Митоз. Митоздың биологиялық маңызы. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
ҰМЖ бөлімі: 9.3А – Жасушалық биология және жасушалық цикл | Мектеп: Орал қаласы, ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Митоз. Митоздың биологиялық маңызы. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.2 тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоздың маңыздылығын түсіндіру | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология:митоз, мейоз, интерфаза, синтез, профаза, метафаза, анафаза, телефаза, Оқушылар: митоз ерекшеліктерін ауызша сипаттай алады, оның өсу мен дамудағы маңыздылығын суреттен анықтап көрсетеді, жасуша құрылысындағы өзгерістерді жазбаша, ауызша түрдеде атай алады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жасушалық циклдің кезеңдері…………………………………. Митоз кезеңдерін жіктеңіздер………………………….. Митоздың ағза үшін маңызы ………………………………………………….. Барлық ағзалардың ... ... митоз арқылы көбейе алады. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту Ғаламдық азамат | Жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін білдіруге, алынған ақпаратты практика жүзінде қолдануды дамыту. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Twig сайтынан видеоролик, презентация. | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Хромосомалар генетикалық материалдан тұрады (8.4Абөлімі) Хромосомалар ДНҚ-дан тұрады (8.4Абөлімі) Соматикалық жасушалар хромосомалардың жарты санына ие болатын сәйкес хромосомалар мен гаметалардан тұрады (7.2B бөлімі) | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин Сабақтың ортасы 5- 13 мин 13-18 мин |
Дескриптор:
-қалыптастырушы бағалау
Сабақтың тақырыбын, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін анықтау.
Оқушылар жасуша түрлерін атап, айырмашылықтарын атайды, жасушаның бөліну жолдарын біледі. Митоз үдерісімен танысып, жаңадан түзілген жасушалардың бастапқы жасушадан айырмашылығын анықтайды, еншілес жасушалардың хромосомалық жиынтығына назар аударады. Төменгі сыныптағы білімдерін естеріне түсіре отырып, гаплоид, диплоид ұғымдарын талдайды. Митоз үдерісі twig cайтынан видео
Дескриптор:
-қалыптастырушы бағалау
Топта митоз үдерісі арқылы жасушалардың түзілуінің дұрыс сызбасын көрсетіңіз. Дескриптор:
Мұғалім өсімдік және жануарлардағы митоздың маңызына тоқталады, регенерация, өсу, хромосома санының өзгермей сақталуы және вегетативті көбею . Жұптық жұмыс «Скаффолдинг әдісі» негізінде негізгі терминдер мен тұжырымдамаларды белгілеп, оқушыларға мәтіннің қысқаша парақшалары таратылады. Оқушылар мәтіндермен таныса отырып, жұпта 2-3 минут талқылап, митоздың маңызына баға береді. 1-ші жұп- Генетикалық тұрақтылық. 2-ші жұп- Өсу үдерісі. Өсу түрлеріне мысалдар келтіру 3-ші жұп- Регенерация үдерісін түсіндіру 4-ші жұп- Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі 5-ші жұп-Жануарлардың жыныссыз көбеюі Дескриптор:
-қалыптастырушы бағалау | презентация Сәйкестендіру тапсырмасы https://twig-bilim.kz/kz/film/cell-division-mitosis презентация Қысқаша мәтіндер жазылған парақшалар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 18 - 20 мин | Мұғалімнің оқушылардың кері байланысы; Рефлексия (Блоб ағашы) Маған түсінікті болды… Әлі де тереңдетуім керек… | ||||||||||||||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар: Митоздың биологиялық мәніне баға береді. Қабілеті орта оқушылар: Митоз үдерісі арқылы түзілген жасушаларды сипаттай алады; Қабілеті төмен оқушылар: Митоз үдерісінің ерекшеліктерін түсінеді. |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
Қосымша. Жұптық жұмыс. «Скаффолдинг әдісі»
1-ші жұп- Хромосома санының өзгермей сақталуы
Митоздық бөліну кезінде бастапқы аналық жасуша жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып саналады. Демек бастапқы жасуша қандай, түзілген жасушаларда дәл сондай болады. Оның маңызы ағза өзгеріссіз сақталады.
Дескриптор:
- генетикалық тұрақтылық ұғымын сипаттайды.
2-ші жұп- Өсу үдерісі. Өсу түрлеріне мысалдар келтіру
Өсу- әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Митоздық бөліну өсу процесінің маңызды кезеңі болып саналады. Тірі ағзалардың бәрі де өседі. Өсу процесі — өсімдік мүшелерінің ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі жасушалардың өсуіне байланысты. Жануарларда да өсу мүшелердің жасушаларының митоздық бөліну арқылы жүзеге асады. Өсу кезінде жасушалар өзгеріп кетпейді. Бастапқы жасуша қандай, түзілген жасушалар да сондай. Сондықтан ағза өзгеріске ұшырамайды. Тек көлемі жағынан үлкейеді.
Дескриптор:
- өсу үдерісін сипаттайды.
3-ші жұп- Регенерация үдерісін түсіндіру
Регенерация - (лат. regeniratio - қайта даму, бұрынғы қалпына келу) - жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымдалған не жойылған органның немесе оның бөлігінің жаңадан қайта қалпына келуі. Регенерация физиологиялық және репаративтік деп бөлінеді. Регенерация митоздық бөліну арқылы жүзеге асады.
Физиологиялық регенерация организмде әдеттегі тіршілік процесінде көптеген органдарда болады. Мысалы, қан құрамы элементтерінде, ішек-қарынның, тыныс органдары жолының кілегей қабығында эпидермисте өтіп жатады.
Реперативті регенерацияда жануар түрлеріне қарай әртүрлі болады. Омыртқасыздардың көпшілігінде регенерация нәтижесінде дене бөлігінен тұтас организм дамуы мүмкін. Жоғарғы сатыдағы жануарларда бұндай регенерация болмайды, жеке орган немесе оның бөлігі ғана регенерацияланыды.
Дескриптор:
- регенерация үдерісін түсіндіріп, түрлерін ажыратады.
4-ші жұп- Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі
Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы.
Вегетативтік көбею төм. сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Бір клеткалыөсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен,
ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.),
мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді.
Өсімдік шаруашылығында, негізінен, қалемшелеу әдісі қолданылады. Вегетативтік көбею кезінде жыныстық көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың қасиеттері, белгілері жақсы сақталады.
Дескриптор:
- өсімдіктердегі жыныссыз көбеюдің маңызына баға береді.
5-ші жұп-Жануарлардың жыныссыз көбеюі
Жыныссыз көбею жануарларда бүршіктену (губкалар, ішек қуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді.
Жыныссыз көбею гаметалардың түзілуінсіз, бір клеткалы және төменгі сатыдағы ағзалардың бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, сондай-ақ әрі қарай жеке өмір сүруге қабілетті спора түзу арқылы жүзеге асады.
Бөліну арқылы бір жасушалы азғалар көбейеді. Әр дарабас өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жасушаларға бөлінеді. Клетканың бөлінуінің алдында ДНҚ-ның репликациясы болып өтеді. Көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас жасушалар түзетін бинарлы бөліну байқалады. Бұл жолмен бактериялар, көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір бір жасушалы балдырлар (мысалы, евглена) бөлінеді. Жыныссыз көбею түр санының өсуіне ғана емес, сондай-ақ қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтап қалуға да көмектеседі. Адамдарда бір жұмыртқалы егіздер эмбриондық даму кезінде- бір зиготаның екіге митоздық жолмен бөлінуінен пайда болады. Тіршіліктің даму процесінде Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерте пайда болған.
Дескриптор:
- жануарлардағы жыныссыз көбеюдің маңызына баға береді.
Топтық жұмыс. Топта митоз үдерісі арқылы жасушалардың түзілуінің дұрыс сызбасын көрсетіңіз.
Дескриптор:
- аналық және еншілес жасушаларды дұрыс анықтайды;
- митоз, цитокинез және репликация үдерістерін дұрыс көрсетеді;
- аналық және еншілес жасушалардың хромосома жиынтығын біледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?