Адамның қан топтарының тұқым қуалауы. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Адамның қан тобының тұқым қуалауы және қан топтарын анықтау механизмі.

Кейде аллельдер бірнеше геннен тұруы мүмкін. Өйткені хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға ұшырауына байланысты, ол ген бірнеше рет қайталанады. Осыны көп аллельділік деп атайды. Олардың құрамында негізгі доминантты және рецессивті гендерден басқа аралық сипаттағы аллельдер болады. Ондай аллельдер доминантты гендермен қатар келсе, рецессивті қасиет көрсетеді, ал рецессивті гендерге доминантты қасиет көрсете алады. Оған мысал ретінде, адамның қан топтарының тұқым қуалауы көп аллельділік бойынша жүретіндігін қарастырайық. Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: А агглютиногені және В агглютиногені болады, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат: α агглютинині және β агглютинині бар.

 Адам қаны 4 топқа бөлініп қай тобын қай топқа құюға болатынын анықталды. Құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездессе (А мен α, В мен β ), алдымен құйылған қанның ( қан беретін адам –донордың) эритроциттері жабысады. Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар – жоқтығын ескеру керек.Құюға арналған қанды донордан алады. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қан тобы І адамды әмбебап донор, қан тобы IV адам әмбебап реципиент деп аталады. Себебі, І топ қанын барлық топқа құюға болады.Себебі эритроцит мембранасында агглютиноген жоқ. Ал IV топ қаны бар адам барлығынан қан ала алады. Себебі оның қанының плазмасында антиденелер жоқ. Шамамен барлық адамдардың 40% -ның қан тобы І, 40%- ІІ топ, 14%- ІІІ топ, 6 % - IV топқа жатады.

Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы

Қан топтары

Эритроциттерде болатын антигендер(агглютиноген)

Қан плазмасындаболатын антиденелер (агглютинин)

Қанның топтарына сәйкес келетін генотиптер

О (I)

A (II)

B (III)

AB (IV)

болмайды

A

B

AB

α және β

β

α

болмайды

00

АА ; А0

ВВ; В0

АВ

 Қан құю кезінде қан топтары сәйкес келмесе эритроциттердің бірігіп қалуын жабысу немесе аглютинация деп атайды. Аглютинация қанның ұйып ұсақ тамырлардың бітеліп қалуынан адамның өліп кетуіне себеп болады. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады. Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиген мен плазма құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "α " антиденесі мен "В" антингені мен "β" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды. Қан тобының тұқым қуалауы аутосомды генмен бақыланады. Бұл геннің локусы (І) изогемагглютиниген, 9 хромосомада орналасады, ал үш аллелі А,В әріптерімен және О (нөл) белгіленеді. А және В доминантты аллелдер, ал О (нөл) олардың жанында рецессивті болады.

Қаны І және ІV топқа жататын адамдарда бір-бірден ғана генотип, ал ІІ және ІІІ топтың адамдарында бір гомозиготалы және бір гетерозиготалы генотиптен болады. ІV қан тобын аллельді гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарайды. Өйткені мұнда екі доминантты А (ІІ топ) және В (ІІІ топ) аллельді гендері біріккен жағдайда ІV топ пайда болады. Бұл құбылысты кодоминанттылық деп атайды. Қан топтарын генотиптеріне қарап анықтаудың медицинада маңызы зор.

Резус – фактор (Rh - фактор) – адам мен макака – резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз. Резус – фактор  деп аталу себебі бұл нәруыз алғаш рет макака – резус маймылының қанынан табылған. Резус – фактор ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Егер резус – фактор қанда болмаса – «теріс Rh», болса – «оң Rh» делінеді. Адамдардың эритроциттерінің 85 % - ында резус – фактор болады, 15%-ында резус – фактор болмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу