Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі. Биология, 9 сынып, презентация.


Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі.

Оқу мақсаты:

9.1.7.4 - нейрогуморалды реттелудің механизмін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

- реттелу түрлерін анықтайды; 

- реттелу жүйелерінің белгілерін зерттейді: жүйке немесе гуморальдық.

- жүйке және гуморальдық реттеу арасындағы өзара қатынасты орнатады.

- жүйкелік және гуморальдық реттелу жүйелері туралы мәлімдемелермен салыстырмалы кесте толтырады.

Білімдерін өзектендіру

Тапсырма1: реттеудің түрін анықтаңыз.

Реттелу жүйке жасушаларымен жүзеге асады.

Реттелу электр импульстары мен медиаторлар арқылы жүзеге асады.

Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді.

Биологиялық белсенді заттар көмегімен жүзеге асады.

Бұл реттелу басқасына қарағанда баяу жүзеге асады.

Энергияның көп мөлшерін қажет етеді

Топтық жұмыс

Тапсырма 2: реттелу жүйелерінің белгілерін зерттеу : жүйке немесе гуморальды.

Ара әдісі

Оқушылар 6 адамнан тұратын топтарда оқу материалдары бойынша жұмыс істейді, олар фрагменттерге бөлінген. Таратпа материал сыныпта ілінген. Содан кейін, түрлі топтардағы бірдей сұрақты зерттейтін оқушылар берілген сұрақ бойынша сарапшылар ретінде кездеседі және ақпарат алмасады. Бұл «сарапшылар кеңесі» деп аталады. Содан кейін олар өз топтарына оралады және топтың басқа мүшелерімен өздері үйренген жаңа ақпараттармен бөліседі. Олар, өз кезегінде, тапсырманың өздеріне берілген бөліктері туралы баяндайды (бір араның тістері сияқты).

Бағалау критерийлері:

атаудың шығу тегі;

эволюциялық жасы;

сигналдың берілуі – электр;

сигналдың берілуі – химиялық;

реттелу жолы;

әрекет аймағы;

әсер ету ұзақтығы.

әрекет ұзақтылығы

Жұппен жұмыс

Тапсырма 3: сиырдың лактация физиологиясы мысалында нейрондық және гуморальдық реттеу арасындағы байланыс орнатыңдар.

Бағалау критерийлері:

лактация физиологиясының реттелуінің сатыларын дұрыс көрсетеді;

гуморальдық реттелудің өзара байланысының реттілігін дұрыс сипаттайды;

Жеке жұмыс

Тапсырма 4:

жүйкелік және гуморальдық реттелу жүйелерін салыстыру кестесін толтырыңыз.

Бағалау критерийлері:

жүйке және гуморальдық реттеудің компоненттері дұрыс реттілігімен жазылған;

екі реттелу жүйелерінің арасындағы негізгі айырмашылықтарды және жұмыс қағидаларын тізеді.

Рефлексия «Үш М»

Сабақта жақсы нәтиже көрсеткенен үш мезетті атаңыз және келесі сабақта өз жұмысынызды жақсартатын бір әрекетті ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу