Өсімдіктің өсуіне гормондардың әсері. Зертханалық жұмыс «Ауксиндердің тамырдың өсуіне және дамуына әсерін зерттеу». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Келісінді

ӘБ «Биология»жетекшісі

___________

Сабақ: Координация және реттелу

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні: ___ ____ 2019

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбаева А.С.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктің өсуіне гормондардың әсері.

Зертханалық жұмыс «Ауксиндердің тамырдың өсуіне және дамуына әсерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • 9.1.7.6 - өсімдіктердің тіршілігіндегі олардың өсуіне әсер ететін заттардың әсерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

 Нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп ауксиндердің өсімдік тіршілігіне әсерін зерттей алады

Көптеген оқушылар орындай алады:

тәжірибе кезінде байқалған үдерістерді түсіндіріп бере алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жүргізілген тәжірибеге бағасын береді және алған білімдерін өсімдік шарашылығында қалау қолдануға болатыны туралы ұсыныстар береді

Бағалау критерийлері

  • зертханалық жұмыстың мақсатын, болжамын анықтау;
  • зерттеу жұмысының орындау ретін сақтай отырып жұмысты толық орындау;
  • тәжірибе кезінде бақыланған процестерді түсіндіру және нәтижесі бойыншақорытынды жазу;
  • жұмыс парақшасын толтыру, нітиже боыйнша кесте сызу;
  • жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Ауксиндердің тамырдың өсуіне және дамуына әсерін зерттейді (зерттеу дағдыларын дамыту).

ксилема, осмос, адгезия, транспирация, сутектік байланыстар, капиллярлық, тамырлық қысым, лигнин, лептесік, борпылдақ ұлпа, бағаналы ұлпа, мезофилл, суб-лептестік кеңістік, булану, кіреді, таралады, көтерілу, үздіксіз ағын, өсу гормондары, ауксин, гиббереллин, өсуді күшейткіштер, фитогормондар, синтетикалық алмастырғыштар, өсімдік шаруашылығы,

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

……өсімдіктің бойында ол жеткіліксіз болған жағдайда ……әсер етеді.

Барлық гормондардың әсері олардың концентрациясына байланысты

Экзогенді гормондарды қосу толығымен табығи гормондардың орнын алмастыра алмайды. Гибберилллинннің әсерінен сабақтың өсуі жылдамдайды.

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастыққа шықыру, еңбек пен шығармашылыққа баулу, өмір бойы оқу

ИКТ қолдану

Видео анимация

Бастапқы білім

Оқушылар заттар тасымалы үдерісіне тартылған өсімдік бөліктерінің тани біледі (7-сынып). Ксилема мен флоэманың құрылымын түсіндіре отырып, сабақ пен тамырдың құрылымын біледі (7-сынып).

Бұл тараудың тақырыбы химиямен байланысты –гормондардың құрылысы және қызметі, фототропизм, минеральды және органикалық заттардың тасымалы;

физикамен – жарықтың табиғатын түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 - 5

Ұйымдастыру сәті. Жағымды көңіл-күйді орнату

Өткен тақырыпты қайталау/еске түсіру: (Cлайд1) сыныпты 4 топқа бөлу, әр топ өткен тақырыпты қайталау мақсатында тапсырмаларды жылдамдыққа орындайды:

  • Тақтада берілген суреттерге сипаттама беру
  • Берілген терминдерге анықтама беру

Ауксин, абсциз қышқылы, гиббереллиндер, цитокининдер, этилен. (слайд2)

Мұғалім оқушылардар сабақ тақырыбын және оқу мақсатын анықтауды сұрайды

PPT

6 – 12

12 - 32

33 – 38

T) тақтада мұғалім «Дейін және кейін» суретін көрсетеді. Оқушылар ауксин сабақтың қай бөлігінде түзілетінін анықтайды, сабақтың ұшынан төмен қарай қалай қоғалатынын, қалай әсер ететінін, және қалайша сабақтың майысуына себеб болатынын мұғалімнің көмегімен анықтады. Слайд3)

Видеоны қарау

(Е) (G) Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тіршілігіндегі олардың өсуіне әсер ететін заттардың әсерін зерттеу». Материалдар мен жабдықтар:

  • Бидай тұқымы (жүгері, арпа, сұлы)
  • 1 %-тік гетероауксин ерітіндісі
  • Дистилленген су
  • Сынауықтар (6 дана)
  • Шприцтер 1 и 10 см3 көлемінде
  • Петри табақшалары (6 дана)
  • Фильтр кағазы
  • Пинцет
  • Штатив

Жұмыс барысы:

1.Нөмірленген сынауықтарда Кесте № 1 берілген үлгіге сәйкес ауксин ерітінділерін дайындайды.. Тәжірибе үшін белгілі ауксин концентрацияларын пайдаланады.

2.Пробиркаларға сәйкес нөмірленген бес Петри табақшасына фильтр қағазының шеңберін орналастырып, тиісті ерітіндіні құйяды.

3.Табақша түбіне пинцеттің көмегімен бірдей арақашықта 10 дана бидай тұқымын орналастырыңыз. Табақшалардың бетін қақпағымен жауып 25 °С температурадағы жылы жерде бір апта сақталады.

4.Тамырланудың бәсендеуін не жылдамдануын бақылайды

5.Кестені толтырып, алынған нәтижелерге негізделе отыра график құрастырады

(I/G) Оқушылар мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.

  • Ауксиндердің әсерінен жасушалардың ұзарып өсуінің механизімі қандай?

2. «Қышқылдық өсу» дегенніміз не? Оның ауксининдуцирленген өсуден айырмашылығы қандай?

3. Экзогенді ауксиндер қандай концентрацияда жасушаның ұзарып өсуін ынталандырады?

4. Ауксиндердің концентрациясы аса жоғары болған жағдайда өсу үдерістерінің тежелуі немен байланысты?

Қабілеті жоғары оқушылар тәжірибенің нәтижесіне қосымша баға беріп, алған білімдерін өсімдік шаруашылығында қалайша қолдануға болатынын әңгімелейді.

Ауксиннің өсімдіктің өсуіне әсері туралы анимациялық фильм ағылшын тілінде https://www.youtube.com/watch?v=v93g_g5r3Cw

Практикалық жұмыстың парағы Қосымша1

Ағылшын тілінде ауксин туралы ақпарат https://goo.gl/0yOkw6

немесе

Қосымша 2

Қосымша 3

39-40

Оқушылар жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастырады

Сабақтың оқу мақсатына қайта оралып, мақсатқа жетті немесе жетпегенін, гипотезаның расталғанын немесе расталағанын талқылайды.

Рефлексия. «Үш сұрақ»

Үй тапсырмасы: Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут. БИОЛОГИЯ, т. 2, 255бет

https://vk.com/doc-133146806_439018236

Қосымша 4

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Тіршілік қызметі қауіпсіздігі

АТК байланыстар

Барлық оқушылар нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп ауксиндердің өсімдік тіршілігіне әсерін зерттейді.

Көптеген оқушылар

тәжірибе кезінде байқалған үдерістерді түсіндіріп береді.

Кейбір оқушылар жүргізілген тәжірибеге бағасын береді және алған білімдерін өсімдік шарашылығында қалау қолдануға болатыны туралы ұсыныстар береді.

Тақырыпты қарастыру кезінде химия, фзика пәндерімен байланыс болады.

Оқушыларға кестенің негізі, тақтадағы суреттер, презентация, фидеофрагменттер беріледі.

ИКТмен байланысы:

Сабақтың басында тәжірибеге қатысты видео көрсетіледі

НЗМ құндылықтарымен байланысы:

Тірі ағзалармен (колеоптил) жұмыс жасау жауапкершілікке шақырады.

Жұппен жұмыс барысында бір-бірімен ынтымақтастықта болуға тәрбиелейді.

Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады.

Қарым-қатынас дағдылары әріптесімен жұмыс және сұрақтарға жауап беру арқылы дамытылады.

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Формативті бағалау сабақ басында процестерді сипаттау, темндерге анықтама беруден басталады.

Сәтті орындалған тәжірибелердің көп бөлігі оқушылардың нұсқауларды нақты сақтау ептілігінің көрсеткіші болады.

Оқушылардың қабілеттері сабақ басындағы, барысындағы және соңындағы мұғалімнің қосымша сұрақтары арқылы тұрақты бағаланатын болады.

Жұмыс парағы арқылы мұғалім бағалайды.

Рефлекция

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді?

Оқыту ахуалы қандай болды?

Жоспарланған саралау тиімді болды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпылама бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі аспекті (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу