау.

Сабақтың басында және соңыда «+» немесе «-» белгісін қойыңыз

Сабақтың басында

Сабақтың соңында

Адам генетикасын зеттеудің негізгі әдістерін атай аламын

Адамдағы доминантты және рецесивті белгілерді атай аламын

Адамның тұқым қуалайтын ауруларының сипаты туралы айта аламын

Мен адамның қан топтары мен резус-факторының тұқым қуалау сипаты туралы айта аламын

«Жақын туыстық неке неліктен зиянды болады? деген сұраққа жауап бере аламын

Кестені толтырып болған соң оқушылар сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

9-37

Оқушыларға проблемалық сұраққа жауап беруді ұсыну.

Проблемалық сұрақтар мысалдары:

1.Адам генетикасында адам зерттеу нысаны бола ала ма?

2.Патологияны анықтау әдістері бар ма?

Мұғалім сұрақты толықтырады. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады.Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар:- Жыныстық жағынан кеш - пісіп жетілетіндігі;- Әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы;- Барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі;- Хромосома санының көп болатындығы;- Адамға тәжірибе жасауға болмайтындығыжәне басты бір қайшылық - адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез - құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.

(Т),(ҚБ) Оқушыларға адам генетикасы әдістерімен танысу үшін топпен постер жасап, қорғауды ұсыну.

Мұғалім:

- постар жасайтын ватманды;

- алты нұсқау сызықты;

- 6 бұлт тәрізді үлгіні алдын -ала дайындап қояды. Оқушыларға бұлтты таратып беріп, тақырып бойынша зерттеу әдістерін жазуды ұсынады. Оқушылар жазған зерттеу жұмыстарын үлкен ватманға жапсырады.

Оқушылар зерттеудің түрлі бағыттарын ала алады..

Адам генетикасының әдістері:

  • Генеалогиялық әдіс
  • Популяциялық әдіс
  • Цитогенетикалық әдіс
  • Биохимиялық әдіс
  • Молекулалық-биологиялық әдіс
  • Егіздік әдіс

Бейнебаян көрсету.

Осы тапсырманың бағалау критерийлері:

  • адам генетикасын зерттеу әдісін сипаттайды;
  • осы әдістің мәнін көрсетеді;
  • әдістің артықшылықтарын сипаттайды;

әдістің кемшіліктерін сипаттайды

Жеребе тастау арқылы әдісті таңдауды ұсынуға болады.

Бұл қолданылған зерттеу әдісіне қатысты этикалық мәселелерін қамтитын пікірталасқа әкелуі мүмкін

(ҚБ) Тест тапсырмалары (10 сұрақ).

(ҚБ) Сәйкестікті көрсет (2-минут)

Адам генетикасының әдістері: https://licey.net/free/6-biologiya/21-lekcii_po_obschei_biologii/stages/276-lekciya__22_metody_genetiki_cheloveka.html

http://bio-faq.ru/zubr/zubr158.html

Презентация

Қосымша 2

Видео https://www.youtube.com/watch?v=pdZqe2Lkb7I

Қосымша 3-4

Сабақтың соңы

38-40

Рефлексия. Кестедегі «сабақтың соңында» деген бағанды ​​толтыруды сұрау.

Үйге тапсырма.

Шығармашылық   деңгей тапсырмасы «Қазіргі таңдағы адамдарда кең тараған тұқым қуалайтын аурулар» эссе жазу.

Қосымша 1

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Шартты белгілер:

Ұ = ұжымдық жұмыс Т = топтық жұмыс

Ж = жұппен жұмыс

Жж = жеке жұмысЭ = эксперимент/ тәжірибе

К/Д =көрсетілім/демонстрация

М = мұғалімнің түсіндіруі Қ = қалыптастырушы бағалауды қолдау

@= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңес

Қосымша 1

Рефлексия

Сабақтың басында және соңыда «+» немесе «-» белгісін қойыңыз

Сабақтың басында

Сабақтың соңында

Адам генетикасын зеттеудің негізгі әдістерін атай аламын

Адамдағы доминантты және рецесивті белгілерді атай аламын

Адамның тұқым қуалайтын ауруларының сипаты туралы айта аламын

Мен адамның қан топтары мен резус-факторының тұқым қуалау сипаты туралы айта аламын

«Жақын туыстық неке неліктен зиянды болады? деген сұраққа жауап бере аламын

Қосымша 2

Қосымша 3

Тест

Адам генетикасы тақырыбына тест тапсырмалары

1.Кейде бір аналық жасушадан екі эмбрион пайда болатын әдіс?

А.Генеологиялық әдіс

Б.Егіздік әдіс

С.Биохимиялық әдіс

Д.Цитогенетикалық әдіс

2.Адамдағы хромосомалық мутация қай әдіспен зерттеледі?

А.Генеологиялық әдіс

Б.Егіздік әдіс

С.Биохимиялық әдіс

Д.Цитогенетикалық әдіс

3. ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтай алатын әдіс?

А.Популациялық әдіс

Б.Биохимиялық әдіс

С.Онтогенетикалық әдіс

Д.Генеологиялық әдіс

4.Биохимиялық әдістің сипаттамасын белгілеңіз?

А. Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты

Б. Тұқымқуалайтын генеотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі

С.Тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғы зерттеледі

Д.Сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына )талдау жасалады

5.Онтогенетикалық әдістің сипаттамасын белгілеңіз?

А.Тұқымқуалайтын генотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі

Б.Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты

С.Тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғы зерттеледі

Д.Сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына )талдау жасалады

6.Гемофилия ауруының тұқымқуалауын қай әдіс арқылы анықтайды?

А.Популяциялық әдіс

Б.Биохимиялық әдіс

С.Онтогенетикалық әдіс

Д.Генеологиялық әдіс

7.Цитогенетикалық әдісті қай ғалымдар анықтаған?

А.Дж.Тио мен Х.Де Фриз

Б.Дж.Тио мен Ф.Меллер

С.А.Леван мен К.Корренс

Д.Дж.Тио мен А.Леван

8.Алтын адамның кейбір құрамындағы ДНҚ-ны алып,біздің ДНҚ-мен салыстырып шыққанда ұқсас екенін дәлелдеген әдіс?

А.Популациялық әдіс

Б.Биохимиялық әдіс

С.Онтогенетикалық әдіс

Д. Генеологиялық әдіс

9.Онтогенетикалық әдістің маңызы

А.Тұқымқуалайтын ауруларға бейімділігін зерттейді.

Б.Болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын ала сақтандыру

С.Ата-анасын дәл анықтап алуға болады.

Д.Медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.

10.Математикаға, музыкаға, шешен сөйлеуге бейімділігі қай әдіс арқылы анықталады?

А.Популяциялық әдіс

Б.Биохимиялық әдіс

С. Генеологиялық әдіс

Д. Онтогенетикалық әдіс

11.Саусақтардың артық болуы ,беттің секпілі, түсінің кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа тұқымқуалап берілетіндігі қай әдіс арқылы анықталып отыр?

А.Генеологиялық әдіс

Б.Популациялық әдіс

С.Биохимиялық әдіс

Д.Онтогенетикалық әдіс

12.Цитогенетикалық әдістің мәні неде?

А.Адамның дене және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді анықтайды

Б.Тұқымқуалайтын аурулардың себебін ашуға қажетті өте құнды материалдар береді.

С.Тұқымқуалайтын генотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі.

Д.Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты.

1. Б

2. Д

3. Б

4. А

5. С

6. Д

7. Д

8. Б

9. Б

10. С

11. А

12.А

Қосымша 4

Сәйкестікті көрсет (2-минут)

  1. Генеологиялық әдіс

А) Адам баласында жие кездсетін құбылыс егіз болып туу

  2. Цитогенетикалық әдіс

Б) Шежірелік карта құру арқылы зерттеу

  3. Онтогенетикалық әдіс

В) ДНҚ - ның құрамын зерттеу

  4. Популяциялық әдіс

Г) Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар - жоғының анықталуы

  5. Биохимиялық әдіс

Д) Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу

  6. Егіздік әдәс

Е) Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу