Митоз. Митоз фазалары. Зертханалық жұмыс «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу». Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


№1 тапсырма

№1 мәтін

Профаза кезіңде екі еселенген хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп, бірте-бірте тығыздалып жуандайды, қысқарады. Профазаның орта шенінде әрбір хромосома ширатылған екі жіпшеден, хроматидадан тұрады. Екі еселенген хромосомалардың шоғырлануына байланысты ядрошық жойылады. Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына байланысты нәруыз синтезі әлсірейді.Центриольдер екі еселеніп, полюстерге қарай тартыла бастайды. Екі полюстегі центриольдердің аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі.

Ядро қабығы ериді. Кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді, екі еселенген хроматидалар тәртіпсіз орналасады.

№2 мәтін

Метафаза хромосома қабықшасы байқалады. Хромосомалар экватор жазықтығына жинақталады. Жинақталған хромосомалардің әрқайсысы ахроматин жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидалар жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды.

№3 мәтін

Анафазада ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидалар бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Осыған байланысты хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды. Ахроматин жіпшелері қысқарады, АТФ энергиясын жұмсайды. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп ұзарады, жіңішкереді.

№4 мәтін

Телофазада профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Телофазаның басында хромосомалар полюстерге жетіп, жылжуы тоқтайды. Хромосомалар дұрыс пішінін жоғалтып, ұзын жіпшелерге айналады, шумақталады. Ядро қабықшасы түзіліп, ядрошықтар қалпына келеді. Цитоплазма бөлініп, цитокинез жүреді, екі жасуша пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға теңдей бөлінеді.

№ 2 тапсырма

Митоз фазаларындағы үдерістің дұрыс ретін көрсетіңіз

№ 3 тапсырма

Митоз үдерісін хронологиялық ретпен орналастырыңыз.

Профаза

Метафаза

Анафаза

Телофаза

  • Хромосомалар жасушаның экваторында бір сызықта жиналады.
  • Цитоплазманың бөлінуі цитокинез
  • Хромосомалардың қатты шиыршықталуы
  • Хроматидалардың жасушаның полюстеріне бөлінуі
  • Бөліну ұршығы жіпшелерінің түзілуі
  • Хромосомалардың тарқатылуы
  • Центриольдердің жасушаның ролюсіне тартылуы
  • Ядро қабығының еруі
  • Ядро қабықшасының түзілуі
  • Хроматидалардың хромосомаларға айналуы
  • Ядрошықтың жойылуы
  • Бөліну ұршығының микротүтікшелер центромераларына бекінуі
  • Ядрошықтың түзілуі

Рефлексия

Қалыптастырушы бағалау әрқайсысын жеке қырқып алып жауап берген оқушыға беріп отырамыз сабақ соңында кімде жасуша көп бағанағы жарақаттанған жасушаны кім толықтыра алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу