Қол бұлшық еттерінің максимальды бұлшық ет күші және күшке төзімділігі. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Қозғалыс

Мектеп: ХХБ НЗМ Өскемен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Имашпаева Г.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қол бұлшық еттерінің максимальды бұлшық ет күші және күшке төзімділігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу

9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Қол бұлшық еттерінің максимальды бұлшық ет күшін және күшке төзімділігін зерттеу

Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу

Оң қол мен сол қолдың күшін салыстыру

 Бағалау критерийлері

 Дағдылар:

түсіну, білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар, талдау, бағалау

  • Қол бұлшық еттерінің максимальды бұлшық ет күшін зерттейді;
  • Қол бұлшық еттерінің күшке төзімділігін зерттей алады;
  • Қол бұлшықеттерінің күшін салыстырады;
  • Айнымалыларды анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология: көлем, болжам, энергия, оттегі, көмірқышқыл газы, бұлшық еттер, аэробты, анаэробты, сүт қышқылы.

Оқытудың тілдік мақсаты: тыныс алу жиілігі физикалық жаттығу ұзақтығынан неге өзгеретіндігін түсіндіру үшін болжам құруға топта жұмыс істей (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары) алады. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қалыпты жағдайда қол бұлшықеттерінің жұмысы .... болады. Мен физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі …себебі ..... Бұның себебі … ... ... байланысты. Егер физикалық жаттығулар саны ұлғайса, онда … ... ..... Физикалық жаттығулар ұзақтығы артқан кезде, біз … ... ... болатынын байқадық.

 Құндылықтарды

 дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, дені сау ұрпақ- ұлттың болашағы.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілінде терминдерді кіргізу және қысқа мәтіндермен жұмыс. Бұлшықет жұмысын анықтау үшін математикалық формуланы қолдану. Аэробты және анаэробты тынысалудың химиялық реакция теңдеуін пайдалану. Графиктер құру арқылы физикалық, математикалық білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Адамның тыныс алу жүйесінің құрылымы (8.3C бөлімі)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

- Ұйымдастыру.

  • Ағзалардың қозғалысы қалай жүзеге асады?
  • Қозғалысқа не қатысады?
  • Не себепті бұлшықеттер шаршайды?
  • Бұлшықеттің шаршауын қалай түсінеміз?
  • Сабақтың мақсатын анықтау;
  • Оқушылармен бірге сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.

презентация

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

4-5 мин

6-20 мин

21-30 мин

31-50 мин

51-75

Қайталау

  • Қозғалысқа қандай ұлпа қатысады?
  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ата?
  • Қаңқа бұлшықеттері қандай ұлпа түріне жатады?
  • Қаңқа бұлшық еттерінің қасиеттерін талдау.
  • Қол бұлшықеттерінің жұмысы қалай жүзеге асады?

(М) Қолдағы бұлшықет күшін зерттеу үшін қолданылатын әдісті оқушылармен бірге талдау.

(Ж) Оқушылар жұмыстың жүру барысымен танысады.

(Ж) Жұмыстың мақсатына қарай болжамдарды анықтайды.

(С) жұмыстың тәуелді және тәуелсіз айнымалылары анықталады

(Жж) Оқушылар практикалық жаттығуды орындайды және мәліметтерді өңдеуге назар аударады

(Жж) Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне оның жұмысының тәуелділігін зерттейді

(Жж) Оқушылар шағын зерттеулер нәтижесінде алған мәліметтерді кестеге жинайды.

(Т) Мәліметтер топта талданады.

(Ж) (Жж) Жұмыс парағында берілген тапсырмаларды орындайды.

(Т) Мұғалім анаэробты және аэробты тыныс алумен байланысты қажу ұғымымын түсіндіру керек.

(Ж) Зерттеу қорытындысын жазады

Слайд 4-7

https://twig-bilim.kz/kz/film/skeletal-muscles

Жұмыс парағы

Қысқыш, секундомер

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

76-80 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Бүгін нені түсіндің:

-Сен үшін тақырып қаншалықты маңызды:

-Сабақта неден қиналдың:

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;
  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.
  • Зертханалық жұмыстың қабілеті жоғары оқушыларға арналған екі нұсқасы бар, таңдау құқығына ие.

Қабілеті орта оқушылар:

  • Мәтін оқудағы «Түртіп алу» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;
  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;
  • Орта деңгейдегі Зертханалық жұмыс парағы ұсынылады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар;
  • Мұғалімнің қолдауы;
  • Орта деңгейдегі зертханалық парақ.
  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;
  • Оқушылар өзара бағалайды;
  • Жұппен бағалау жүргізеді;
  • Зертханалық жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;
  • Зертханалық жұмысқа жазбаша кері байланыс беріледі.

  • Оқушылар зертханалық жұмыста уындайтын қауіп қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу